233
қиындығы бар. Сондықтан бұған шыдамды, төзімді, терең ойлайтын, бастаған жұмысын аяғына
дейін апаратын, логикалық ойлауды, сонымен бірге аз да болса геометриялық фигуралардың
қасиеттерін меңгеру керектігін талап етеді. Мысылы: Көпшілігінде құрақта төртбұрыштар
диогональ бойынша, ал үшбұрыштар мен трапециялардың орта сызықтарының қасиеттері
қолданады. Құрақ өнерімен айналысудың пайдасы – адамды шыдамдылыққа, үнемділікке,
төзімділік пен сабырлылыққа, тазалық пен әсемдікке баулып, жан дүниесін байытып, ой-өрісін
кеңейтеді.
Ерте заманда қыз балалар кішкентайынан құрақ құрауды біліп, үйренуге тиіс болған. Бір
өкініштісі казіргі кезде бұл қолөнермен ісмер қыз-келіншектер мен көне көз әжелеріміз ғана
шұғылданады
Кәзіргі заман талабына сай бұйымдар жасауда құрақ өнері
бүгінде өріс алып келе жатқанға ұқсайды. Мына
өндірілген бұйымдар осының дәлелі дерсің.
Қазақтың дәстүрінде бар осынау қолөнер түрін әлем
елдерінің біразы қолданады екен. Мәселен, құрақ өнерін
орыстар «лоскутное шитье», жапондықтар «сашика», ал
ағылшындар «почворк» дейтін көрінеді.
Құрақтардың мың құбылған сәні мен сұлулығына қарап тұрғаныңда, Егер, қазақтың бұл
құрақтары мен ою-өрнегіне тіл бітсе, олар мәңгілік ғұмыр, асыл махаббат, өшпес сұлулық
туралы бізге таусылмас сыр мен жыр толғар еді. Яғни, құрақ құрау, оны тамашалау қыз-
келіншектерді сұлулықпен сырласуға, оны өн-бойыңа сіңіруге, бояулар әлемін танып, түсінуге
үйретеді. Ал жаны сұлу адамның ісі де, мінез-құлығы да, сөзі де, отбасы да сұлу.
Құрақ адамды үнемділікке үйретеді, кішкентай мата қиындысынан сәнді зат жасау өмірге
қабілеттілікке тәрбиелейді. Өз қолдарыңнан жасаған бұйым әрқашан да ыстық болады. Сонымен
бірге кәзіргі заман талабына сай үйде отырып табыс табудың бірден бір таптырмас құралы.
Жұмысты жазу барысында көптеген іздестіру жұмыстарын жүргіздім. Өз жұмысымның
ерекшелігі қазақтың салт-дәстүрін, ұлттық қолөнер-құрақ өнерін меңгергенімді түсіндім. Қоғам
үшін құрақ өнерінің жасалуын зерделей келе қолөнер байлығымыз екенін білдім. Құрақ – қызық,
әрі құнды өнер. Ол ұзақ ізденісті, ыждағатты қол еңбегін қажет ететін іс екеніне көзім жетті.
Шын шеберлікке қоса табандылықты талап ететінін білдім. Қазақ халқының қолөнерінің аса
қымбат, қайталанбас сұлулығын, ғажайып көркін құрақөнеріненкөреміз. Осы жазбамды
қорытындылай қеле, түйген ой-пікірім:
1) көпбұрыштарды пайдалану арқылы, функционалдық сауаттылықты дамытуға ой түйдім;
2)құрақ өнері арқылы халықтың қолөнерін, салт-дәстүрін терең түсініп білдім;
3)құрақ
өнері
–
өте
нәзіктікті,
әдемілікті,
шыдамдылықты,
шеберлікті
талап
ететінінекөзжеткіздім
Қазақтың қолөнері бүгінгі жаһанданған заманда да өз мәнін жоғалтпай, жалғасын тапса, нұр
үстіне нұр болар еді.
Достарыңызбен бөлісу: