Халық саны 65,8 млн адам. Халықтың ұлттық құрамы салыстырмалы түрде біркелкі. Ел тұрғындарының 90% - француздар. Олардан басқа жергілікті халықты эльзастықтар (жылпы саны 1,3 млн. адам), бретондықтар (1 млн. адам), фламандықтар, басктер мен каталондықтар құрайды. Франция халқының қалған бөлігі еуропалық, африкалық және азиялық ұлт өкілдерінен тұрады.
Сәлемдесуі
Францияның тұрғының басты құндылығы – құрмет көрсету мен жымию. Олар сезімтал әрі эмоцияға берілгіш келеді. Ойын, сөзін тез әрі дәл жеткізу үшін қолдарын жиі сермейді.
Амандасу кезінде француздар міндетті түрде қол алысып сәлемдеседі. Кинолардан байқасаңыздар, француздар жақындарын көргенде екі бетінен де сүйіп амандасады, ал алыс таныстарын көргенде тек бір бетінен сүйіп сәлемдеседі. Сырттай баға берген адам да бұлардың арасындағы байланысты осы амалдардан біле алады.