Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Омоним мен оның түрлерін, ерекшеліктерін зерделеңіз



бет13/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
17.Омоним мен оның түрлерін, ерекшеліктерін зерделеңіз.
Омонимдер (гр. homos – біркелкі, onyma – есім) — шығуы жағынан да, мағына жағынан да басқа-басқа, айтылуы және жазылуы бірдей сөздер.Омоним сөздерді көп мағыналы сөздерден ажырату қажет. Өйткені бұлардың үйлестігінен гөрі айырмашылыктары көбірек. Қазақ тілінде ат деген түрде біріне-бірі байланысы жоқ, екі-үш түрлі сөз бар.Ат – жұмыс көлігі;Ат – есім, атау;Ат – етістік (бұйрық рай).Бұлар — жеке-жеке үш сөз. Бұл сөздердің арасында өзара мағыналық ешбір байланыс жоқ, тек айтылулары ғана бірдей. Осы сөздердің әрқайсысы өз алдына көп мағыналы сөз. Мысалы, ат: біріншіден, жалпы көлік; екіншіден, жылқының үйірге түспейтін еркегі; т. б. мағыналары бар. Мұнда тек дыбыстық үндестік қана емес, мағыналық байланыс бар. Ал, алғашқы келтірілген ат деген үш сөзде дыбыстық бірлестік қана бар мағыналық байланыс жоқ.Омонимдердің бірнеше жасалу жолы бар:1)көп мағыналы сөздердің семантикалық жақтан дамуы негізінде; Мысалы, жал а) жануарлардың желкесіндегі қыл; ә) ұзыннан созылып жатқан белес, қырқа;2) сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауы арқылы; Мысалы, ер сөзінің бастапқы дыбысталуы егер болса, тілдің дамуы барысында ерге айналған.3) сөзге омонимдес қосымшалар (-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе) мен -ыс, -іс, -с; -ық, -ік, -к жұрнақтары) жалғануы арқылы туынды Омоним пайда болған. Мысалы, баспа а) газет, журнал, кітап басып шығаратын мекеме; ә) тамақ ауруы; қорық а) мал жайылатын жер; ә) үрейлену, зәресі ұшу;4) басқа тілден енген сөздердің төл сөздермен бірдей дыбысталуы негізінде жасалады. Мысалы, Қыдыр (хызыр) – араб сөзі, қазақ тіліндегі ел қыдыру мағынасындағы етістікпен сәйкес. Омонимдер мағынасы мен жасалу жолдарына қарай лексикалық, лексика-грамматикалық және аралас болып үшке бөлінеді.Омоним түрлері:1)Лексикалык2)Лексика-грамматикалық3(Аралас
Лексикалық омонимдер-бір сөз табына жататын және қосымшалары дабір-бірімен омонимдес болатын омонимдер Дәрі -1.Емдеу үшін қолданылатын зат2.Оқ ішіндегі тұтандырғыш затЛексика-грамматикалық омонидер-құрастырушы сыңарлары әр түрлі сөзтабына жатып, формалары да әр түрлі омонидер-Ет-1.Сойылған малдың бөлшектелген мүшесі 2. Істеу, қылу, жасау Аралас омонидер-Омонимдердің бірінші екі сыңары бір сөз табынан,келесілері әр сөз табынан жасалған омонидер1. Адам баласының қоректік заты, тағамы2.Асты деген мағынада3.Тамақ пісіру, әзірлеу4.Бір жерден екінші жерге өту, тауды, белесті асу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет