Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Қазақ тіліндегі фразеологизмдер, негізгі белгілері, олардың зерттелу тарихын зерделеңіз



бет21/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша
Ежелгі Түркі мәдениеті-melimde.com
33. Қазақ тіліндегі фразеологизмдер, негізгі белгілері, олардың зерттелу тарихын зерделеңіз.
Фразеология деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады.Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы деген ұғымда қолданылады.Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің тұтас жиынтығы дегенді білдіреді.Фразеология жеріне жеткізе зерттеліп біткен ғылым деп айтуға болмайды.Мұның шешілмеген даулы мәселелері өте көп. Сондықтан да соңғы жылдарға дейін мұны жеке пән ретінде арнайы зерттеушілер тым аз болды. Көбінесе лексикалық қор ретінде сөз байлығы деген топқа жатқызып, лексиканың көлемінде тексерумен шектеліп келгендігі мәлім.Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар.Олар: 1. даяр қалпында жұмсалу белгісі2. мағына тұтастығы 3.тіркес тиянақтылығы
1.Фразеологизмдердің даяр қалпында жұмсалу белгісі еркін сөз тіркесімен салыстырғанда айқын байқалады.Оның сыртқы құрылым- құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады. Ешкімнің ырқына көнбей, даяр тұрған құрылыс материалы ретінде қызмет етеді де,сол қалпында сөйлемнің құрылымына енеді.Демек, фразеологизмдердің даяр қалпын сақтай отырып қолданылуы оның еркін сөз тіркестерінен ерекшелігін білдіретін белгілердің бірі екенін көреміз.
2.Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі – мағына тұтастығы.Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді.
3.Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан.Өзара тығыз жымдасып орналасқан сөздердің жігі ажыратылмай тұрады. Олар бір – бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруға я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді.
34. Тілдегі әр түрлі фонетикалық құбылыстар, сөз басы, сөз ортасы, сөз соңындағы дыбыстық құбылыстар туралы айтыңыз
.Ж—Дыбыстық құбылыстар – сөз құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Мұның бәрі де айтуды жеңілдетуден‚ жат сөздерді бастықтырып‚ дыбыстық игеруден туады.
Протеза (грек‚ prothesіs – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыс қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін қажет. Қазақтың төл сөздері й‚ у‚ р‚ л үнділерінен басталмайтыны белгілі. Тілімізге енген кірме сөздер осы дыбыстардан басталуы әбден мүмкін. Оларды бастықтырып өзіндік ету (игеру) үшін алдарынан дауыстылардың бірін қойып айту керек болады.Эпитеза – протезаға қарама-қарсы‚ сөздің соңынан дыбыс қосылуы: акт(і)‚ такт(і)‚ факт(і)‚ аспект(і)‚ проспект(і)‚ диалект(і)‚ банк(і)‚ танк(і)‚ митинг(і)‚ фонд(ы)‚ шланг(і)‚ шрифт(і)‚ штамп(ы)‚ рейтинг(і)‚ кемпинг(і)‚ контакт(і).Эпентеза (гр. epenthesіs – қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының кірігуі. Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп‚ айтылуына орай жазылатын бөрене (бревно)‚ жеребе (жребий)‚ кереует (кровать)‚ көпене (копна)‚ кінәз (князь)‚ пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар осының айғағы.Апокопа (гр. apokope – апшу) – сөз соңындағы дауыстының түсіп қалуы: анкет‚ газет‚ контор‚ минут‚ пар‚ секунд‚ фанер‚ шахмат‚ координат‚ шпал. Орыс тілінде бұлардың соңында а‚ ы дыбыстары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет