_______________________
|
Болжаулы ұпайлар
|
Алынған ұпайлар
|
Мен өзім
|
Ұстаз
|
Топтағы барлық өз міндеттерімді уақытында және сапалы орындадым
|
|
|
|
Топта берілген тапсырмаларды зейін қойып орындадым
|
|
|
|
Берілген тапсырмаларды орындау барысында басқа қатысушыларға көмектестім және ынталандырдым.
|
|
|
|
Басқаларды мұқият тыңдадым
|
|
|
|
Дәлелді ойлар ұсындым
|
|
|
|
Талқылау жүргіздім (сыпайы түрде қарсылық көрсетіп, дау тудырған сұрақтарға келісім беруге тырыстым)
|
|
|
|
Топтағы басқа оқушылардың айтқан ақпараттарын толықтырдым және түсініктеме бердім
|
|
|
|
Қорытынды:
|
|
|
|
Бұл үлгіні пайдаланған мұғалімдердің тәжірибесі бойынша осы үлгіні пайдалану арқылы біртіндеп ұстаздың қойған бағасы мен оқушылардың өздерін-өздері бағалауы сәйкестене түседі.
Өзін-өзі бағалау – бұл тек қана өз жұмысын бағалау ғана емес, сонымен қатар туындаған мәселелерді өз бетімен анықтап және оның шешу жолдарын табу. Төменде көрсетілген №15 кестенің көмегімен қатысушылардың оқылып жатқан материалындағы мәселелерін анықтап, оларға талдау жасап, оның шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді.
Кесте №15
«Идея жазбасы»
Аты_________________________ Мерзімі_________________________________
Мен нені білемін?
|
Менің нені міндетті түрде түсінуім (білуім) керек
|
Түсініктеме және нақтылау
|
Бағалау және оқу процесі барысына оқушының белсенді қатысуы формативті бағалаудың маңызды құрылымы (компоненті) болып табылады. Сол себепті оқушы өзінің оқу нәтижелерін бағалау барысында міндетті түрде белсенді қатысушы болуы қажет, ол үшін өзін-өзі бағалап үйрену, сол сияқты өзінің нәтижелерін жақсарту жолдарын таба білуі керек.
Оқушылардың бірін-бірі бағалауы.
Сыныптастарының бағасы бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады.
Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы.
Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады.
Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады.
Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі.
Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады.
Назар аудар!
Бірін-бірі бағалау әдісін қолданарда оқушылар арасында дау туындамау үшін ұстаз барынша сақ, абай болуы керек. Ол қатысушыларға өздері немесе тобы бағаланбайды, ал олардың жұмыстары тексерілетіндігі жайлы айтып кетуі тиіс.
Бірін-бірі бағалау әдісін жиі қолдана беру ұсынылмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |