Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Синонимдер мен оның түрлерін зерделеңіз



бет15/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

19.Синонимдер мен оның түрлерін зерделеңіз.
Синоним (гр. 'synonymos' — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әртүрлі, мағынасы жақын сөздер.Тілдердің дамып жетілуі, оның сөз байлығынан, оралымдағы синонимдерінің молдығынан көрінеді. Синоним ретінде жұмсалатын мәндес сөздер тобы синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп аталады. Синонимдік қатар құрамындағы мағыналық тұрғыдан ұйыстырып тұрған сөзді тірек сөз не доминант дейміз.Синонимдік қатарға енген сөздердің мағыналық тұрғыдан айырмасы болады. Мысалы, құлшыну — белсену, соғыс — ұрыс, жабу — кілттеу сөздерінің мағыналық салмағы әртүрлі.Синоним сөздерді үш түрлі белгілері арқылы тануға болады:мағыналық реңк (бала — перзент, ұстаз — мұғалім);стильдік реңк (еліру — желпілдеу, ақсақал — қария);сөз қолданысындағы реңктер (өмір — ғұмыр, биік тау — бойшаң адам).Синонимдер мынадай жағдайларда қолданылады:мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді қайталамау үшін;бір ұғымды түрлі белгілермен жан-жақты сипаттау мақсатында;мағыналас екі сөз қатар келсе, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын плеоназм дейді. Мысалы, заңғар биік тау, құр бекер жүру;Синонимдер фразеологизмдерде кездеседі. Мысалы, Бармақ шайнап, сан соғып, құсамен өткен өмір ғой — бұл да бір.Сөздің орнына оның жеке түсінігін перифраза тәсілімен сипаттау арқылы; Мысалы, Астана деудің орнына Қазақстанның астанасы;Мағынасы жағымсыз сөздерді эвфемистік тәсілмен жұмсартып, жеңілдетіп айту. Мысалы, өлді — о дүниелік болды, қартаю — жасы ұлғаю, т.б.Стилистикалық синонимдер — стилистикалық жағынан ерекшеленетін синоним сөздер.
20.Екпін (акцентуация) және оның түрлері, бунақ-ритмикалық топ, сөз ішінде тұрақты, тұрақсыз түрлерінің ұқсастығы мен айырмашылықтарын атаңыз.
Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз.Қазақ тілінде екпін сөздің сонғы буынына түседі.Бұл-бізге мектептен таныс қағида.Екпін түскен буын басқа буындардан негізгі үш түрлі тәсіл арқылы ажыратылады. 1)Буынның біреуі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы арқылы ажыратылады. Екпіннің мұндай түрі лебізді екпін немесе динамикалық екпін деп аталады.2) Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы (высота тона) арқылы ерекшеленіп, дауыс шымылдығының дірілінің жиілеуіне негізделеді. Екпіннің бұл түрі тоникалық немесе музыкальды екпін деп аталады.3)Басқа буындардың ішінен бір буын өзінің құрамындағы дауыстың созылыңқы айтылуы арқылы ажыратылады. Бұл квантативті екпін деп аталады.Екпін арнаулы бір буынға байланбай, ыңғайына қарай әр басқа буынға түсе беретін болса, ондай екпін жылжымалы екпін деп аталады. Мысалы, орыс тіліндегі екпін – жылжымалы екпін.Кейбір тілдерде, мысалы, түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады.Акцентуациялық жақтан жігі ажырамай, бір ғана екпінмен айтылып, ритмикалық бір бүтін топ құрған сөз тіркесінің құрамындағы екпін түспеген сөз екпінді өз бойына тартқан сөздің алдында тұрса, проклитика деп аталады да, соңында тұрса энклитика деп аталады. Жөн-жосық, кем-кетік, көл-көсір, мал-мүлік тәрізді қос сөздер мен ән салу, қол қою тәрізді сөз тіркестерінің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары дербес екпінге ие бола алмай, проклитикаға айналып тұр.Логикалық екпін. Сөзде белгілі бір буынның екпін түсіп, ерекшеленіп айтылатыны сияқты, кейде сөйлемде бір сөзге айрықша назар аударылып айтылатыны бар. Сөйлемдегі айрықша назар аударылып айтылған сөзде ой екпіні болады да, ол сөз басқа сөздерге қарағанда, ерекше әуенмен айтылады. Мұндай екпін логикалық екпін деп аталады.Екпін — сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні деп бөлінеді.Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы сөз екпіні деп аталады. Қазақ тілінде сөз екпіні, негізінен, соңғы буынға түседі. Мысалы: Бала далада ойнап жүр. Сөз ішіндегі екпін дауысты дыбысқа түседі.Ой екпіні — сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. Ой екпіні сөйлем ішіндегі сөзді бөлектейді. Мысалы: Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Айбек ерте тұрды. Ой екпінін түсіру арқылы нақтылау, дәлелдей түсу мақсаты көзделеді.Тіркес екпіні — бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы. Бұл көбінесе күрделі сөздерге, негізгі және көмекші сөздердің тіркесіне тән. Мысалы: мектепке дейін, әке-шеше, әдет-ғұрып т.б.Дыбыс екпіні — сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы. Мысалы: по-ой-па-ай, та-ма-ша! Дыбыс екпіні көңіл-күйін білдіретін сөздерді айтуда жиі қолданылады. Айтылуда сөйлеушінің эмоциясын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет