Значения параметров С1(t) и R(t) в зависимости от возраста машины t
Возраст,
t лет
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
C1(t)
|
25
|
25
|
24
|
24
|
23
|
22
|
21
|
20
|
19
|
17
|
R(t)
|
8
|
9
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
15
|
Рекуррентные выражения (2) и (3) при подстановке в них, вместо параметров, соответствующие им численные значения, преобразуются в уравнения следующего вида:
(4)
(5)
На основании (4) и (5) будем последовательно находить максимальные значения функции FN(t) при N = 1, 2, …, 9 и для t=0, 1, …, 9:
при N=1 и t=0 согласно (4) функция
F1(0) = {(0) }= 17 и F1(0)= {(0)-С0} = {17-15}=2.
Здесь из двух сравниваемых по максимуму значений F1(0)=17 и F1(0)=2 принимается большее F1(0)=17;
При t=1 значения
F1(1) = {(1)} = 16 и F1(1) = {(0)-C0} = 17 - 15 = 2.
Из двух значений F1(1)=16 и F1(1)=2 по максимуму также принимается большее – F1(1)=16. Аналогично вычисляются и остальные значения F1(t) для t=2, 3,…, 9, которые также сведены в табл. 2.
Таблица 2.
Результаты вычисления максимальных значений FN(t) для t =0,1,…,9
FN(t)
|
t
|
0
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
F1(t)
|
17
|
16
|
15
|
14
|
12
|
10
|
8
|
6
|
4
|
2
|
F2(t)
|
33
|
31
|
29
|
26
|
22
|
18
|
18R
|
|
|
|
F3(t)
|
48
|
45
|
41
|
36
|
33
|
33R
|
|
|
|
|
F4(t)
|
62
|
57
|
51
|
47
|
47R
|
|
|
|
|
|
F5(t)
|
74
|
67
|
62
|
61
|
59
|
59R
|
|
|
|
|
F6(t)
|
84
|
78
|
76
|
73
|
71
|
69
|
69R
|
|
|
|
F7(t)
|
95
|
92
|
88
|
85
|
81
|
80
|
80R
|
|
|
|
F8(t)
|
109
|
104
|
100
|
95
|
94
|
94R
|
|
|
|
|
F9(t)
|
121
|
116
|
110
|
108
|
106
|
106R
|
|
|
|
|
Для последующих этапов, т.е. при N2, процедура нахождения максимальных значений FN(t) для t=0, 1,…, 9, производится с помощью формулы (5). Их результаты представлены в таблице 2.
Определяем последовательно F2(t) для t=0,1,…,9:
при N=2 и t=0 значения
F2(0)= (0)+F1(0+1)=17+16=33 и F2(0)={[φ(0)-C0]+F1(1)}=[17-15]+16=18.
Из двух значений F2(0)=33 и F2(0)=18 по максимуму принимается –F2(0)=33. Отметим, что в качестве F1(1) использованы результаты их вычислений, выполненные на предыдущем этапе (табл.2). Вычисления F2 (t) для t=2,3,…,9 также сведены в табл.2. При этом, во всех случаях, осуществляется прoверка необходимого условия, чтобы F1 (1) F2 (t) для t=0, 1,…,9, так как в этот момент по критерию «max дохода» машину следует заменять. В табл.2 этот момент отмечен жирной линией и латинской буквой R, что означает замену (replace). Аналогично, вычисляются и все FN(t) при N=3, 4,…,9 и t=0,1,….9. Соответствующие результаты этих вычислений, сведены в табл.2, на основании которых и по буквенным значкам R, находим цикл оптимальной замены машины.
Таким образом, в рассматриваемом условном примере в девятиэтапном процессе для получения максимального дохода от использования машины ее замена должна производится через каждые пять лет.
Литература
Ю.А. Конкин, В.С. Новиков и др. Методика определения нормативных сроков службы машин в сельском хозяйстве. М., НИИПиН, 1975.- 54с.
С.Робертс. Динамическое программирование в процессах химической технологии и методы управления. М., Изд-во “Мир”, 1965.-480с.
Экономико-математические методы и модели планирования и управления (Книга 4). Под общ.ред. проф. В.Г. Шорина. М., Изд-во “Знание”, 1973.-240с.
Резюме
В статье дается математический способ определения оптимальных сроков использования машин и оборудования, приводится численный пример, решаемый методами динамического программирования.
Түйіндеме
Мақалада машиналар мен жабдықтардың тиімді қолдану мерзімін динамикалық программалау арқылы анықтау әдісі мен оны дәлелдейтін мысал келтірілген.
ӘОК 331.9
ҚАЗАҚСТАНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ЖАҢАША ОЙ ТҮЙСІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ӨНІМ РЕТІНДЕ
Құлмағанбетова А.Б. - оқытушы (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ)
Ұйымның кез-келген құрылымдық өзгерістері кезінде, әсіресе иерархиялық-орталықтандырылудан нарыққа бағытталу трансформация жағдайында әлемдік тәжірибе көрсеткіштері бойынша қиыншылық тудыратын, адамдардың ойлау қабілеттерінің өзгерісі. Негізінен ол барлық деңгейлердегі менеджерлер мен мамандарға қатысты болып отыр. Жапония және Америка ірі корпорацияларының басшылырына сұрау жүргізу нәтижелері, олардың 86,6 % оның ойлары бойынша басқару эволюциясының бірден-бір негізгі бағыты - адами ресурстар потенциалының дамуы. Бұл процесс біздің ойымызша экономикалық ойларды қалыптастыратын, болашақта өндірісті ұйымдастыратын жастардың студенттік кездерін былай қойғанда мектеп табалдырығынан басталуы керек.
Болашақ жас мамандар экономикалық теория заңдылықтарын игеріп толықтай түсіне білуі үшін, нарық механизмін мұқият зерттеп қарастыруы қажет.
Мысал келтірсек, Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Ол Қазақстан Республикасының “Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” заңына және Республика Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы” 7 шілде 1997 жылғы жарғыға сәйкес жүргізіледі /1/.
Шағын және орта кәсіпорындарды арнайы зерттеу нәтижелерді талдау барысындағы статистикалық мәліметтер осы құжаттарды қабылдау процесінен кейінгі елеулі уақыт мерзімін ескерсек қазіргі кезде осы бағыттағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі төмен екенін көрсетіп отыр.
Егер де, кейбір өркениетті елдерде шағын бизнес 90-95% және жалпы ұлттық өнім ЖҰӨ 20-60% болса, ал Қазақстан жағдайында қазіргі кезде статистикалық мәліметтер, барлық өнімнің 8% өндіретін шамамен 200 мың кәсіпорынды тіркеп отыр. Әрине, біздің еліміздің потенциалдық мүмкіндіктерін ескерсек, бұл өте төмен. Кәсіпкерліктің мәнін тек өнеркәсіптік өндіріспен байланыстыру қателік болар еді.
Мысалға, Германияда шағын және орта бизнестің экономикалық мәнін жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жартысын құрайтын өнім мен қызметті өндіруші ретінде ғана қарастырып қоймай, сонымен қатар оның 3/2 бөлігі халықты жұмыспен қамтуға негізделіп отыр. Олар ғылыми-техникалық прогрестің катализаторлары және оның үлесіне: жалпы инвестицияның 2/5 бөлігі, кадрларды дайындау көздері, яғни мемлекеттегі барлық жұмыс оқу-өндірістік орындардың 85%-ын қамтитын.
Дамыған мемлекеттер өнер кәсібінде шағын бизнестің үлесіне барлық жұмыспен қамтылғандардың 50-60% және 70-80% жаңа жұмыс орындары кіреді. Осылайша шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына себебін тигізетінін көріп отырмыз. Бұл, әсіресе жұмысшылар саны әлі де болса жоғары болып келетін біздің еліміз үшін маңызды болып отыр.
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни капитал мен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай кезде де тоқырау қаупі бар. Оған қарсы тұра алтын бірден бір фактор – шағын бизнес. Әсіресе, шағын бизнестің бәсекелестік ортаны қалыптастырушылық қасиеті ірі кәсіпорындардың монополистерге айналуын, ғылыми-техникалық прогрестің тежелуін бәсеңдеді. Сонымен әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Көптеген мамандар мен ғалымдардың ойынша, Қазақстандағы кәсіпкерлікке кері әсерін тигізетін негізгі факторлар ол: өндірістің төмендеуі және инфляциялық процестер. Мұндай кезде келесідей жағдайлар орын алады: бағаның өсуі халықтың жалпы табысының өсуінен асып түседі, ішкі нарық үлесі азаяды, тұтыну құрылымы нашарлайды. Халықтың негізгі бөлігінде өз ісін бастау үшін қаражаты жетіспейді. Несиеге қол жеткізу қиындықтарға әкеп тірейді және үнемі қарқындап өсіп келе жатқан инфляция жағдайында қауіпті болып табылады.
Жағдайды қиындата түсетіні шағын бизнесті үнемі тежеп отыратын көптеген салық түрлері, әсіресе материалды өндіріс саласында. Осының нәтижесінде, халықшаруашылық маңыздылығына байланыссыз барлық ұсақ кәсіпорындар банкрот шегінде.
Әрине, Қазақстанға қатысты көрсетілген шағын бизнес дамуын тежеп отырған аргументтердің себептермен келіспесе болмайды. Бірақ, біздің ойымызша барлық Совет Одағы кеңісінен кейінгі кеңістіктегі кәсіпкерлік қызмет тиімділігінің төмендеуінің негізгі факторы – адами фактор: бизнесті ұйымдастыру тәжірибесі мен қажетті біліми дайындықтың жоқтығы, кәсіпкерлердің көптеген бөлігінің заңды дұрыс білмеуі. Егер де білім беру жүйесі түбірінен өзгермесе, халық үшін осы “жаңа” қызмет түрі, көптеген жылдар бойы ізденістер, эксперименттер, сәттіліктер мен сәтсіздіктермен ұштастырыла отырып сол қалпында өзгеріссіз “жаңа” болып қала береді. Кәсіпкерлікті ұйымдастыру және басқару бойынша курстар қазіргі кезде Республикамыздың барлық жоғары оқу орындарында 30-60 сағат көлемінде жүргізіледі. Бұл жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін әсіресе өз ісін ұйымдастыру бойынша қажетті білім бере алмайды. Сонымен қатар, қалалық жұмыспен қамту арнайы құрылған бейімделу орталықтарының қызметі тиімсіз болып келеді: қажетті материалдық-техникалық базасы мен мамандары жоқ.
Біздің ойымызша, заңды түрде құрылған, беделді және нақты қызмет ететін білім беру жүйесі қажет. Шағын бизнестің әртүрлі формада және салаларда құрылуы мен қызмет көрсетуінің регламенті ең кем дегенде болашақ кәсіпкерлерді дайындауда - 2 жыл және қызметін жүргізіп жатқан кәсіпкерлер үшін - 1 жыл болуы қажет. Өткен жылдар тәжірибесі бұл шаралардың нәтижелігін растайды. Өткен ғасырдың 20-шы жылдары барлық кеңес одағының территориясында өнеркәсіптік академиялар құрылған болатын. Бұл академиялар аз уақыт шеңберінде жоғары мамандалған, мемлекеттің жалпылай индустриялануын және “күшті” экономикалық потенциалды құруды қамтамасыз етуші өндірісті ұйымдастырушыларды дайындады. Жапонияда және Батыстың бірқатар елдерінде қазіргі кезде кәсіпкерлерді оқытудың бірнеше формалары бар: ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту; шағын бизнес және кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесін құру және нарық инфрақұрылымын қалыптастыру.
Осылайша, кәсіпкерлік қызметтің тиімділігін дамыту мәселелерін кәсіпкерлік құрылымдармен қатар ең алдымен мемлекет тарапынан да үлкен күш жігерді қажет етеді.
Тағы да көңіл бөлетін мәселе кез-келген экономикалық саясаттың негізінде шынайы статистикалық ақпарат болуы шарт. Қазіргі кезде “қолда бар” шағын және орта кәсіпорындар бойынша Ұлттық Статистикалық агенттіктер және салық инспекциялардың мәліметтерді жинау жүйесі өндіріс саласының, мазмұнын нақтылығы және толықтылығы бойынша, ашып көрсетпей отыр. Көбінесе, ақпараттар кәсіпорындардың ашылуы және өтімділігі, қызмет тиімділігі, жұмыс органдарының саны, қызметті таңдау мәселелері бойынша мәліметтерді кеңінен қамтуы керек. Біздің ойымызша кәсіпкерлікті дамытуды қолдау мақсатында кең нарық инфрақұрылымын құру бойынша шаралар жасау қажет. Ол шағын және орта кәсіпорындарды биржа жүйесі, сауда жәрмеңкелері, инновациялық компаниялар жүйесі арқылы нығайтатын еді. Бұл жұмысқа республикалық, салалық, аймақтық кәсіпкерлер бірлестігі жұмылдырылуы қажет. Қазақстанда шағын кәсіпкерліктің даму потенциалы жоғары, ал оның дамуы саналы, мемлекеттік қолдау саясаты тұрғысында барлық мүмкіндіктерге ие болып отыр. Ең алдымен осы қызмет түрін реттейтін экономикалық механизмді түбірінен өзгерту қажет. Салық салу, жеңілдіктер, несие беру, ірі кәсіпорындардан берілетін көмек ақпаратты методикалық кеңеспен қамтуды енгізу керек.
Әлемдегі көптеген мемлекеттердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, кедейшіліктің тереңдеуі және соның негізінде экономикалық дамудың ұзақ мерзімдік бағдарламларындағы әлеуметтік қысым жағдайында шағын бизнестің дамуына қатысты ерекше көңіл бөлінген, себебі шағын өндіріс шеңберінде салынған құралдардың бірлігіне жоғары жұмыс және өнімнің шығуы қамтамасыз етіледі.
1998 жылы өткен Қазақстандағы кәсіпкерлердің алтыншы форумында сөз сөйлеген Президент орта буынның жедел дамуының қажеттілігіне қатысушылардың көңілін бұрды. Сол кезде “шағын бизнесті қолдаудың ҚР агенттігі және кәсіпкерлік қызметті жүргізудің тәуелсіздігі” жөнінде жарлықтарға қол қойылды. Осылайша бұл қызмет түрінің құқықтық негізі күшейе түсті. Бірақ статистика көрсетіп отырғандай кәсіпкерлік қызметінде елеулі қозғалыс байқалмай отыр. Мүмкін шағын бизнестің өркениетті дамуы белгілі бір дәрежеде тиімді жағдайлар жасайтын мемлекет және кәсіпкерлік корпус арасында түбегейлі ұйымдық қатынастарды жүргізу кезеңі пісіп жетілгені ме.
Әдебиеттер
Указ Президента РК от 06.03.1997 г. “О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства».
Транзитная экономика. // Научно-практический журнал. 2000 г. №3, 4 с.31-37.
Сабден О.С., Токсанова А.Н. Управление малым предпринимательством: вопросы теории и практики. Астана, “Елорда”, 2001.
ТҮЙІНДЕМЕ
Мақалада мемлекеттің жан-жақты дамуына негіз болатын нарықтық экономиканың маңызды элементтері мен беделді және нақты қызмет ететін білім беру жүйесінің қажеттілігі сараланды.
РЕЗЮМЕ
В статье говорится о необходимости законодательно разработанной, четко действующей образовательной системы.
ӘОК 338.4
Қазақстан жаһандану жолында
Сыздықова К.Ш. - э.ғ.к., доцент (Алматы қ., ҚазМемҚызПИ),
Төлебаев Ж.С. - э.ғ.к. (Алматы қ., АМТУ)
Әлем экономикалық қауымдастығы жаңа мыңжылдық басында екі ұшты, белгісіздік жағдайында дамып келеді. Өткен ғасырдың соңын ала аса ірі дамыған елдер экономикасындағы баяулау үрдісі азайып, шамалы да болса ілгерілей бастағанымен, қарқынды дамып кетуі оңай болып тұрған жоқ. Ірі елдер экономикасының келешегі ондай екі ұшты жағдайда қалуы, әлемдік нарық жүйесін сәл де болса теңселтіп жібергендей болды. Бұл әсіресе экономикасы нарықтық қатынастарға көшіп жатқан елдер үшін оңай тиіп жатқан жоқ.
Соңғы кездері кең етек жайып келе жатқан жаһандандыру үрдісі әлем қауымдастығының ауқымды бір мүшесі ретіндегі Қазақстан елін де әлеуметтік, экономикалық, сондай-ақ саяси сипатта шарпып өтері сөзсіз. Сондықтан бұл мәселеде біз ең бірінші оның Қазақстан үшін оның қаншалықты терісті – не оңды, ауырлы – не жеңілді, залалды – не пайдалы өтуін аңғарғанымыз жөн.
Жалпы, әлемдік шаруа жүйесіндегі жаһандандыру үрдісі аяқ астынан пайда бола қалған мәселе емес, ол бүкіләлемдік әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде ХІХ ғасырдың аяқ тұсынан басталғаны анық, тек оның кейінгі кезеңдерде аса қарқынды дамуы ғана көптеген ел назарын өзіне қарата бастады.
Дүниежүзілік банк бастаған кейбір халықаралық қаржы-қаражат ұйымдары жаһандандыру құбылысының кедей елдер үшін оң болған нәтижелерін оның алғашқы тасқынының ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемдік сауда үлесінің бірден екі есе өсуімен байланыстырады. Алайда одан кейінгі тарихи кезеңдерде өткен бірнеше әлемдік соғыс халықаралық сауда көлемінің өсуін тоқтатып, ғаламдандыру үрдісінің қарқынын басып, бүкіләлемдік жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) халықаралық саудадағы үлесін бұрынғы деңгейінде, яғни 8-10% көлемінде қалдырады. Бұл кезеңдерде дамушы елдер жағдайы онша өзгере қоймады: олардың экономикасы бұрынғыша сыртқа шикізаттық тауарларды экспорттау негізінде қала береді.
Тек өткен ғасырдың 80-ші жылдары тұсында басталған жаһандандыру жаңа толқыны көптеген кедей елдердің жағдайын түбегейлі оң өзгеріске ұшыратты деуге болады. Дүниежүзілік банк мәліметтері бойынша сол кезеңдерде жаһандандыру құбылысына араласқан 24 дамушы елдерде бір жанға шаққандағы ЖІӨ өсімі дамыған елдерге қарағанда екі есе жоғары болған. Халықаралық экономикалық қатынастарға 1980-2000 жылдар аралығында белсене араласқан елдердің ішінде айтарлықтай ұтып шыққандар қатарына Қытай, Үнді, Венгр, Вьетнам, Уганда елдерін атап өтуге болады.
Сонымен қатар, сол кездері өткен жаһандандыру тасқыны әлемдік сауда қатынастарынан тыс қалған кедей елдердің одан әрі кедейленуіне әкеліп тіреді. Демек, еларалық сауда көлемі мен кедейлік деңгейі арасында үлкен байланыс бар. Бұндай дәрежедегі елдер қатарына Орталық және Оңтүстік Африка мемлекеттерімен қатар бұрынғы кеңестік республикалардың кейбіреулерін жатқызуға болады.
Сол себепті жаһандандыру барысының әр ел экономикасына тигізер мол пайдасы мен орасан зор залалы да бар екенін ескергеніміз жөн. Ондай оң не теріс әсердің ықпалы біздің еліміз белсенді араласып отырған халықаралық сауда аясында ерекше болатыны белгілі болып отыр. Осыған байланысты мынаны айтып өткен жөн.
Соңғы елу жыл ішінде өнеркәсіп өнімдері бойынша әлемдік сауда көлемі 17 есе өсіп отыр. Бұл, әрине, көптеген елдер шаруасы үшін үлкен де пайдалы қозғаушы күш және де ол аяқасты бола қалған экономикалық құбылыс емес. Ол жетістіктер, әрине, халықаралық деңгейдегі өзара келісімділіктің нәтижелері.
Бұл тұста 1947 жылы 23 елдің арасындағы Сауда және тарифтер жөніндегі бас келісімнен бастау алған, бүгінде 160 елді біріктіріп отырған Дүниежүзілік сауда ұйымын (ДСҰ) атап өту керек. Бүкіл әлем елдерінің барлығы дерлік мүше болып, өзара экономикалық қарым-қатынастарды либералдық ережемен атқаруды жүргізетін бұл ұйымға ену үшін Қазақстан да бел шеше кірісіп отыр.
Ұйым жұмысының әлемдік практикасы көрсетіп отырғандай, оған мүше болу біз үшін көптеген ұтымды шараларға қол жеткізуге мол мүмкіндіктер бермек: отандық тауарлар еш кемсітушіліксіз басқа елдер базарына шыға алады; елде шаруа алаңы кеңіп, оған косымша инвестициялар құйылып, жұмыс орны көбейеді; уәждемелік күш ретінде еларалық бәсекелестік негізінде өз өнімдері-міздің өзіндік құны төмендеп, сапасы артады дегендей, тағы сол сияқты біраз оң нәтижелерге ие болмақпыз.
Қазіргі таңда Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болып өтуі тек бірер жылдың ғана шаруасы ретінде ғана болмақ: кейін ол шарадан барынша мол пайдаға ие боларлықтай үміт артып отырған үкімет оған елдің заңнамалық, институционал-дық, ақпараттық, тіпті ресурстық негіздерін кеңінен қарастырып, дайын етіп отыр. Алайда біз жаһандандыру үрдісінің туындысы ретінде пайда болған сол ДСҰ-ға мүше болуға ел экономикасының даму деңгейі сай келеді деп толық сеніммен айта аламыз ба? Күтіп жүрген пайдалы табыстарымыз қай мезгілден басталмақ: бірден, жақын мерзімде, әлде ұзақ перспективада ма? Жалпы, жаһандандыру үрдісінің әсері сыртқы сауда саласынан басқа қай әлеуметтік-экономикалық аумақта белсенді өтуі мүмкін? Осындай күдікті ойлардың объективті зерттеулер негізінде жасалған нақтылы сараптамалық түйінділері бар ма?
Ең алдымен қай елдің де, оның ішінде дамыған дегендерінің де, өздерінің әлеуметтік-экономикалық саясатын қалыптастыру барысында барынша күш алып келе жатқан қазіргі жаһандандыру дәуірінің қаншалықты оң, не теріс әсер етерлік бағыттарын ескергендері жөн болар еді. Соңғы жылдары атқарылған кейбір сараптамалық жұмыстар жаһандандырудың мынадай аспектілерін атап өтеді.
Сауда-саттық арқылы дамушы елдер экономикасын көтеру. Бұл, әрине, жаһандандырудың оң әсерін пайдалану бағыты болмақ. ДСҰ – жаһандандыру құбылысының пайда болуының себепшісі емес, керісінше, «әлемде шекара болмасын» атты үрдістің қалыптасуының салдары есептеледі, өйткені интеграциялық бірігу мен сауда жүргізу үшін ортақ сауда ережелері қажет болатын. Сол себепті біздің еліміз үшін тек осы тұрғыдан ғана алғанның өзінде Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру жақын мерзімдегі қажеттілік деп түсінгеніміз жөн.
Тұрақтылық факторы. Бұл да оң бағыт екені белгілі, сол себепті ол прогрессивтік пиғылдағы мемелекеттер үшін, оның ішінде біздің еліміз де бар, бірінші кезектегі қажетті фактор болмақ.
Қауіпсіздік факторы. Қай елге де қажет жағдай, ал егемендікке енді ғана жеткен біздің еліміз үшін бұл ауадай қажет бағыт екені еш күмән туғызбайды. Бұл арада біз тек мыналарға тоқтала кетуіміз керек.
Біріншіден, теріс бағыттағы жаһандандыру үрдісі мемлекетаралық экономикалық, саяси және әскери текетірес сайыстары барысында қай елдің де қай жағынан алғандағы - мемлекеттік, ұлттық, азықтық, экологиялық, т.б., қауіпсіздіктеріне нұқсан келтіре алады. Бұл кеңінен танымал қағида сипатты.
Екіншіден, енді-енді белгілі болып келе жатқан, сонымен қатар оны біліп-тануда өз зерттеушілерін күтуші, ең бір ойланарлық және көкейкесті проблема бар. Кең масштабтағы геоэкономика мен геоқаржылар жаһандандыру маңызды үлгілері ретінде жаңа дәрежедегі қайшылықтар қатарын туындатып отыр. Шын мәнінде біз әлемдік деңгейде етек ала бастаған, тіпті аса ауыр қылмыстар ретінде сипатталатын тың құбылыстың пайда болғанына куә болып отырмыз. Сөз ХХ ғасырдың аяқ тұсы мен ХХІ ғасыр басының ең қауіпті де, ең жаңа феномені – «геоэкономикалық соғыстар» салдарынан болатын геоэкономикалық қылмыстар туралы болып отыр. Жоғары деген геоқаржылық және геоэкономикалық технологияларды пайдалана отырып ғаламдық кәсіпкерлердің, оның ішінде мемлекеттерді де жатқызуға болады, кез-келген ұлттық экономиканы жайратып тастауға қабілеті жетеді. Сөйтіп, олар оның экономикалық және қаржылық инфрақұрылымын түбегейлі бұза отырып, елде әлеуметтік қиындықтар туғызып, ондағы үйлесімдікті жойып, сондай-ақ ауыр дағдарыстар қалыптастыра отырып, жұртты маргиналдандыруға душар ете алады.
Мысалы, 1998 жылдың қаржылық дағдарысы осындай мүмкіндіктердің бар екенін көрнекті түрде дәлелдеп берді. Сол уақыт мезгілінде дағдарысқа ұшыраған қай елде де ешбір объективті негіздегі себептер: кең көлемдегі қарулы қақтығыстар, табиғи апаттар, қоғамдық тұрақтылыққа теріс әсер етерлік әлеуметтік сілкіністер, тағы сол сияқты шаруаға зиянды басқа да зіл-залаларсыз-ақ экономикалық дағдарыстың аяқасты бой ала қалуын басқаша түсіндіруге еш дәйек жоқ. Ал қазіргі уақытта ешқандай да бір қару қолданбастан кез-келген ұлттық қауымның барлық дерлік табысын шын мәнінде тартып алып, оны аяқасты жаулап алу мүмкіндігі бар екені белгілі болып отыр. Бұның ең бір ұрымтал жері сол, әлем қауымдастығы алдында жасаған қылмысы үшін ондай байлық жаулаушысы еш жазаланбай қала алады.
Аталып кеткен осындай екі мәселені қай ел де естерінен шығармағаны абзал.
Ел экономикасын ресми емес түрде долларландыру, яғни АҚШ долларының төлем құралы ретінде барынша кең етек алуы. Бұл валюта иесінен басқа елдер экономикасына барынша зиянды әсер етуші жағдай болмақ. Сондай-ақ дамушы елдерде кең етек алған бұл теріс үрдіс, жаңа дамып келе жатқан біздің мемлекетімізде де бой алғаны белгілі. Үкімет деңгейінде терең ойластырылған монетарлық шаралар атқарылып, экономикадағы долларландыру үрдісі тоқтатылмаса, жаһандандырудың бұндай теріс бағыты еліміздің экономикасын ойсырата құлатып, мемлекет қауіпсіздігіне орны толмас зиян келтіруі әбден мүмкін.
Ұлттың өзіндік ерекшеліктерінің сақталу проблемалары. Жаһандандыру этномәдени айырмашылықты жақындастыра отырып, әр ұлтқа тән өзіндік ерекшеліктері бар мәдениет негізін жою қаупін тудырады. Жаһандандыру бұндай теріс бағыты планета деңгейінде алғанда ат төбеліндей ғана қазақ ұлты үшін аса қауіпті фактор болмақ.
Жоғарыда келтірілген жаһандандыру жөнідегі дәйектер негізінде Қазақстан Үкіметі деңгейінде атқарарлық мынадай іс-шаралық ұсыныстар келтіруге болады:
елдегі барлық ғылыми қауымдастық назарын бүкіләлемдік құбылыс – жаһандандыру үрдісіне аудара отырып, оның аталған проблеманы белсенді зерттеуге атсалысуына қажетті жағдай туғызуы керек;
Қазақстан Республикасының шекаралас елдермен сыртқы экономикалық қарым-қатынастық тұрғыдағы жасасқан кейбір келісімдік құжаттарды жаһандандыру үрдістерінің ерекшеліктеріне сай қайта қарап шығу қажет;
жақын арада Мемлекеттік геоэкономикалық комитет құрып, оған алдағы кезеңдерге арналған мемелекет деңгейінде қабылданған «Геоэкономикалық» бағдарламаны іске асыру міндеті жүктелгені дұрыс;
елдегі кейбір белді саналатын Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға стратегиялық құзыр берген жөн.
Қорыта келе айтарымыз: бүгінгі таңда кең етек алып келе жатқан жаһандандыру үрдісі - бүкіл дүние жүзі елдерінің алға даму барысынан туындаған объективті заңдылықтағы әлем деңгейіндегі әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыс екенім мойындауымыз қажет. Олай болатын болса, одан еш үрікпей, қайта оны барынша терең зерттеп, біліп басқа да қоғамдық даму заңдылықтары сияқты қабылдап, оны тиісті деңгейде реттей алатындай және оған дұрыс қалыпта бейімделе алатындай болуымыз керек. Сонда ғана Қазақстан елі әлем қауымдастығы арасынан өз дәрежесіне сай орын ала алады.
әдебиеттер
ҚР Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2006.
Кочетов Э.Г. Глобализация (истоки, сущность, основные характеристики). // Безопасность Евразии. 2004, №2. С. 190.
Түйіндеме
Мақалада шапшаң қарқынмен дамып келе жатқан жаһандандыру құбылысының бүгінгі үрдістерін сұрыптай отырып, оның Қазақстан жағдайына байланысты болмақ кейбір теріс ерекшеліктеріне бой бермеу жолдары ұсынылады.
Резюме
В статье отмечаются динимично развивающиеся процессы глобализации и рассматриваются возможности снижения их отрицательных воздействий на экономику Казахстана.
Достарыңызбен бөлісу: |