159
МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Оразбекова Айнаш Толеутайевна
Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, «Шадыра жалпы орта білім
беру мектебі» КММ
Өзектілігі
:
Бұл мақала оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыруда заманауи ақпараттық технологияларды қолдануда жан
-
жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Мақсаты:
Интеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық
мектепте
ғылыми
-
әдіснамалық негізделген білім беруді жетілдіру.
Аннотация:
Актуальность:
В этой статье современные методы обучения
направленного на формирование хорошо развитой личности в использований
современные информационные технологии для повышения функциональной
грамотности студентов
.
Цель:
обучить
направлены на совершенствование научно
-
методического
образования в инновационной школе как центра интеллектуального
образования
.
Abstract:
Relevance:
In this article, modern teaching methods aimed at the formation of
a well-developed personality in the context of a new civilizational orientation,
state
standards.
Goal:
to train aimed at improving scientific and methodological education in
the innovative school as a center of intellectual education.
«Қазақстан
-
2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты жолдауында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге
айналуымыз керек. Сондай
-
ақ
балаларымыздың, барлық жеткіншек ұрпақтың
функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі
заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»,
-
деген болатын.
Елбасымыздың тапсырмасы бойынша оқушылардың функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі ұлттық жоспар қабылданды. Елбасы
бастамасымен өмірге келген «Функционалдық
сауаттылық
бойынша Ұлттық
жоспардың» маңызы ерекше. Оның негізгі мақсаты –
оқушылардың білімдерін
өмірде тиімді қолдануға үйрету. Сондықтан да математика сабағында
логикалық ойлауды дамыту –
оқушылардың математикалық сауаттылығын
қалыптастыру құралы болып табылады.
Оқушының танымдық мүмкіндіктерін арттыруда мұғалім басты рөл
атқарады. Оқу –
білім алу қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі
білімді
игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық
ойлауы да дамытылады. Жалпы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып,
таным белсенділігін арттыру мақсатында сабақ барысында мынадай
жұмыстар жүргізуге болады:
160
1) Деңгейлік есептер шығару
2)
Тест есептерін шығару
3) Семантикалық карталар толтыру
4)
Перфокарталармен жұмыс
5) Алгоритмдер құрастыру
6) Тірек
-
сызбалармен жұмыс
7) Сөз жұмбақтар құрастыру және оны шешу
8) Суретті есептер шығару
9) Ойын, әзіл есептер шешу т.б
PISA есептері арқылы оқушылардың
логикалық ойлауын дамыта
отырып, оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыруға болады.
Қазіргі мектеп бітіруші түлектердің жаңа форматты тест сынағын тапсыру
барысында математикалық сауаттылықтан білім деңгейлері анықталады. Осы
орайда математикалық сауаттылықтан алынған байқау сынақтарында берілген
тапсырмаларды сараптай келе бірнеше мағыналы ойлау есептерін байқауға
болады.
Әсіресе
экономикалық
мазмұнды
математикалық
есептер.
Экономикалық мазмұнды математикалық есептерді шығарудың практикалық
мәні зор. Ол арқылы материалдық қаржы қорын,
жұмыс уақытын тиімді
пайдалана білуге, еңбек өнімділігін арттыруға, жұмыс сапасын көтеру
мүмкіндігін табуға, шаруашылыққа тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Материалдық қаражат түрлерін үнемдеп пайдалану жолында өндіріс
орындарында ғана емес, жеке отбасы өмірінде де түрлі қиыншылыққа және т.б.
құндылығын түсініп, үнем ережесінің тиімді жолдарын іздестіруге тәрбиелейді,
келешекте өздігінен дұрыс шешім табуға баулиды.
Экономикалық терминдер жайлы түсінік қалыптастыратын есептерге
ҰБТ есептеріндегі «Арифметикалық орта» тақырыптарында «Орташа
айлық
табыс», «Орташа жылдық өнім көлемі» деген экономикалық түсінік беруге
болады. Мен өз сабағымда оған көптеген мысал есептерді келтіре отырып,
отбасы жағдайымен байланыстырып шығартсам балалар ойланып қалады. Ата
-
анасымен үйренгендерін айтып бөлісуге асығады. Орташа айлық табыс және
орташа өнім, проценттік өсім табу жөніндегі мысалдар келтірейін:
Достарыңызбен бөлісу: