Оқушылардың өзін-өзі бағалауы.
Оқушылар үшін оның жетістіктерін бағалау ақпараты төмендегідей элементтерден тұрады:
Алға қойған мақсаты.
Берілген және қалыптасқан межелер (критерий).
Қазіргі қол жеткізген жетістіктер деңгейінің сипаттамасы.
Алдына қойған мақсаттары мен жеткен жетістіктерінің айырмашылығын түсіне білу.
Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі үшін:
Оқушылар өз жұмыстары мен оның қабілеті қалай бағаланатыны жайлы түсінігі;
Сын тұрғыдағы көзқарасты дамыту дағдысы;
Әділдікті дамыту;
Оқушылардың өз мақсаттарына зейіндерін шоғырландыруы.
Оқушылар өзін-өзі бағалау дағдыларын өз жұмыстарын сынау мақсатында қалыптастыру керек. ???????Бұл жағдайда ол өз жұмысының қиыншылықтарына қарамай, соны жеңгенін көре алады?????????. Осы арқылы оқушы өзінің жетістіктерін көре біледі.
Оқушының өзін-өзі бағалауы ұстаздың бағасымен сәйкес келуі керек. Өзін-өзі дәл бағалауға тәрбиелеу екі бағалауларды салыстыру арқылы қолданылады. Олар өткенді шолатын (орындалған жұмыстың бағасы) және болжамды (орындалатын жұмыстың бағасы) болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |