Ж «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»



Дата17.06.2018
өлшемі79,5 Kb.
#42575
Сандықтау орта мектебі


Орындаған: Кажигалиева М. А.

Қазақ тілі әдебиет мұғалімі

22.12.2016ж

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл»
Арада жылдар өтіп, уақыт озсада ұлтымыздың көк өрім шыбығын, тәуекелге бас байлаған жас қайратын, желтоқсанда ызғарына тоңдырып, аязына қарыған, кешегі тоталитарлық жүенің содырлы саясатының қанды іздері содан әрі өше қойған жоқ. Жүректері елім деп, жерім деп соққан көк қанат балғындардың тар қамытқа, темір бұғауға көнбей аласұрған асау бұлқынысы міз бақпайтындай көрінген алып империаның тас қабырғаларын қақыратқандай болды.

Екі жарым ғасыр бойы отарлаудан темір гүрзісі санасын сансыратып есеңкіреткен, өзінің арада күйінен, тәкәппар болмысынан ажырай бастаған қазақ рухы тағы да бір бұлқынғандай болды. Баяғы бұла күш, тұмса мінез, қайнаған жігер, асау рух қайта оралғандай. Тарихтың қаралы беттеріне айналып үлгерген, желтоқсандағы бұл тегуірін мен жігерге толы қайратқа, асау мінезге кешегі Кеңестер Одағы деп аталатын ел елең етті, бүкіл әлем құлағын түрді. Бұл ұлы дүбір – қазақ деген елді, оның асқақ рухын әлемге паш етті. Әй дер әже, қой дер қожа болмай, жетпіс жылдай жарты әлемге өз өктемдігін,үстем мінезін көрсетіп келген, ақ дегені, алғыс, қара дегені қарғыс болып, жатқызып, өргізіп дегені болып келген қызыл империаның қайта құру жылдарындағы демократияны бет-перде еткен алдамшы табиғатын, жылтыр саясатын бір-ақ күнде айпарадай қылған да осы дубір.

Көзіне дайыр қамшы тиіп, қарғалақтап басыр болып көрмеген,орны басылмаған қазақ жастарының қарағайға қарсы біткен бұтақтай мінез болмысы еді осы шындықты бүкіл әлемге әшкере қылған.

Мен ақсұңқар құстың сайы едім,

Шамырқансам тағы кетермін.

Мен қарағайға қарсы біткен бұтақпын,

Бұлтқа жетпей шарт сынған! – деп, шамырқанған ұлттың ұландарының бұрқ-сарқ еткен алапта толқындай, толқыған теңіздей, теңселткен дауылдай ашу мен ызаға толы тегеуірінді серпіні еді. Бұл серпін кешегі мызғымастай көрінген алып империаның шаңырағын шайқалтып, түндігін желпілдетіп-ақ жіберіп еді.

Тарихта ұқсас құбылыстар мен оқиғалар бола береді ғой. Соның ішінде өзінің тарихи мән-маңызы жағынан ұқсас екі көтеріліс бар. Біріншісі – болғанына тоқсан жылдан асып бара жатқан 1916 жылғы әйгілі ереуіл болса, екіншісі – жастардың ұрандап шыққан 1986 жылғы желтоқсан қозғалысы. Екеуінде де империаның темір гүрзілерііске қосылып, халықты аяусыз басып жаныштаумен ел есінде қалды. Тарих жадында, ұлт санасына қанды бет, қаралы күй, ауыр трагедия болып мәңгілікке бедерленді. Марғау ұлт санасын сілкіндіріп, серпілтіп өр рухты еселеген ерлік тарихы ретінде де үлкен әріптермен жазылып қойды.

1916 жылғы бүкіл қазақ халқын қамтыған ұлт-азаттық көтерілісі өзінің объективті, ғылыми тұрғыдан таразыланып, зерделенген саяси бағасын алуы тиіс. Бұл жерде ешқандай сөзбұйдалыққа салыну қажет емес.

2007 жылы Страсбургте өткен бір кездесуде толеранттылық қасиеті туралы айта келіп, еліміздің бір ресми өкілі: «Біз тарихымызды оқытқанда ұлт-азаттық көтерілістер туралы, еліміздің тарихында болған трагедиялар туралы айтпауға тырысамыз. Өйткені олар «адамдарды лаңкестік әрекетке ұмтылдыруы мүмкін» - деп түйіндепті.

Бұны қалай түсінеміз?! Апырмау, ұлтымыздың асқан жігер-қайратын, елшілдігін, отаншылдығын, потриоттық асқақ рухын ұлт-азаттық күрестің тарихы арқылы танытпағанда, қалай танытамыз, ендеше?! Бұл мәңгүрттікке алып бармайды ма ?!

Үндінің мемлекет, қоғам қайраткері Д.Неру: «Отар елдің тарихы неге нанымсыз болады? Өйткені отаршылдаржазады» - деп айтқан болатын. Олай болатын болса біз өз тарихымызды өзіміз зерделеп, тарихтың ащы жақтарынан бұлталақтамай шынайы шындықты айта білуіміз қажет. Шындық қашанда ащы ғой!

Қазақ тарихында халқымыздың империаның темір ноқтасына көнбей, асау мінез көрсетіп, бұлқиған сәті – 1916 жыл.

1916 жылғы 24 маусым күні патшаның қолы қойылған ІІ Николайдың жербақан премер – Министрі Штюрмердің қазақтың 19 бен 31 жастың аралығындағы жастардың майданның қара жұмысына («на окопные работы») алу туралы бұйрығы халық басына жай түскендей әсер етті. Жалпы Орта Азия мен Қазақстан 400 мыңдай адамды майданның қара жұмысына алу көзделген. Мұны қазақтар «қара малай» деп атаған.

Бұл жарлыққа қарсы Тоғай, Ақмола, Орал, Семей және Жетісу облыстарының өкілдері арнайы мәжіліс өткізген. Бұл мәжілістің шешімін дайындауға Ә.Бөкейханов, М.Дулатұлы, О.Алмасұлықатысып, мәжіліс хаттамасының үш бөлімінде патша үкіметі шешімінің асығыстығы, халық мүддесіне қайшылығы ашып көрсетілген. Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған бұл үлкен қозғалысты – Жетісу облысында Ж.Мамбетов, Ұ.Саурықов, С.Қанаев, Қ.Шорманов, Қ.Құдайбергенов, Т.Бокин, Б.Ашкеев; Торғай облысында Ә.Жанбасынов, А.Иманов, Ә.Жангельдин, К.Нұрмұхамедұлы; Ақмола облысында Ә.Майкөтов, Ж.Жарқынұлы;Бөкей даласында С.Меңдешев; Ақтөбе облысында Б.Алманов; Сырдария облысында Т.Рысқұлов; Орал облысында Ә.Әйтиевтер басқарды.

Ақмола және Семей облыстарындағы көтерілісшілерге қарсы генерал Ягодкин бастаған 12 атты әскер жүздіктері, 11 жаяу әскер роталары жіберілді. Ақмола, Семей, Орал обылыстарындағы бас көтерулер үлкен қарулы көтеріліске ұласқан жоқ. Бұл өңірлерді Сібір, Орал, Қазан округтарының әскерлері мұқият бақылап отырды. Түркіменстан, Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтеріліске қарсы күштердіСырдария облысының губернаторы генерал-лейтинант А.С. Мадритов басқарды.

Көтерілістің ең күшті ошағы Торғай мен Жетісу болды. «Қазақ ССР тарихында» 1916 жылғы көтеріліс Торғай өңірімен Жетісу өңірінде ерекше күшті етек жайды» - деп көрсетілген. Торғай өңіріндегі көтеріліс бүгінгі Ақтөбе және Қостанай облыстарының жерін алып жатқан сол кедегі Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерінің жерін қамтыған. Көтерілісшілердің саны 50 000 ға жеткен. Көтерілісті басу үшін генерал Лаврентев басқаратын арнаулы жазалау экспидициясы жасақталды. Мұның құрамында Қостанай, Ақтөбе, Торғай, Ырғыз жасақтары мен қазақ жасақтары болды. Арнайы жасақталған экспидициялық жазалаушы корпустың құрамында 17 жаяу әскер ротасы, 24 қазақ-орыс жүздігі 18 зеңбірегі, 17 пулеметы болды.

Жетісудағы көтерілістің ірі ошағы – Қарқара аймағындағы Ереуілтөбеде болды. Патша үкіметінің тарихи құжаттарында «Албан көтерілісі» деп аталған бұл көтеріліс тарихқа «Қарқара» көтерілісі деген атпен енді. (М.Әуезовтың «Қилы заман» повесті мен С.Шариповтың «Албан – Бұғы» әңгімесінде осы тарихи шындық көркем өрнектеледі.

1916 жылғы тамыздың 10 күні генерал-губернатор Куропаткин бүкіл Жетісу облысы соғыс жағдайында деген төтенше шешім шығарады, соғысқа жарамды переселен орыстар мен казак-орыстарғы барлығы 15 200 адамға мобилизация жарияланды.

Бұл жазалаушы күштің құрамына Ташкеттен алдыңғы зеңбірегі мен пулеметы самсап тұрған полковник Гейциптің екі жарым мың адамнан құралған жасағы, Прежевальскиден ротмистр қарамағында орыс переселендерімен құралған жаяу әскер тобы, пулемет командасы, өзіне тікелей бағынатын казак-орыс жүздігі – барлығы 300 адамға жуық қарулы күші, Верный (Алматы) мен Жаркент қаласындағы орналасқан бесінші және алтыншы казак-орыс (казачье) полктары (4500 адам) кірді. Бұл күшке облыстан мобилизацияланған 15 000 жасақ қосылды. Осындай мұздай темір құрсанған жазалаушы күшке Түркістан Өлкелік генерал-губернаторы, генерал-лейтинант Куропаткин өзі тікелей қолбасшы болып бекітілген. Қазақ қолдары осындай 20 000 ға жуық көк темір құрсанған қарулы күшке беттей алмай бала-шағалары мен Қытайға өтуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер аямай кескілесе күрескен. Жетісу облысының губернаторы генерал Фольбаум өлке басшысына тамыздың 20- күні жіберген жеделхатында Қарқара шайқасы туралы: «.... атака восставших была настолько яростной, что несмотря на пулеметный огонь они бросались на атаку» - деп үрейлене баяндаған.

Генерал Фольбаум уезд бастықтарына берген бұйрығында: «Бүлікті тез басу үшін әскерлер қозғалысқа қатысқан бір болыс елдің әлденеше 100 адамның бірден қырып салып, көрсеткені дұрыс болады» - деп атап көрсеткен.

Сол кездердегі шағымдармен хабарламаларды оқып отырып, жазалаушылар іс-әрекетінен жаның түршігеді. 1916 жылдың 14 тамызындағы хабарламада: «Верный уезінде алғашқылардың бірі болып ботпай болысы көтерілді.Хорезмий Александров өз жүздігімен 10 тамыз күні Торғаптың теріскей бетіндегі далада елді қуып жетіп, үш ауылды түгел қырып салды. Қоныстарын өрттеп, малын айдап әкетті» - деп жазды. Торғай уезінің қазақтары жазалаушылар әрекеттері туралы шағымда: «Уезд бастығының көмекшісі қырға шыққан кезінде бізге адам айнықсыз зәбір көрсетті, 100-ден астам адамды өлтірді. Олардың көбі әйелдер мен балалар еді. Оған қоса келіншектер мен қыздарды жәбірледі. Бірнеше қыстауларды өртеді.

Қосғалысты басуға Түркістан, Омбы, Қазан, Пермь әскери округтерінде құрылған әскери құрамалар, казак-орыс әскерлері қатысты.

Көтерілісшілерге қарсы құқықтық, әкімшілік жазалау шаралары кеңінен қолданылып, Торғай облысындағы түрмелерге 3 мыңнн астам адам қамауқа алынды. Оларға қарсы соғыс уақыты заңымен үкім шығарылды.

Шу өзені мен Ыстықкөлдің төңірегін жайлаған 200 мың қазақтар мен қырғыздар таулы, тасты Нарын жеріне көшіріліп, босаған жерлерге орыс шаруалары қоныстанды. Көтерілістің мықты ошағы болған 2954 десятина жері бар,түп-орнымен жайылған үш елді-мекенге 200 орыс отбасы орналастырылған.

Бұл көтерілістің шығу себебі тек қана патша жарлығы болмаса керек, оның түпкі объективті себеп-салдары да ғасырлар бойғы жер мен суын, қонысын тарылтқан патшаның шектен тас отарлау саясаты, Столыпиндык реакцияның ауыр езгісі болатын. Міне, тарихқа айналған алапат көтерілістің бір ұшығы осындай еді.

Енді күні кешегі оқиға болса да, болғанына жиырма жылдан асып бара жатқан әйгілі желтоқсан қозғалысына оралсақ.

Жалпы ұлтымыз үшін бұл ай өткен тарихқа көз жүгіртсек киелі қастерлі ай болып табылатынын байқаймыз.

Дәл осы айда 1905 жылы қазақ зиялылары Оралда бас қосып, патша манифесінен кейін, болашақ думаға депутаттар сайлау мәселесін қозғап, ұлттық мұрат-мақсаттарды көздейтін партия құру жоспарланып, ұлт зиялысы Бақытжан Қаратаев қазақ конституциялық-демократиялық партиясын құрды. Келесі оқиға Қоқан қаласында өткен Төтенше төртінші құрылтайы 1917 жылғы желтоқсанның 10-ында Түркістан Автономиясын Жариялады. Кеңес тарихында ол Қоқан Автономиясы деп аталады.

Енді бір ғаламат оқиға Екінші жалпықазақ құрылтайында 1917 жылғы 12 желтоқсанда Қазақ (Алаш) Автономиясының құрылуы.

Алаш зиялылары ұстанған алаштық идеяның негізгі өзегі-ұлттық мемлекеттік болды. Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов: «Мемлекеттігі жоқ халық-жетім, жетекшіл халық»-деген болатын.

Бүгінгі Қазақстан Республикасы кешегі алаш орыстары аңсаған алаштық идеяның іске асқан көрінісі деп те бағалауымызға болады.

Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынынде» атты еңбегінде Алашорда үкіметіне байланысты «Қазақ халқы өзінің басты мақсаты-ұлттық мемлекеттігін қайта қалпына келтіруге нақты мүмкіндік алды,» -деп жазды. (Тарих толқынында, 175 б.)

Бұл оқиға даелдік тарихымыздағы жарқын беттердің бірі еді. Тарих беттеріне мәңгілік жазылып қалатын, ел есінен кетпейтін ерекше трагедия болып қалатын, сонау Сырым Датұлы, Жанқожа, Есет, Бекет батырлар, Кенесары-Наурызбай бастаған ұлт-азаттық көтерілістері, 1916 жылғы әйгілі көтеріліс және қазақ тарихындағы 300 ге жуық көтерілістермен тарихи тамырлас, сабақтас 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі екені анық. Ресми кеңестік баспасөздерде желтоқсан оқиғасы деп қана аталатын бұл қозғалысты ең алғаш шетелдік сарапшылық көтерілісі деп бағалаған болатын. Желтоқсандағы дүниені дүр сілкіндірген үш күн (16,17,18 желтоқсан күндері). Желтоқсан көтерілісі деген атпен тарихқа еніп отыр. Оған да міне биыл 22 жыл толып отыр.Мұрағат құжаттардың сөйлетсек дүниені дүр сілкіндірген сол үш күнде алаңға алпыс мыңдай адам шыққан екен. Солардың 8000 қамауға алынса, 200 әртүрлі мезгілге түрмеге жабылған. 1500 адам әкімшілік жазаға тартылған. Қаншама отбасы қайғы мен қасірет жамылған.

Бұл көтеріліс өзінен өзі пайда болған жоқ. «Алашорда» қозғалысынан бастап бірде «Үлкен Түркістан», бірде «Жас тұлпар», бірде «Талап», бірде «Жас қазақ», бірде «ЕСЕП» (елін сүйген ерлер партиясы), бірде «ҚҰҚ» (қазақ ұлтын құтқару) сияқты ұйымдардың заңды жалғасы еді.

Желтоқсанда атойлап теңдік сұрап, алаңға жиналған сол бір көк өрім қазақ жастары қазақ ұлтының кемесі ұлы перзенттері Әлихан Бөкейханның, Ахмет Байтұрсынның, Мыржақып Дулаттың, Мұхамеджан Тынышбайдың, Жаханша Досмұхамбеттің, Халел Досмұхамбеттің, Мұстафа Шоқайдың ізбасарлары емес деп кім айталар еді?!

Желтоқсан көтерілісінің «Алаш» партиясының құрылған күнімен және алаш желтоқсан айында келуіне ғажап қала отырып, бұл жай орайластық, кездейсоқ құбылыс емес, осы ойдың ұлт тарихындағы ерекше бір қасиеттілігін айғақтап тұрса керек.

Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды жазалау сол күні-ақ басталған: ұрып-соғу, темір торға тоғыту, итке талату, резеңке сойыл жұмсау, газбен алқылау үздіксіз жүрген.

Желтоқсан қозғалысына байланысты құрылған үкіметтік Коммисия қортындысынан мынадай сөздерді оқимыз.

«... ССРО Ішкі істер министрі А.В. Власов СОКП ОК Саяси бюросының келісімін ала отырып, Алматыға еліміздің сегіз қаласынан әскер әкелуге бұйрық берді. Қазақ ССР Мемлекеттік Хауіпсіздік комитетінің төрағасы В.М. Мирашниковтің өтініші бойынша, СССРО Мемлекеттік Хауіпсіздік комитетінің бұйрығымен құрамында 600 адам барАлматы жоғары командалық-шекаралық әскерлік училещесінің курсанттары алаңға әкелінді. ССРО Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Б.И. Елисовтың бұйрығымен 20 өрт сөндіру машинасы қолданылды. Шеруге шыққандарды қуып, тарату жөніндегі шешімдер Қазақ ССР КП ОК –нің бірінші хатшысы Г.В. Колбин, екінші ханшысы О.С. Миролихин, Қазақ ССР Ішкі істер министрі Г.Н. Князев және Қазақ ССР Хауіпсіздік комитетінің төрағасы В.М. Мирионниктермен кеңесе отырып, Орталықтың нұсқаумен қабылдады. Демонстранттарды қуып тарату жөніндегі бұл әйгілікті бұйрықты Князев берді. Осы бұйрық Алматыдағы жаппай тәуелсіздіктің бастауына түрткі болды. Шерді басу, одан кейінгі жазалау шаралары Орталық өкілдерінің тікелей басшылығыммен жүзеге асырылды.

Жастар өздерінің саяси талаптары жазылған орысша-қазақша жазылған транспоранттарын көтеріп, «Менің Қазақстаным», «Елім-ай», «Туған ел» атты әндерді шырқап тұрды. Қазақтың талантты ақыны Жұмекен Нәжімеденов сөзіне әйгілі композитор Шәмші Қалдаяқов шығарған «Менің Қазақстаным» әнін сол бір желтоқсанның ызғарлы күндерінде алаңда жігерлене шырқаған жастар оның бір кездері Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік әнұранына айналарын білді ме, сезді ме екен?!

Ташкенттен, Новосибирскіден осындай «ішкі тәртіпсіздіктерді» басу үшін құрылған арнайы мақсаттағы әскери отрядтар алдырылды.

Қазақстан Орталық Комитетінің хатшысы О.Миранхиннің бұйрығы бойынша кәсіпорындардың басшылары жұмысшылардан (негізінен славян нәсілімен) қарулы жасақтар ұйымдастырып, олардың қолына бейбастақ жастарды тәртіпке келтіру үшін зауыттарда арнайы жасалған темір, арматура таяқша, шоқпарлар берілді.

Бұл бұйрық пен шаралар да 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістеріне қарсы патша генерал-губернаторларының орыс қарашекпенділерін қаруландырып, жасақ құруын іске салады.

Коммисияның қорытындысында 99 адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған: Қазақ ССР Жоғарғы соты – 11, Алматы қалалық соты -7 адамға үкім шығарды. Өлім жазасына -2, бір жылдан он бес жыл аралығында бас бостандығынан -83, еңбекпен түзеу жұмысына -3.Жазаға тартылғандардың 23-і әйел, 5-і кәмелеттік жасқа толмағандар екен. Одан басқа 707 адам әкімшілік қамауға алынса, 1400 адамға ескерту жасалып, 53 адам партиядан шығарылды. Партиялық тәртіп бойынша 210 адам жауапқа тартылса, 758 адам камсамолдан, 266 студент оқу орындарынан қуылды, ал 1164 адам комсомолдық сөгіс алды. Оқиғаға қатысты бар 319 адам жұмыстан шеттетілді. Тізім осылай жалғаса береді. Қаншама тағдыр бүлініп қайғы мен қасірет жамылды. 37 жылғы қуғын мен сүргін қайта оралғандай болды. Бұл көтеріліс те әлдекімдердің астыртын ұйымдастыруымен болған емес, тамыры тереңде жатқан объективтік себеп- салдары бар көтерілііс еді.

Ол себептердің бастылары «халықтар лабораториясы» аталған елде тілдің құлдырап кетуі, ұлттық сананы, рухты сансырату, намысын аяққа басу, қазақ жерін попмопндарға айнаолдырып, атам аждаһасының аузына тастау, Арал, Балқаш сияқты экологиялық апатты аймақтар қалыптастырып, экологиялық сүргін жасау,тың жерлерді жыртып тастап, қазақ даласының экожүйесін бұзып, экосанасын құрту, қалаларда қазақтарды тіркеуді шектеп, ұлттық кемсітушілікке орын беру, өнеркәсіп пен техника салаларына қазақтарды жолатпау сияқты адам құқығын бұзу,ұлттық жұмысшы табының пайыздық деңгейде өте төмен болуы саналы қазақ жастарын ашындырды.

Қазақ жастарын жазалауда тек орталық өкілдері ғана емес, өз еліміздің, өз ұлтымыздың да лауазымды тұлғалары сырт қалған жоқ. Әрине олардың көпшілігі сол кездегі саяси-әлеуметтік жүйенің тұтқыны, ықпалында болып, өздері де жүйе құрбандары болды. Әйтсе де сол кед\здегі заңсыз бұйрықтарды ойланбастан атқарып, саяси жүйенің көзсіз орындаушылары болған Қазақ ССР КП ОК-нің Бюро мүшелері С.Мұқанов, М.Меңдібаев, З.Камалиденов, Рыбников, мзаң, сот саласының қызметкерлері Э.Басаров, Ғ.Елемесов, Т.Айтмұханов, А.Мызников, В.Волтунов, И.Тетеркин, Г.Шулико, А.Хмызов, Ю.Ежков, В.Долженков, Е.Грабарник, Н.Нұрабаев, М.Төлегенов іс- әрекеттернін мроальдық- адамгершілік өлшемдерінің қандай тезіне салып, ақтап алуға болады екен?! Әрине, барлығына үкімді әділ сот, қатал сыншы тарих соты айтарына сенеміз. Тарихта еш нәрсе ұмытылуы, жадыдан өшуі мүмкін емес!

Барлық мерзімді басылымдар, теледидар,радио, партия, кеңес органдарындағы басшы кқызметтегілір оқиға ұлтшылдық көрінісі деген баға беруі СОКП ОК өздерінің бұл қаулысы асығыс шығарылғанын мойындап, басқаша баға беріп, жауапкершіліктен құтылып шықты. Халықтан кешірім сұрау ниетін байқатқан да жоқ. Өткенге салауат айта отырып, тарих бұған да өз үкімін шығаратынын білеміз.

Желтоқсан көп нәрсенің бетін ашты.Шындық деп ұйып жүргеніміздің жалған екеніне көз жеткізді. «Қазақстан- халықтар достығынаың лабораториясы» деп ұрандап жүрген әдемі сөзіміздің шынайы табиғатын ашып, оның жалғандығын айпарадай қылды.

Желтоқсанның тағы бір сабағы ол қазақ қоғамының іштей тұтасқан,бірегей жүйе емес екндігін байқатты. 1916 жылғы көтерілісте, Алаш қозғалысында халық, қоғам өзінің бастаушы көсемдерімен бірлікте,қоян-қолтық күресте олардың жанынан табылса, 1986 жылғы желтоқсан қозғалысында ұлт өзінің бірегейлігіндігінен ажырағандығын, тұтасқан жүйе екендігін көрсете алмады. Ұлттық идентификация (бірегей) тетігі жоқ екендігін көрсетті.

Жастар алңда олғай да бұлағай күй кешіп жатқанда, аға буын, орта буын осы үдерістен (процесс) сырт қалды. Жастар тағдырдың қатал да талайсыз соқпағында өзімен-өзі қалды.

Желтоқсан қоғамдық санаға үлкен сілкіністер әкелді. Ұлттық мойынсұнбау қозғалысы қала қазақтары мен жасөспірімдердің арасында белең алып, оның ұйытқысы шығармашылық зиялыларының арасында, әсіресе, ақын- жазушылар ортасында қалыптасты. Сол кездерде Мәскеу мен Ленинград оқу орындарында оқып жүрген «орыс тілдес» қазақ жастары арасында зара қазақша сөйлеуге серт берілді. Ұлттық сана өлшеусіз өсті.

Желтоқсан қозғалысына батыс ғалымдары ерекше мән беріп, зерттеу еңбектер жазды. Олар қозғалысты ұлттық көтеріліс есебінде жоғары бағалады. Шетелдік авторлар Рен Канья, Мишель Жан, Уве Гальбах, М.Олкот, Ш.Акинер, А.Беннинкен, В.Конолли, Э.К. у Анкос, Б.А Браун өз еңбектерінде желтоқсан қозғалысының сыр-сипатын объективті тұрғыда бағамдауға тырысты.

Француз тарихшылары Рене Канья мен Мишель Жан көтерілістің шығу себептері Д.Қонаевты қорғаудан емес, үздіксіз жүргізілген славяндардың Қазақстанды отарлауынан және Кремльдің халықтың этникалық бірегейлігін жоюға бағытталған жымысқы саясаты кінәлі дейді.

У.Гальбахтың тұжырымдауынша Алматы оқиғасына көбінесе «кеңестендірудің жетістіктері», «ұлт мәселесінің шешілгендігі» сияқты көптеген жылдар бойы әлем жұртшылығын сендіруді көздеген қиял (иллюзия) кінәлі.

У.Гальбах көтерлістің маңызы халықты кеңес шындығына, әсіресе, ондаған жылдар бойы уағыздалып келген «халықтар достығы» деген даңғазаға басқа көзбен қарауға үйретуінде; Кеңес Одағында «ұлттық мәселенің түпкілікті шешілгендігі» ьуралы лепірме сөздердің екі-үш күннің ішінде күлінің көкке ұшуында деп түйіндейді.

Жалпы алғанда, желтоқсан қозғалысын Батсытық қауым ұлы оқиғалар қатарына қосады. Б.А.Браун оны «Тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам» десе, Ш.Акинер «Қазақтардың ұлттыұ сана- сезімінің ең биік деңгейі» деп бағалады.

Көтерлісті басып жаншудағы аса қатігездік прогрессивті Еуропа қоғамының заңды ашу- ызасын тудырды. АҚШ, Батыс Германия, Польша, Чехославакия, түркия, Иран сияты елдердің мемлекет қайраткерлері мен қоғамдық ұйымдар Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы Қайрат Рысқұлбек шығарылған үкімді тоқтатуды талап етеді.

АҚШ президенті Рональд Рейган өзінің 1987 жылы 19шілде күні «Езілуші ұлттар аптасына» байланысты жариялаған мәлемдемесінде қазақ халқының 1986жылғы ұлттық тәуелсіздік үшін күресін ерекше атап өтеді.

Сөз соңында айтарым тоқсан жылдан асып бара жатқан 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен жиырма жылдан асып бара жатқан желтоқсан көтерілісінің тарихи-генетикалық тамырластығы, сабақтастығы байқалады. 1916 жылғы көтерілістен кейін іле-шала патшалық Ресейдің тамыры шайқалып, патша тақтан құлайды. Империя құлап оның арты азамат соғысына ұласады. Дүниеде біріне-бірі қарама-қарсы екі саяси жүе орнайды. Монархия кемеске кетеді.

1986 жылғы желтоқсаннан кейін «Қызыл имерияның» шаңырағы шайқалып, Бакуде, Твилисиде, Кишиневте, Вильнюсте қанды уақиғалар болып, тәуелсіздікке ұмтыла бастайды. Мұның арты Кеңестер Одағының ыдырауына әкеліп соғады. Онымен қоймай Шығыс Европадағы социолистік жүйенің іргесін сөгіп бұл халықтар да тоталитарлық жүйені күл талқанын шығарып, азаттық алды. Міне желтоқсаннан бастау алған ұлы миссия өзінің нәресіне осылайша жетеді.

Желтоқсан бізге қандай сабақ берді?! Одан қандай қортынды түйін жасауға болады?



Ең алдымен бұл қозғалыс біздің ұлттық ішкі тұтастығымыздың жоқ екенін көрсетті. Жастардың қоғамның өгей баласы емес, оның ең саналы, белсенді, албыртты, қуатты күш екендігін байқатты. Тіл, ұлт, рух, дін мәселесіне салғырт қарамау керектігін, қай қоғамда болмасын ұлттық құндылықтардың әрдайым басым болуын (приоритеттігін) назардан үнемі шығармау керектігін үйретті. Жеке адам құқығын, димократиялық құндылықтарды аяққа таптамау керектігін ескертті. Қоғам мен билік, билік пен халық арасындағы үйлесімділікті келісімді, бірлікті үнемі сақтау қажеттігіне қол жеткізді. Халықтар достығын жалған популизм, даңғаза саяси ұрандар арқылы емес, шынай, табиғи қарым-қатынастар арқылы, әр халықтың құндылықтарын қадірлей отырып, шын мәніндегі симбиозды (жарасымды) қоғам орнатуға төзімділікке (толеранттылыққа) үндеуіміз қажет.

Осының барлығына желтоқсан оқиғасынын бағамдап, саяси тұрғыдан баға беріп, зерделегенде көзіміз жеткендей болды. Ал енді бүгінгі таңда осы желтоқсан көтерілісінің сабақтарынан біз қазіргі таңда не түйдік?! Қоғамдық дамуымызды басшылыққа алып қорытынды шығарып бағамдай алдық па?! Осы қозғалысқа саяси бағасын дұрыс бере алдық па?! Сол кездегі көтерілген саяси талап-тілектер, ұлттық мұрат-мақсаттар, мүдделерге зәрулік жоқ па?! Күн тәртібінен қазіргі күнде түсті ме?! Осындай күрмеуі мол сауал сұрақтар алдағы күндерде де мазалай берері хақ. Ақырып теңдік сұраған жастардың арасынан ерекше қайрат жігермен белсеніп шыққан Қайрат Рысқұлбеков пен Ләззат Асановалардың есімдері халық жүрегінде мәңгі каһарман бейнесінде қалып, олардың іс-әрекеттері қазіргі жастарымызға бағыт-бағдар, шамшырақ болып, жігер мен рух беріп, күш-қайраттарын еселей берер деп сенеміз! Өткенге салауат айта отырып, бүгінгі ісімізге береке тілейік! Әманда аман болайық!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет