Сабақтың түрі: аралас сабақ Негізгі ұғымдар: амплитуда, температура



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі2,5 Mb.
#29678
түріСабақ
  1   2

  Пәні:

География Күні:

Сынып: 6

Тақырыбы:

Ауа температурасы және температураның температураның тәуліктік, айлық, жылдық өзгерісі

Мақсаты:


Ауа температурасын өлшеу, температураның тәуліктік, айлық, жылдық

өзгерісінің болу себебі және амплитуданы есептеу жолдарын үйрету.



Сабақтың түрі:

аралас сабақ

Негізгі ұғымдар: 

амплитуда, температура

Күтілетін нәтиже

Ұғымдармен танысады, амплитуданы есепту жолдарын үйренеді.

Кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдас-тыру

Оқушылармен амандасу.

Түстермен топқа бөлу



Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу. 

Білу


Балалар біз өткен сабақтарда Жердің күнді айнала қозғалысы кезіндегі әр түрлі жағдайлармен таныстық. Енді мына сұрақтарға карточкалармен жауап береміз. Көк карточка – 22 желтоқсан, қызыл карточка – 22 маусым, жасыл карточка – 21 наурыз, сары карточка – 23 қыркуйек.

Сұрақтар:

1.Солтүстік тропикте күн қашан дәл төбеде тұрады? - 22 маусым

2.Оңтүстік тропикте күн қашан дәл төбеде тұрады? - 22 желтоқсан

3.Қашан күн экваторда дәл төбеде тұрады? – 21 наурыз

4.Солтүстік жартышардағы ең ұзақ күн? - 22 маусым

5.Оңтүстік жартышардағы ең ұзақ түн? - 22 желтоқсан

6.Күзгі күн мен түннің теңелуі? - 23 қыркүйек

7.Оңтүстік жартышардағы полярық түн? - 22 маусым

8.Солтүстік жартышардағы полярық түн? - 22 желтоқсан

9.Екі жартышардағы күн мен түннің теңелуі? - 23 қыркүйек,

21 наурыз

10.Көктемгі күн мен түннің теңелуі? - 21 наурыз

Бағалау: 5-6 дұрыс жауап – 3,

7-8 дұрыс жауап – 4,

9-10 дұрыс жауап – 5.

Сәйкестендіру тесті


Сұрақтарға жауап бере отырып, ұпай жинайды




Сергіту сәті



Жайған жастық сөгілді, Көзге ілінбейді,
Аппақ мамық төгілді. (Қар) Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)

Түсіну



Ең алдымен кіріспе сұрақтар қояды: 1) Ауаның тікелей күн сәулесінен қызбайтыны неліктен?   2) Биіктеген сайын температура қалай өзгереді?

Кейін бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтап, келесі жоспар бойынша жаңа тақырыпты меңгере бастайды:

1.Амплитуда ұғымы.
2.Ауа температурасының тәуліктік ауытқуының маңызы.
Температураның тәулік ішінде өзгеруі жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады.

Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.

Тәуліктік орташа температураны табу үшін өлшеулердің нәтижелерін қосып бақылау санына бөледі.

Тәуліктік орташа температура дан айлық орташа температура есептелінеді.

Ауа температурасының өзгеру себептері.

Ауа температурасының өзгеруі жылдық және тәуліктік болып екіге бөлінеді, ал өзгеру себептерін күн сәулесінің түсу бұрышы, жер бетінің жамылғы ерекшеліктеріне байланысты және жыл мезгіліне байланысты үшке бөлуге болады.

1. Ауаның жер бетінен жылынуы. Ауа температура- сының тәуліктік өзгерісі.

2. Тәуліктік және айлық орташа температуралар.

3. Ауа температурасының жылдық өзгерісі. Көп жылдық орташа температура.

4. Ауаның температурасын өлшеу. 



Мұғалімнің сұрақтарына жауаптары: 1) Күн сәулелері ауадан кідіріссіз өтіп кетеді де, ең алдымен Жер бетін, кейін ауа қабаттарына таралады. 2) Биіктеген сайын ауа температурасы төмендейді.

Кейін мұғалімнің бағыттауы бойынша тақырыпты меңгеруге кіріседі:

1. Оқушылар келесілерді анықтап жазып алады: Әрбір 100 м биікке көтерілген сайын температура 0,6°С төмендейді. Тәулік ішіндегі ең төмен температура күн шығар алдындағы уақыт. Ауаның тәулік ішіндегі ең жоғары температурасы түстен 2-3 сағат кейін байқалады. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең тқменгі температуралардың айырмасын Т.Т.А дейді.

Амплитуда – латын тілінен аударғанда кеңдік, жайылушылық деген мағына береді.

Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температуралар айырмасын тәуліктік температура амплитудасы дейді. Тәуліктегі ең жоғарғы +300С, ең төменгі+200С. Амплитуда 100С.

+300С – (+200С) =100С

Егер ең жоғарғы+100С, ең төменгі-100С. Амплитуда 200С.



Мыналарды түсініп, еске сақтайды: Темепетаруаның тәулік ішінде өзгеруі Жердің өз білігінен айналуына, соған сәйкес күн сәулесінің түсу мөлшерінің өзгеруіне байланысты болады. Тәулік ішіндегі ауа температурасының ауытқуы қысқа қарағанда жазда үлкен. Неғұрлым төмен ендіктерден жоғарғы ендіктерге барған сайын температураның тәуліктік амплитудасының мөлшері азая береді.

Мысалы: сағ 1 де +5 0С, 7 де -20С, 13 те +100С, 19да +90С, тәуліктік амплитуда:5 0С,-20С+100С+90С=22.

+220С׃4=+5,50С

Мыналарды анықтап еске сақтайды: температура- ның жыл ішіндегі өзгерісі Жердің Күнді айналу жолындағы орнына байланысты.

Мыналарды анықтап жазып алады: Ең жылы ай мен ең суық айдың орташа температураларының айырмасы ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы деп аталады. Әр айдың көп жылдық орташа температураларының негізінде жылдық орташа температуралар есептеп шығарылады.



Келесілерді анықтап жазып алады: Ауаның температурасы термометрмен өлшенеді.  

Қолдану

Әр топ жеке жұмыс жасайды




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет