ФөТ мамандығы бойынша Физиология анатомия негіздерімен пәнінен



бет18/29
Дата29.03.2022
өлшемі1,24 Mb.
#137195
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
рубежка физио

Қан ағысының жылдамдығы
1. Көлемдік қан ағысының жылдамдығы – бірлік уақыт ішінде қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін қан көлемі, ағзалардан өтетін қан мөлшері мен метаболизм қарқынын сипаттайды (мл/с).
2. Сызықтық жылдамдығы – қан тамшысының (белгілі бір көлемінің) бір секунд арасында өткен жолын айтады. Ол тамырлар саңылауларының жинақты ауданына байланысты (мм/с, см/с). Қантамыр кең болған сайын, қан ағысының сызықтық жылдамдығы аз болады

  • Аортада – 30-50 см/с.

  • Қуыс венада – 20-25 см/с.

  • Капиллярларда – 0,03-0,05 см/с.

3. Қан айналымының толық уақыты – бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақыты. Қалыпты жағдайда - 23 с немесе 27 систола.
22. Қан қысымы. Артериялық және веналық қысымның белгілі деңгейін қаматамасыз ететін факторлар. Артериялық қысымды анықтау.
Қан қысымы – қантамырлар ішіндегі қысым:
- артериялық
- жүрекішілік
- капиллярлық
- веналық
1733 жылы С. Хелс қан қысымын анықтаса, ал Карл Людвиг 1848 ж. алғаш рет қисық сызығын жазып алды
Қан қысымының қисық сызығында 3 толқынды ажыратады:
I – пульстік
II – тыныстық
III – орталық
I Пульстік толқын – ЖСЖ тең, систола кезінде көтеріледі (СҚ), диастола кезінде төмендейді (ДҚ).
II Тыныстық – пульстік толқындардан тұрады. Дем алғанда толқындар деңгейі көтеріледі, дем шығарғанда деңгейі біртіндеп төмендейді.
III Орталық толқын – пульстік және тыныстық толқындардан тұрады. Гипоксия, қансырағанда пайда жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет