Бұл маңызды! Аналитикалық жұмысты жүргізу формативті бағалауда мақсат емес. Ол оқушылармен қисынды керi байланысты орнату үшiн негізгі кезең, сонымен қатар мұғалiмнiң қызметiне түзетулердi енгiзу және оқыту процесiн жақсартудың мақсаты болып табылады. 2.4. Керi байланыс. Керi байланыс - нақты әрекеттер, ахуалдар, даулы мәселелер арқылы мақсатқа жетуге бағытталатын түсiнiктердi алу және мәлімет беру процесі.
Формативті бағалаудың мәселелерін зерттеушiлер Брангерт Драунс, Кулик, Морган сонымен қатар Элдвар және Корнолар «формативті бағалау – кері байланыстың оқушылармен үзіліссіз ағыны», «оқушыға реттелген түсініктерді алу және өзінің кемшіліктерін сезінуге көмектесетін айқын, түсінікті ұсыныстар мен ары қарай ілгері ұмтылу үшін жеткілікті мәлімет жинайды» деп өз жұмыстарында атап өттi. Керi байланыс мұғалiмге оқыту процесі қалай жүретiндігі және оқушының табыстары мен кемшіліктері туралы мәлiмет бередi. Керi байланыс өзара сыйластық пен тiлектестiктiң атмосферасында өтуi қажет және оқушы үшiн дұрыс жауап қайыруға немесе қателердi жөндеуге уақыт берiлуі керек. ойлау Сонымен қатар қызмет бағыттарын ауыстыруға мүмкіндік береді.