Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Негізгі сөздік қор мен оның басты белгілерін анықтаңыз



бет20/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

31. Негізгі сөздік қор мен оның басты белгілерін анықтаңыз.
Негізгі сөздік қор – тілдің негізін құрайтын, сөздік құрамның қалыптасуы мен сөзжасамда маңызды рөл атқаратын, жалпыхалықтық сипатқа ие бір буынды сөздер. Негізгі сөздік қордың жалпы саны аса көп емес. Қазақ тіліндегі Негізгі сөздік қорға енетін тұлғалар көне дәуірден жалғасып келе жатқан барлық түркі тілдеріне ортақ сөздер. Мысалы, ал, ар, ас, ана, отыр, бар, мен, бес, жан, жас, т.б. Осы тұрғыдан Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Негізгі сөздік қорға тән басты белгілер: а) тұрақтылық; олар тұлғалық және мағыналық жағынан тұрақты болады. Негізгі сөздік қор — сөздік құрылымның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы шығу арналарының ең маңызды бөлігі. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сөз кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді. Қазақ тілінің негізгі сөздік қорының құрамы біркелкі емес. Оның негізінде түркі тілдеріне ортақ байырғы сөздер жатыр. Бұлар көбінесе бір буынды көп мағынапы сөздер: тау, көл, жер, тас, үй, күн, тун, ай, жыл, айт, бар, кел, жүр, сен, мен, ол, бір, екі, уш, төрт, көк, ақ т. б. Сонымен бірге негізгі сөздік қорға ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтың байырғы төл сөздері кіреді. Мысалы,• туыстық атаулар: ата, ана, қарындас, нағашы, жиен, бөле, құда, құдағи, жеңге;• мал атаулары: түйе, жылқы, сиыр, бота, құлын;• хайуан атаулары: қасқыр, түлкі арыстан, қоян, қарсақ;• ағаш атаулары: қайың, қарағай, мойыл, емен, тобылғы, шырша;• киіз үй атаулары: шаңырақ, туырлық, кереге, уық, бақан;• жұмыс құралдарының атаулары: күрек, балта, балға, ұршық, құрық, пышақ, біз;• сапалық, сындық, атаулары: жақсы, жаман, жеңіл, ауыр, қатты, жұмсақ, жылы, суық т. б.
32. Алмасу туралы дыбыстар сәйкестігі туралы баяндаңыз.
Дыбыс алмасуы (Альтернация (лат. alternatio - алмасу) - дыбыстардың алмасуы (қазақша оқу- оқып, айту- айтып)) — сөйлеу кезінде, не тілдің тарихи дамуы барысында сөз ішіндегі бір дыбыстың басқа дыбысқа айналуы. Қазақ тілінде, негізінен, дауыссыз дыбыстардың алмасуы көп ұшырайды. Дыбыс алмасуы фонетиканың заңдарына сәйкес алмасу және тарихи алмасу болып екіге бөлінеді.Дыбыс алмасуының алғашқы түріне көрші дыбыстардың әсерімен болған алмасулар енеді:• тіл алды н дауыссызы б, п дыбыстарының алдында келсе, м дыбысымен, қ, к, ғ, г дыбыстарының алдында келсе, ң дыбысымен алмасады: көмбіс (жазылуы көнбіс), түңгі (жазылуы түнгі), т.б.;• қ, к, п дыбыстарының біріне аяқталған сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанса, аталған дауыссыз дыбыстар өздеріне сәйкес ұяң дауыссыздармен алмасады: бақ — бағы, көк — көгілдір, шап — шабу, т.б.;• ызың дауыссыздар да ауызекі сөйлеу кезінде бірін-бірі алмастыра береді: шашшыз (жазылуы шашсыз), жұмышшы (жазылуы жұмысшы), тұссыз (жазылуы тұзсыз), т.б.;• егер сөз ы дауыстысына аяқталып, оған у сонанты жалғанса, езулік ы дауыстысы еріндік ұ дауыстысымен алмасады: сылы + у (айтылуы сылұу, жазылуы сылу), т.б.
Дыбыстар бірімен-бірі бейберекет алмаса бермейді. Түркі тілдерінде бір-бірімен алмасатын дыбыстардың ежелден қалыптасқан жүйесі бар. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдеріндегі бас деген зат есімнің соңындағы с өзбек, ұйғыр, қырғыз, таатр, түрікмен тілдерінде баш болып, ш дыбысымен айтылады. Қазақтағы тыңда етістігін өзбек, ұйғыр, қарақалпақ тілдерінен тынла деген үлгіде ұшырастырамыз. Бұдан с-ш, л-д дыбыстарының алмасуында нақтылы жүйе бары айқын байқалады. Осы сияқты а-ә, б-п, қ-ғ, д-т, ч-ш, т.б. көптеген дыбыстардың алмасуында да қалыптасқан жүйе бары белгілі. Қазақ диалектілеріне де осы жүйе ортақ. Қазақстанның біраз жерінде сортаң, теңдік болып айтылатын сөздердің оңтүстік өңірде шортаң, теңлік деген нұсқада айтылуы — осының дәлелі. Түркі тілдерінің түп төркініндегі ортақтықтың сырын ашудың басты бір кілті осы дыбыс алмасуы заңдылығында жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет