Малдыбаева Үржан Шаженкызы информатика пәні мұғалімі 5-сынып. Информатика жұмыс дәптері



Дата05.02.2023
өлшемі2,23 Mb.
#167526
Байланысты:
макала автор баг


Малдыбаева Үржан Шаженкызы
информатика пәні мұғалімі


5-сынып. Информатика жұмыс дәптері
Жалпы білім беретін мектептің 5- сынып оқушыларына арналған


Мақсаты:
Оқушылар өз бетінше еңбектене отырып, өзінің ойын тұжырымдап, қорытынды жасауға үйрету, пәндік білімін тереңдету


Міндетті:

  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк (тiлдiк) ойлау қабiлетi, өзіндік танымдық іс-әрекет жасау дағдылары дамыту;

  • оқушылардың қоғамдағы ақпараттық процестердің рөлі, адам қызметінің әртүрлі салаларында ақпараттық технологияларды қолданудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективалары туралы түсініктерін қалыптастыру

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн және өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Жұмыс дәптері 5 сыныптың «Информатика» оқулығына негізделіп дайындалды. Дәптерде оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға және пән бойынша игерген білімдерін бекітуге арналған жұмыс түрлері мен тапсырмалар берілген.
Олар сабақты түсіндіру, пысықтау барысында және үйге тапсырма ретінде беріледі.
«Жұмыс дәптерін» пайдалану барысында оқушыларда көптеген біліктер қалыптасады:

  1. Әр түрлі суреттерді, кестелерді толтыру арқылы оқушылар оқулықтан алған білімдерін молайтады.

  2. Әр түрлі сұрақтарға жауап беріп, көп нүктенің орнына жауап жазу, кестені толтыру арқылы білім деңгейі жоғарылап, белгілі бір қорытындыға келеді.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау барысында оқушының ойлау қабілеті дамып, информатика пәніне деген қызығушылығы артады.

Мұғалім материалды алған білімді бекітуге де, сонымен қатар оқушылар білімін тексеруге де пайдалана алады.


Жұмыс дәптері 5 сыныптың «Информатика» оқулығына негізделіп дайындалып, 36 сағатқа арналып жасалған.
Төменде жұмыс дәптерден үзінді келтірілген.




Бүгінгі таңда компьютерді пайдалану біздің өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан бесінші сыныпқа көшумен мектеп оқушыларының оқу бағдарламасына информатика жаңа пәні қосылып отыр. Әртүрлі практикалық тапсырмаларды орындай отырып, ақпараттың үлкен көлемін үйрену және есте сақтау қажет болады. Мұндай жұмыстарды жобалау бос уақытты қажет етпеу үшін балаларға тақырып бойынша тапсырмалары бар оқу-әдістемелік кешен көмектеседі. Ұстаз талап ететін нәрсені есте сақтау әрқашан мүмкін емес. Мектепте сабақтарды кей кездерде өткізіп жіберуге тура келеді, содан кейін сабақтарды оқушы өзі оқуы керек. Бұл жағдайда қалай болады, өйткені бөлімдерді жай оқумен қатар, тапсырмалардың дұрыс орындай білу керек. Осы мақсатта Жұмыс дәптері көмектеседі. Бұл Жұмыс дәптері пайдаланудың кейбір артықшылықтары: жоспарланған тақырыптарға оқушы алдын ала дайындала алады. Материалдың қарапайым берілуі, тапсырманы орындау процесін жеңілдетеді, жұмыс дәптеріндегі тапсырмалар өткізіп алған сабақтарды кедергісіз меңгеруге ықпал етеді. Өзін-өзі бақылау мүмкіндігі тапсырмаларды сауатты шешуге және тест түріндегі тесттер көмегімен білімді терең игеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі Қазақ еліне сыни ойлай алатын, жылдым шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл оқушылар қажет. Сондықтан тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың қырағылық, шапшаңдық қасиеттерін, тез ойлау, шапшаң қабылдау қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.
Материалды жақсы біле отырып, оқушы мұғалімнің сұрақтарына оңай жауап бере алады, жақсы баға ала отырып, осылайша пәнге деген қызығушылығы артады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет