Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


-Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын және тасымалдың өзара айырмашылықтарын атаңыз



бет14/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
18-Буын (силлабизм). Буынға тән белгілер, оның дыбыстық құрамы, түрлері. Буын құрамының өзгеруі. Буын және тасымалдың өзара айырмашылықтарын атаңыз.
Буын -ауаның кілт үзілуінің не кедергіге ұшырауының нәтижесінде пайда болатын жеке (дауысты) дыбыс, не дыбыстар тобы. Буынға тән белгілер:1. Буын болу үшін оның құрамында дауысты дыбыс болуға тиіс, және оның саны бір буында біреуден артық болмауы тиіс 2. Буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің әрбір буыны лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп қалады.Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны - ат (түбір), екінші буыны - ты - сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны - лар- көптік жалғау жалғау, төртінші буын - ға – септік жалғау. 3. Тіліміздегі байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, не жіңішке буынды болып келеді. Қазақ тілінде жуан және жіңішке буынды (аралас буынды)орыс және өзге тілдерден енген сөздер кездеседі.4. Буындар қос дауыссыздан басталмайды.5. Бас буыннан басқа буындар дауыстыдан басталмайды.6. Дауыссыз дыбыс буын бола алмайды. 7. Сөздердің айтылуындағы буын саны мен жазылуындағы буын саныәрқашан бір бірімен сай келуі шарт емес.Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы:спорт,пункт,спектр, спринт.Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын,4 ) дыбыс немесе фонема.A.Байтұрсынов Тіл тағылымы эңбегінде бір сөздің ішінде бірнеше буын болатынын көрсете келіп мәселен,ат деген сөзде бір ақ буын бар; а-тадегенде екі буын бар; а-та-лардегенде үш буын бар деп ажыратады. Сонымен қатар, А.Байтұрсынов сөз буын санына қарай бір буынды, үш буынды, төрт буынды онан көбі көп буынды сөз деп аталады деп буын түрлерін осылайша көрсеткен.Сөзді айтқанымызда өкпеден келген ауа толқыны үзілместен тұтас шықпайды, үзіліп - үзіліп шығады.Өкпеден келген ауа толқынының осылайша,үзіліп бөлініп шығуы сөздегі дыбыстардың жоғарыда көрсетілгенше, жіктелуімен сабақтас болады.буынның түрлері дауысты дыбыстың қай орнында тұратынына қарай айрылады. Қазақ тілінің байырғы сөздерінде мынадайбуындар бар:1. Ашық буын2. Тұйық буын3. Бітеу буынБуында бір ақ дыбыс болып, өзі дауысты дыбыс болса, не екі дыбыс болып алдыңғысы дауыссыз дыбыс болса, ашық буын дейміз. Мысалы: о-тан, ақ-ын, са-на-лы т.б.Дауысты дыбыстын басталып,дауыссызбен аяқталған буындыОл туйық буын дейміз. Мысалы: ел, ай, аң, ық т.б.Екі жағы дауыссыз дыбыс болып,ортасы дауысты дыбыстан құралған буынды бітеу буын дейміз.Сөздің жуан жіңішкеліг Қазақ тілінде дауысты дыбыстардың е-ден басқалары жұп –жұбымен жуанды-жіңішкелі болып келеді.Алфавитімізде дауыстылардың жуанына бір әріп,жіңішкесіне бір әріп алынған, тек у, и дыбыстарының жуаны мен жіңішкесі бір-ақ әріппен таңбаланады.Сөздің жуан я жіңішке болуы ішіндегі дауысты дыбыстардың жуан жіңішкелігімен байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет