Ауызекі-тұрмыстық сөйлеу стиліне қарапайым сөздер, эмоциялық бояуға ие сөздер тән. Ауызша сөйлеу оның синтаксистік құрылымына да әсер етеді:толымсыз сөйлемдер, аяқталмаған сөйлемдер көп қолданылады. Функционалды-тілдік құралдардан оған нақты мәнге ие сөздер, етістіктің нақ осы шақ тұлғасы т.б. төн.
Көркем сөз стилі функционалды стильдердердің ішінде ерекше орынды тұрады. Тілдік құралдарының стилистикалық бояуы өте кең, бай және әр түрлі болып келеді. Көркемдік мақсатқа барлық тілдік құралдар қызмет етеді.
Публицистикалық стиль де әртүрлі стильдік бояуға ие тілдік құралдардың кең қолданысы мен ерекшеленеді. Олардың ара қатынасы шығарманың жанры мен стиліне байланысты. Мысалы, очерк жанры көркем стильге жақын болса, ақпараттық мақала іс қағаздары стиліне жақын.
Функционалды стильдердің стильдік белгілері. Әр бір функционалды стильдердің өзіндік белгілері болады, олар тілдік бірліктердің белгілі бір түрлерінен және сол стильдің өзіне тән жүйелік ерекшелігінен құралады. Алайда, ол ерекшеліктер көп емес және кей бір жақтарынан бірнеше стильге ортақ та болып кеоеді.
Функционалды стильдерге тән стильдік белгілерге дұрыстық, дәлдік, бейнелік, қисындылық, анықтық, мәнерлілік, деректілік, дерексіздік, көп мағаналылық, бір мағыналылық, стандарттылық жатады. Бұлардың кейбірі қай стильге жататынына қарамастан жалпы нормативтік сипатқа ие. Мысалы, кез келген сөз дұрыс, анық, қисынды, дәл, белгілі дәрежеде мәнерлі болуы керек. Бұлар жалпы тіл әдеби нормасына қойылатын талаптар. Бірақ олардың кейбірінің мәні функционалды стильдердің түрлерне қатысты бірдей сипатта түсіндірілмейді, бір стильдегі бір белгі екінші стильдегі сол белгіге сәйкес келмейді. Басқаша айтқанда, әр стильдің дәлдігі, өзінің қисындылығы, өзінің бейнелілігі бар, беогілі дәрежеде олар бір-біріне қарама-қарсы да қойылы алады.
Мысалы, көркем сөз стиліндегі дәлдікті іс-қағаздардағы дәлдікпен бірдей деп қарауға болмайды. Көркем сөздегі дәлдік- образды бейнелеудегі дәлдік, бұл тұста ол шеберлікпен астасып жатады. Көркм шағармадағы сөз мазмұнын әр оқырман өзінше түсініп жатуы қалыпты жағдай, тіпті, мұны сол сөздің көркемдігі деуге болады. Ал, іс қағаздардағы дәлдік-бұо сөздің бәріне ортақ бір ғана мағынада жұмсалуы . Мысалы, заң мәтінінде сөзді өзге мағынада түсіну немесе түсіндіру адам тағдырын шешуде зардабы ауыр жағдайларға әкеліп соқтыруы мүмкін. Сол сияқты ғылыми стильдің де өзіндік дәлдігі бар. Мысалы белгілі бір ғылыми теорияны әр түрлі көз қарастағы адамдар әр түрлі түсіндіреді. Ғылымда ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сыни көзқараспен қабылдап, оны тәжірибе арқылы сынақтан өткізу, содан кейін ғана бұлтартпас қағида ретінде ұсыну орныққан.
Стильдік белгі ретіндегі қисындылықты да әр түрлі түсінуге болады. Жалпы қандай сөз болмасын қисынды болу керектігі түсінікті, алайда көркем сөзде бұған қарама қарсы келетін келетін жағдайлар да болуы мүмкін, мұндағы қисындылық тағы да көркем бейнемен, оның сомдалуындағы қисындылықпен, шеберлікпен («қиыннан қиыстырар ер данасы») байланысты. Ал ғылыми шығарманың қисындылығы бұлтартпас дәлелге, бірінен бірі туындап отыратын шындыққа құрылатындықтан, ғылыми мәтіннің тілдік құрылымы да соған сәйкес келетін оексикалық, синтаксистік бірліктерден таңдалып, сұрыпталып алынады. Іс қағаздарына келетін болсақ, оның мазмұнын талқылауға, дәлелдеуге емес, орындалуы тиіс талап тілектерге , міндеттілікке құрылатындықтан, ондағы қисындылық та мазмұны жағынан болсын, бейнелеу тәсілдері жағынан болсын басқаша сипатта болады.
Бейнелілік тұралы да осыны айтуға болады. көркем сөздің бейнелілігі-әстетикалық сипаттағы, дараланған, ешқашан қайталанбас нақты бейнелілік. Ғылым түрінде де бейнелілік жоқ деуге болмайды. Бірақ табиғаты мен қызметі жағынан екеуіндегі бейнелілік екі түрлі.
Ғылыми танымға бейнелілік о бастан тән, бейнелі ойлау ғылыми шығармашылықтың айнымас қасиеті. Алайда, көркем сөздегі бейнеліліктен ерекшелігі-ол типтенген, жалпыланған, дерексізденген сипатқа ие. Қоғам мен табиғаттағы жалпы заңдылықтарды ашатындықтан, ғылым тіліне нақтылық, жекелік, даралық сияқты белгілер тән емес, бұл -ғылыми стильдің ерекшелігін құрайды. әрине, әр түрлі ғылым салалары өкілдерінің ішінде тілі даралық сипатқа ие, бейнелі көркем тілде жазатын ғалымдардың да болатынын айту керек. Ол ғалымдардың өздерінің мүмкіндіктеріне байланысты.
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ СТИЛІ
Ауызекі сөйлеу стилі – қарым-қатынас жасау нәтижесінде
қалыптасатын, диалогке құрылған, өте кең тараған функционалдық
стильдің бір түрі. Қазақ ұлттық әдеби тілінің жіктелуінде айрықша
орын алатын стильдің бұл түрінің өзіне ғана тән фонетикалық,
лексикалық, морфологиялық және синтаксистік ерекшеліктері бар.
Ауызекі сөйлеу стилі күнделікті өмір салтындағы коммуникациялықбайланыс барысында қолданылып, стильдің басқа түрлеріне қара-
ғанда ешбір шарттылықсыз, басым еркіндікке ие болады. Оларға
бейресмилік сипат тән. Ауызекі сөйлеу стилі негізінен диалогқа
құрылып, сөйлеуші өз эмоциясын білдіру үшін қыстырма, қаратпа,
одағай сөздерді емін-еркін қолдана алады. Сөйлеушінің сөйлеу
мәдениетінің деңгейіне байланысты стилдің бұл түрінде диалекті,
жаргон, арго сөздер мен варваризмдер қолданыла береді. Мәселен,
сөйлеуші субьект «Көп сөйлемей, тыныш отыр» деген сөйлемді
«мылжыңдамай, тыныш отыр», «оттамай тыныш отыр» не
болмаса «былшылдамай, тыныш отыр» деп айтуы мүмкін. Қарасты-
рылып отырған стильде жоғарыдағы сөйлемнің қай түрін болмасын
қолдануға жол беріледі. Аталған сөйлемдердің жалпы мағынасы
бір болғанымен эмоционалды-экспрессивті реңктері әртүрлі болып
келеді. Ауызекі сөйлеу тілінде бара жатырмын – бара жатырық,
келемін – келем, айтып отыр – айтывотыр, деп жатыр – деватыр
сияқты морфонологиялық құбылыстарға да жол беріледі. Функ-
ционалды стильдің басқа түрлерімен салыстырғанда ауызекі сөйлеу
стилінде тілдік қарым-қатынасқа түсушілер бір-біріне ойын алдын
ала дайындықсыз жеткізіп, хабарлы сөйлеммен бірге сұраулы, лепті
сөйлемдерді де жиі қолданады.
АУЫЗША ӘДЕБИ ТІЛ
Ауызша әдеби тіл - ауызекі сөйлеу стиліне жақын, алайда әде-
би тіл нормаларын сақтай отырып қалыптасатын тілдік қарым-қа-
тынастың бір түрі. Адамдар алдын ала даярланған баяндаманы, дә-
рісті белгілі бір аудиторияға ауызша сөйлеу тілі арқылы жеткізіп,
сұхбаттың түрлерін ауызша әдеби тіл арқылы жүзеге асырады. Сол
сияқты радиодан, теледидардан берілген сөздер де тыңдармандарға
жеткізілу формасы жағынан ауызша болғанымен, тілдік құралдарды
пайдалану тұрғысынан әдеби нормаларға негізделеді. Ауызекі сөйлеу
лексикасында қарапайым сөздерді қолдануға жол берілсе, ауызша
әдеби тілде тілдің грамматикалық нормаларын сақтап, мәнерлік
сипатын арттырып қолдануға рұқсат етіледі. Ауызша әдеби тілді
қолданушы өзі айтып тұрған мәтіннің лексикалық құрамына, сөз
үлгілеріне, сөйлем құрылысына, сөздердің орын тәртібіне жіті назар
аударады. Дегенмен, жазбаша әдеби тілге қарағанда, ауызша әдебитілде адресаттың сөйлеу мәнеріне, көңіл-күйіне, сезіміне, дауыс
ырғағының ерекшелігіне мән беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |