Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет113/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   271
Литература 
1. Кумова М. Айдентика. – М.: Изд-во «КАК проект», 2015. 
2. Эвами М. LOGO. Создание логотипов. Самые современные разработки. – СПб.: Изд-во 
«Питер», 2009. 
3. Эйри Дэвид: Логотип и фирменный стиль. Руководство дизайнера. – СПб.: Изд-во «Питер», 
2016. 


231 
Баянбаева А. Н. 
«Ортадересін ЖББМ» КММ, Ақтоғай ауданы 
 
«ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ» 
Эпиграф: «Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шырағы өшеді» 
М. Әуезов 
Құрақ құрау өнерінің қыр - сырын және геометриялық жолмен жасалу жолдарын, 
тәсілдерін үйрену, құрақ құрау өнерінің шеберлігімен, ұлттық өнермен танысу бұл таптырмас 
өнер. 
Қазақ халқы салт-дәстүр мен қолөнер түрлеріне өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті, әрі 
тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Белгілі қоғам қайраткері, заңгер: Н. Шайкенов “Ұлт дәстүрі 
заңнан биік” – деген. Демек, салт-дәстүрлі ел- мықты, әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз 
ұрпақтарына ғасырдан-ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегелі әдет-ғұрыпымен, 
қонақжайлылығымен, әдепті ырымдарымен, тыйым сөздерімен, қолөнер түрлерін үйретуімен 
ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса 
сенімді әрі ғажайып жол екенін кәзіргі уақытқа дейін көрсетіп келеді. 
Мұны отбасында ата-ана, мектепте ұстаз, көпшілік ортада апа-әжелеріміз жастарға 
үйретіп, айтып отырса ұтарымыз көп болар еді. Халық тұрмысында жиі қолданылатын қолөнер 
түрлері өте көп. Олар: өру, тігу, тоқу, құрастыру, сызу, бейнелеу болып табылатынын білеміз. 
Әрине соның ішінде ең көнесі ретінде әже-апаларымыздың құрақ құрау өнерін айтуға болады. 
Бұл өнер балаға көп тәлім-тәрбие беретін өнердің бір түрі. 
Өресі биік, өрісі кең қазақ халқының қарапайым әрі бірегей құрақ құрау өнері ерте 
заманда пайда болғандығын, құрақтың геометриялық фигуралар - көпбұрыштардан 
құралатындығын, олардан қазақ халқының үй бұйымдарын (көрпе, жастық, түскиіз, алаша
сияқты т.б.) заттар жасайтындығын, құрақтарды келістіріп қалай қолдана білу керектігін 
балалардың бірі білсе, бірі біле бермейді. Әсіресе қалада тұратын балалардың (үйлерінде 
қолданбағандықтан) көпшілігі біле бермейді 
Құрақ өнері арқылы қыз баланы әсемдікке, еңбектене білуге, кез – келген затты 
қиюластыра білуге, ерінбеуге, шебер болуға баулитыны сөзсіз. 
Ғасырлар бойы уақыт елегінен өтіп ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнер- бабалардан 
қалған мәдени мұрамыздың ең асыл құнды қазынасының бірі. Ол келер ұрпақ тәрбиесінде 
баланың ой санасына жаңа заман талаптарымен үндесе тарап ақыл-ойды асқарға, қиялды-қияға 
жетелейтін киелі мұра.
Құрақ құрау – бұл нағыз өнер, мата қалдықтарын үнемдеп тігудің ерекше түрі.
Құрақшылық қолөнері сәнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Таңғажайып 
талантымен талайларды тамсандырған қазақ қолөнерінің қайталанбас түрі – қиыстырып құрақ 
қию, одан көздің жауын алатындай өте бағалы бұйымдар жасау. Зердесінде зейіні бар әр 
адамның қай-қайсысы да құрақтан жасалған заттарға ойлы көзбен назар аударса, сан алуан сәнді 
түстердің бір-бірімен жарасым тауып, әдемілік әлемін сыйға тартып тұрғанын айқын аңғара 
алады. Осы мақаланы жазар алдында құрақ түрлерімен жан-жақты танысып, құрақшылық 
өнердің қыр-сырымен танысуға тоқталдым. Апа-әжелерімізден ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып 
келе жатқан осы бір қолөнер түрін әрі қарай жалғастыру мақсатында «Геометриялық 
фигуралардың ұлттық қолөнерде қолдану» тақырыбы функционалдық сауаттылықты дамытудың 
көптен бір құралы іспеттес екенін түсіндім. Пән мұғалімі ретінде айтсам: 7-ші сыныпта 
геометрия пәні бойынша «Үшбұрыштар» тарауын өтсек, 8-ші сыныпта біз геометрия пәні 
бойынша «Төртбұрыштар» тарауымен танысамыз. Осы екі тарау бойынша қарапайым 
көпбұрыштардың түрлерінің анықтамалары мен олардың қасиеттеріне тоқталып, геометриялық 
фигуралардың қыр сырын жетік меңгеруге болады.


232 
Қолынан іс келетін шебер қыз-келіншектер көрпеден бастап, кеудешеге дейінгі 
бұйымдарды құрақпен безендірген. Құрақ құрау үшін, ең алдымен, қажетті материалдар таңдап 
алынып, олар түрі, түсі, матасына қарай сұрыпталады, яғни маталардан барқыт, жібек, сиса, 
сәтен кесінділері жеке-жеке бөлініп алынады. Содан соң түрлі-түсті маталар қиыстырылып 
тігіледі .
Бұлай айтып отырған себебім, иісі қазақ деген әрбір отбасының төрінде апа-әжелеріміздің 
қолынан шыққан құрақ қөрпенің төселіп жатқаны белгілі. Сонымен бірге, геометриялық 
фигуралар негізі әртүрлі символдармен байланысты және наным мен сенімдер сөздермен яғни 
салт- дәстүрмен байланыстылығы да бар . 
Үшбұрыштан құралған құрақтардың өзіндік наным, сенімі бар. Мысалға алсақ 
«Үшбұрыш»
құрағының мәні әлемдегі үш дүниені ұштастыру екен, яғни үшбұрыш 
– су, жер, ауа – үш ғаламның белгісі. Бұл құрақтың мағынасы – ғаламдық тепе-
теңдік пен тұтастық. Үшбұрыштардан жасалған өрнек – “тұмарша” (бойға тағатын 
тұмар, амулет), ортада шаршы оған тіркесе тігілген тең бүйірлі үшбұрыштар – 
“ботагөз”, яғни ботаның көзі деп аталады. Ол сәттілік, байлық және бұйым иесін 
“сұқ көзден” қорғайды деп есептеген. 
Бізге мысалы ұзындығы 2 м, ал ені 50 см құрақ көрпе керек болса тіктөртбұрыштың периметрін
табу арқылы, оған қанша мата қалдықтары қажет екенін табуға болады 
Төртбұрыш.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   271




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет