232
Қолынан іс келетін шебер қыз-келіншектер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі
бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап
алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса,
сәтен кесінділері жеке-жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстырылып
тігіледі .
Бұлай айтып отырған себебім, иісі қазақ деген әрбір отбасының төрінде апа-әжелеріміздің
қолынан шыққан құрақ қөрпенің төселіп жатқаны белгілі. Сонымен бірге, геометриялық
фигуралар негізі әртүрлі символдармен байланысты және наным мен сенімдер сөздермен яғни
салт- дәстүрмен байланыстылығы да бар .
Үшбұрыштан құралған құрақтардың өзіндік наным, сенімі бар. Мысалға алсақ
«Үшбұрыш»
құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш
– су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе-
теңдік пен тұтастық. Үшбұрыштардан жасалған өрнек – “тұмарша” (бойға тағатын
тұмар, амулет), ортада шаршы оған тіркесе тігілген тең бүйірлі үшбұрыштар –
“ботагөз”, яғни ботаның көзі деп аталады. Ол сәттілік, байлық және бұйым иесін
“сұқ көзден” қорғайды деп есептеген.
Бізге мысалы ұзындығы 2 м, ал ені 50 см құрақ көрпе керек болса тіктөртбұрыштың периметрін
табу арқылы, оған қанша мата қалдықтары қажет екенін табуға болады
Төртбұрыш.
Достарыңызбен бөлісу: