Дәріс: Францияның мемлекет және құқығының дамуы.
1.Ұлы Француз революциясы және оның мемлекеттік-құқықтық маңызы. 2.Франциядағы азаматтық кодекс. 3.Екінші республика және оның заңамада және 1848 ж. Конституцияда рәсімделуі.
1789-1815 жж. кезеңде Европа ғаламдық өзгерістерге ұшырады: феодализмнің орнына оған қарағанда дамуы ілгері құрылыс – капитализм келді, ежелден келе жатқан монархиялық тақтар құлап, олардың орнын республикалар басты, жаңа мемлекеттер құрылды. Осындай әлемдік өзгерістердің бастауы Француз патшалығы болды. Осы бай да мықты мемлекетте 1789-1794 жж. революция орын алды. Бұл революция өзінен кейінгі барлық саяси-экономикалық құбылыстарға өз әсерін тигізді. Сол себепті оны «Ұлы» деп атайды. Ол феодализм және патшалық абсолютизмді құлатып қана қоймай сонымен бірге ғасырлар бойы адамзаттың арманы болып келген «бостандық, теңдік және бауырмалдыққа» негізделген әділ, құқықтық және демократиялық мемлекет құруға тырысты.
Достарыңызбен бөлісу: |