Формативті бағалау әдістері



бет27/28
Дата07.02.2022
өлшемі94,95 Kb.
#88536
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
e28d1342-4f6e-11e4-973d-f6d299da70eeФормативті бағалау әдістері

Бұл маңызды!

  • Ұстаз оқушыларға жұмыстарының бағасының өлшемі жайлы және мақсаттарын үнемі еске салып отыруы қажет.

  • Өзін-өзі бағалаудың уақытын жоспарлау керек.

  • Сабақтың мақсатын таныстырып, оқушылар өздерінің мақсаттары мен бағыттарын дәл және айқын көре алуы үшін тақтаға, қабырға көрнекіліктеріне баға өлшемдерін көрсетіп қою керек.

Төменде топтық жұмыстың өзін-өзі бағалауының үлгісі берілген. Бұл үлгіні қолданар алдында мұғалім оқушыларға топ ішіндегі өз жұмыстарын өз бетімен бағалауларын ұсынады (№13 кесте). Үлгі оқушының топтағы өз жұмысын нақтырақ бағалап және оны мұғалімнің қойған бағасымен салыстыруына мүмкіндік береді.
Кесте №13

Аты __________________________ Уақыты_____________________________
Сыныбы______________________ Қызметінің түрі________________________

Сен топпен жұмыс істегенде төмендегі іс-әрекеттерді қаншалықты жиі атқардың? (топтық жұмыста сенің деңгейіңді нақты анықтайтын сөзді белгіле)



  1. Мен ақпарат алу немесе нақтылау үшін сұрақтар қойып отырдым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз пікірімді білдірдім.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың көзқарастарын (пікірлерін) тыңдадым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымдағы басқа оқушылардың айтқан пікірлеріне түсініктеме беріп отырамын.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен өз тобымның басқа мүшелерін талқыламаға қатыстыруға тарттым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Мен ұстазым немесе тобым тапсырған қызметті атқардым.

  • Ешқашан

  • Кейде

  • Жиі

  1. Топтық жұмыста маған ең қатты ұнағаны_____________________________ _________________________________________________________________

  2. Бұл топтағы жұмыстың ең қиыны, бұл________________________________

__________________________________________________________________

  1. Келесі топтық жұмыстағы менің мақсатым____________________________ _________________________________________________________________


Оқушы кестені толтырған соң топтағы өз қызметі жайлы қорытынды жасайды. Қажет болған жағдайда келесі жұмыстың мақсатын айқындайды.
№13 кестеде оқушының топтық жұмысы мен ондағы қызметі жайлы ортақ әсерлері белгіленеді. №14 кесте әрбір бөлімге сандық (цифрлық) белгі береді. Ұстаз «Болжаулы ұпайлар» бағанындағы ұпайларды өзі таңдайды. (мектептегі 5 ұпайлық бағалаумен шатастырмай, 10 ұпайлық жүйені қолдану тиімді). Егер оқушылар мен ұстаздың «Қорытынды» жолағында қойған бағалары 10 ұпайдан асса, онда қайшылық тудырмау үшін ұстаз қатысушылармен міндетті түрде әңгімелесіп, нәтижелерін талқылауы қажет.
Кесте №14

Қатысушылар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет