Фонетиканың ғылыми салалары (жалпы фонетика, жеке фонетика, сипаттамалы, салыстырмалы, тарихи т б) қызметі жөнінде айтыңыз


Ұғым мен сөз байланысын дәлелдеңіз



бет6/29
Дата09.02.2023
өлшемі73,63 Kb.
#168078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
лексикалогия казакша

9 Ұғым мен сөз байланысын дәлелдеңіз.
Ұғым — объективті нағыздық нәрселерін және олардың қасиеттерін көрсететін абстрактілі ойлау формаларының бірі.Ұғым — сөзбен ажырамас байланыста болады. Ұғым керінісінің тілдік формасы — сөз және сөз тіркестері. Адамның ойлау қызметінде ұғым мен сөз бір-бірімен қабысқан байланыста болады. Алайда оларды теңестіру қателікке соқтырар еді. Ұғым — ойдың логикалық формасы, ал сезоның тілдік-грамматикалық көрінісі. Кейде бір ұғым әр түрлі сөздермен берілуі мүмкін (синоним сөздер). Сонымен қоса мағынасы бір болса да, қолданылуына қарай түрлі мағынада, түрлі ұғымдарды білдіретін омоним сездер де болатыны белгілі (мысалы, "кілт" сөзі). Ұғымдар "есім" деп аталатын сөздер мен сөз құрылымдарында бейнеленеді және бекиді. Қарапайым есімдер, мысалы "құқық", "заң", "аңғалдық", "қатысу", ал киын есімдер — "демократиялық заңдылық", "аса қажеттілік", "қоғамдық демократиялық өзін-өзі басқару" және тағы басқа осы ұғымдардың материалдық, тілдік негізі болып табылады, бұларсыз ұғымдар да, олардың жасалу амалдары да қалыптаспайды.Сөздің ұғымнан айырмашылығы, ол барлық тілдерде әр түрлі: ал белгілі бір ұғым әр түрлі тілдерде де әр түрлі бейнеленеді. Сонымен қатар бір тілде де ұғым мен сөз тепетеңдігі болмайды. Мысалы, барлық тілде синоним сөздер мен омоним сөздер өмір сүреді.Ұғымдар тек шынайылықты дұрыс бейнелесе ғана дұрыс ұғым болады. Егерде бір ұғым болмысты дұрыс бейнелемей, бұрыс бейнелесе, онда ұғымның жалған болғаны. Жалған ұғым, мысалы, теория мен практиканың байланысы бұзылғанда пайда болады. Дұрыс ұғымдар адамдардың еңбек әрекетінен, еңбек үдерісінде құралып шығады: ондай ұғымдардың болмыстағы нәрселер мен құбылыстарға сәйкестігі адамның практикасымен тексеріледі.Айналадағы болмысты тани, біле отырып, адам нәрселерді бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын табады; талдау және жинақтау арқылы нәрселердің мәнін ашып береді, ойша олардың белгілерін бөліп алады. Ол белгілерді абстракциялап, жалпылайды. Нәтижесінде адамда болмыста бар нәрселер мен құбылыстар туралы ұғым қалыптасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет