23. Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы. Қан ағысының жылдамдығы негізінен 3 түрлі өлшем арқылы анықталады: көлемдік, сызықтық жылдамдық және қан айналымының толық уақыты.
Қан ағысының көлемдік жылдамдығы деп бірлік уақыт ішінде қантамырының тұрақты диаметірі арқылы ағып өткен қан көлемін айтады, ол мл/сек-пен есептеледі. Бір минут ішінде диаметірі белгелі бір кіші қанайналым шеңберінен өткен қан осы 1 минут ішінде сондай диаметрлі үлкен қанайналым шеңберінен өтетін қан көлеміне тең болады. Бірақ әр ағза арқылы өтетін қан көлемі түрлі болады, мысалы: бүйрекпен бір минктта 420 мл-дей, бауыр арқылы 150 мл және т.б.
Қан ағысының сызықтық жылдамдығы – бір тамшы қанның бір секунд ішінде өтетін жолын айтады, ол мм/сек өлшемімен есептеледі. Сызықтық ағыс ламинарлы ағыс болып табылады, сонда да сызықтық көрсеткіш орташа көрсекішке саналады. Қан тамырының әр бөлімінде әртүрлі болады: Қолқада ол 30-50 мм/сек болса қуысты веналарды 15-25 мм/сек құрайды, ал капиллярларда 0,04-0,05 см/сек болады.
Қан айналымының толық уақыты деп бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналым шеңберінен өтетін уақытын айтады. Қалыпты жағдайда бұл көрсеткіш адамдарда 25 секундты немесе 27 систоланы құрайды. Ал жануарларда 25 систоланы құрайды.