Ftp file Transfer Protocol файлдарды тасымалдау хаттамасы. Қашықтағы компьютерден екілік және мәтіндік файлдарды алуға болады



Дата11.03.2022
өлшемі8,42 Kb.
#135234
түріПрограмма
Байланысты:
3 апта ftp
1589361383-роботтың сызық бойымен қозғалысы (1), 1589361383-роботтың сызық бойымен қозғалысы (1), 8 кл бжб1, Буква Ё в русском языке 2

FTP (File Transfer Protocol – файлдарды тасымалдау хаттамасы. Қашықтағы компьютерден екілік және мәтіндік файлдарды алуға болады. Программалаушылардың бір-бірімен программа, сурет, мәтін (Word, Excel құжаттары, программа, т.с.с.) алмасуы үшін өте қажетті қызмет түрі. Бұл қызметті FTР-серверлер атқарады. Олар кез келген форматтағы файлдарды тасымалдай алады.
Интернет серверлерінде файлдар түрінде сақтаулы құжаттар көп. Оларды қабылдап, экранға шақыру үшін FTP қызмет хаттамасы пайдаланылады.
Файлдар барлық компьютер серверлерінде сақтала бермейді. Оларды сақтап, FTP арқылы қызмет көрсететін арнайы компьютерлер (файлдарды сақтау қоймалары) бар. Оларды FTP-серверлер деп атайды.
FTP хаттамасын іске қосу үшін Internet Exploler терезесінің Адрес өрісіне файл серверінің адресін, мысалы, ftp://ftp.relcom.ru/ сияқты адресті енгізу керек. Экранға кәдімгі компьютердегідей каталогтар мен файлдар көрінетін Сервер беті шығады. Каталогты шертіп, ішкі каталогқа өтуге, файлды шертіп, мазмұнын экранға шығаруға болады. Кейбір серверлерде файл архив түрінде көрінеді. Оны ашу үшін архивтеуші программаны пайдаланған дұрыс.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет