Франция Астанасы- париж қаласы. Географиялық жағдайы



Дата02.11.2022
өлшемі21,17 Kb.
#156118
түріҚұрамы
Байланысты:
елтану 2 БӨЖ
osh sor algebra 9-klass kaz, УПП Гулнур, Мектептің педагогикалық психологының мақсаттары мен міндеттері, SULTAN курсовой (3) (копия), Дневник (копия) 2, биостат рк 2 (1)

Франция
1. Астанасы- Париж қаласы.
2. Географиялық жағдайы- Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника,Оңтүстік Америкадағы Гвиана ,Үнді мұхитындағы Реюньон, Атлант мұхитындағы Сен – Пьер мен Микелон жатады. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды.Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария ,ал оңтүстік – шығыста Италия және Монакомен,оңтүстік – батыста Испания және Андоррамен шектеседі.
3. Ірі өзендері- Райн, Луар, Мёз, Рон, Сена,Мозель,Гаронна,Марна, Ло, Дордонь өзендері.
4. Әкімшілік бөлінуі- Франция 18 аймаққа бөлінген, оның 12-сі Еуропа құрлығында, біреуі Корсика аралында, қалған 5-і мұхиттың арғы жағында орналасқан. 18 аймақ 101 департаментке, сондай-ақ Лион метрополиясына бөлінеді,ол 342 округтен және 4039 кантоннан тұрады. Кантондар коммунаға бөлінеді, Францияның негізін 36682 коммуна құрайды.
5. Ірі қалалары- Париж, Марсель, Лион, Тулуза, Ницца, Нант, Страсбург, Монпелье , Бордо, Лилль.
6. Халқы - 67 млн. адам.
7. Ұлттық құрамы- француздар, эльзастықтар, бретондықтар, фламандықтар, басктер мен каталондықтар.
8. Тілі- француз тілі.
9. Діні-христиан дінінің католик тармағы.
10. Көрнекі ескерткіштері- Эйфель мұнарасы, Версаль сарайы, Лувр мұражайы.
11. Ақшасы- еуро.
Испания
1. Астанасы- Мадрид қаласы.
2. Географиялық жағдайы- Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан ел.  Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы  Канар аралдарын иеленеді. Жер көлемі 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қалалары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. 
3. Ірі өзендері- Тахо, Эбро, Дуэро,Гвадиана, Гвадалквивир, Гаронна, Хукар, Хениль, Миньо, Сегура өзендері.
4. Әкімшілік бөлінуі- Қазіргі уақытта елде 17 автономды қауымдастық бар, Баск елі, Каталония, Наварра, Галисия және Андалус
кеңейтілген автономияларға ие. Автономды қауымдастықтар өз кезегінде 50  провинцияға бөлінеді. Провинциялар комаркаларға бөлінеді, қазіргі уақытта олардың саны 324 құрайды. Комаркалар өз кезегінде муниципалиттерге бөлінеді, олардың 8 мыңнан астамы бар.
5. Ірі қалалары- Мадрид, Барселона, Валенсия, Севилья, Сарагоса, Малага.
6. Халқы- 48 млн. адам.
7. Ұлттық құрамы- испандар, каталондар, галисилер,баскилер, кастильдықтар.
8. Тілі- испан тілі.
9. Діні-христиан дінінің католик тармағы.
10. Көрнекі ескерткіштері- Sagrada Familia соборы, Король Сарайы, Прадо мұражайы, Сеговиялық Альказар, Плазо Майор, Севилья Соборы және т.б.
11. Ақшасы- еуро.
Италия
1. Астанасы- Рим.
2. Географиялық жағдайы- Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы Италия қоңыржай белдеудің орманды аймағы (Солтүстік) мен субтропиктік белдеуде (Оңтүстік) орналасқан. Жерінің 4/5 бөлігі – тау мен қырат. Ең биік жері – (4807) Альпі тауында ондаған ірі мұздықтар бар. Альпінің оңтүстігіндегі Падан жазығы Апеннин тауына жалғасады. Оңтүстігінің қиыр шеті – Калабрия тауы. Аралдарының көбі таулы, жанартаулы келеді.
3. Ірі өзендері- По,Адидже, Тибр, Адда, Ольо, Танаро, Арно, Пьяве, Рено, Тальяменто өзендері.
4. Әкімшілік бөлінуі- ел 20 аймаққа бөлінген, оған әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде 110 провинция кіреді. Провинциялар өз кезегінде коммуналарға бөлінеді, жалпы коммуналар-8101.
5. Ірі қалалары- Рим, Милан, Неаполь, Турин, Палермо, Генуя, Болонья, Флоренция, Бари, Катания.
6. Халқы- 59 млн. адам.
7. Ұлттық құрамы- италиялықтар.
8. Тілі- италия тілі.
9. Діні- христиан дінінің католик тармағы.
10. Көрнекі ескерткіштері- Колизей, Рим форумы, Треви субұрқағы, Үлкен Венеция каналы, Дог сарайы, Понте Веккио, Уффици галереясы, Сан-Марко соборы, Милан соборы, Пиза мұнарасы, Рим Пантеоны және т.б.
11. Ақшасы- еуро.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет