Оңалбаева Шолпан Балтабайқызы



Дата25.08.2017
өлшемі54,19 Kb.
#26049
Оңалбаева Шолпан Балтабайқызы,

Ордабасы аудандық білім бөлімі педагогикалық әдістемелік кабинет әдіскері

ОҚО, Ордабасы ауданы

Сабақтың тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының үлгерімін арттыру жолдары


Бүгінгі Қазақстанға қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін шығармашыл азаматтар қажет. Олай болса сабақтарда білімдік мақсаттарды шешіп қана қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.

Оқушыларға ғылым негізін үйретіп, адамгершілікке тәрбиелейтін мектеп ішіндегі негізгі тұлға - мұғалім. Мектеп есігін ашқан жеткіншекті мәдениетті қажырлы және табанды етіп қалыптастырады. Мұғалім сынып оқушыларын толық үлгерімі жолында күш жігерін салып еңбек еткенде ғана, бұл міндеттерді орындай алады. Мұғалім өзінің барлық білігімен білімін бүкіл оқу-тәрбие ісін дұрыс ұйымдастырып, тиімді жүргізуге жұмсайды. Оқушы үлгерімін қайткенде көтеруге болады? Оқушылардың сабақты үлгере алмауының себебі қандай? Ол себептерді анықтап жоюға болама? Міне, осы сауалдарға кеңінен ойланып көрейік. Әрине болады деп ойлаймыз. Оқу-тәрбие ісінің мақсатқа жеткізер жолдарын көрсету үшін, алдымен осынау көкейтесті сұрақтарға жауап беріп алайық. Оқушының сабақты нашар оқуының, сабақты үлгере алмауының басты себебі оқыту жұмысының сапасыз болуында. Педагогикалық талаптар мен әрбір пәннің оқыту әдістемесін шебер де толық қолданбаса, оқу жұмысы дұрыс ұйымдастырылмайды. Оқушылар өтілген материалдарды толық түсінбейді, үйге берілген тапсырманы орындап келе алмайды, не шала орындайды. Оқушының қатардан қалып қоюы әуелде уақ-түйектен басталуы мүмкін. Мысалы: оқушы сабақтың өткізілмеуі себепті, өтілген материалдардың біраз жерін не бәрін түсіне алмай қалады, болмаса көмескі не теріс түсінеді. Көпшілік оқушының үйінде түсінбегенін сұрап алатын кісісі болмайды. Осылардың салдарынан оқушы материалды меңгере алмайды. Жаңа сабақ өтілген материалдарға негізделіп, жүргізілетіндіктен, оны да шала түсінеді. Сонымен біртіндеп оқушы бағдарламаның бір бөлігін шала түсінген немесе мүлде түсінбеген болып шығады. Осыдан келіп оқушының сабақты нашар оқуы, үлгермеушілігі келіп туады. Кейде сабақ әдістемелік жағынан дұрыс өткізіледі. Бірақ кейбір оқушылар сабаққа ынта қомай, басқа жұмыспен айналысып отырады. Мұғалім мұндай оқушыларды байқамай қалады да , олар ақырында сабақ үлгермеушілерге айналады. Сабақтың сапасыз өтуі - мұғалім білімінің жеткіліксіз, тәжірибиесінің кем, әдістемені жете меңгергендігінен болады. Дайындықсыз сабақ қашанда нашар өтеді. Бұл да үлгермеушілікке апарады. Сабақты үлгермеудің тағы бір себебі – мұғалім оқушының білім көлемін жиі-жиі тексеріп, есепке алмағандықтан. Оқушының нақтылы білімін саралап анықтамайды. Ережелерді құрғақ жаттауына жол береді. Сабақ үстінде уақыт жетпейді деген сылтаумен жаттығу жұмысын кем жүргізеді. Содан барып оқушылар білгенін, үйренгенін іс жүзінде қолдануға қиналады. Оқушылардың сабақты үлгермеуінің тағы бір себебі - үйге тапсырма беру мен оны тексеру әдістеменің дұрыс болмауы. Өйткені кейде үйге берілген тапсырманың саны мен сапасына жете көңіл бөлінбейді. Тапсырма мөлшерсіз, үстірт қалай болса солай беріле салады. Сол себепті оқушы түсінбей қалады да үйге барғанда орындай алмайды, немесе шала қате орындайды. Осындай бір-біріне ұласқан кемшіліктерден келіп үлгермеушілік шығады. Оқушының сабақ үлгермеуінің басқа бірсебебі –мұғалім оқушының ата-анасымен тығыз байланыс жасамайды. Біріншіден ата –ана оқуға қажетті жағдайды өз дәрежесінде туғызбайтындықтан, бала сабаққа даярлана алмайды. Оқушының сабаққа себепсіз көп келмей қалып не ауырып қалып өткен сабақты білмеуінен не күн тәртібінің болмауынан болған күнде де оны дұрыс орындамауынан үлгермеушілік шығады. Сабақты үлгермеушілік - оқушының денсаулығына да бірден-бір байланысты. Оқушының бір жері ауырып отырса, сабаққа ықыласы болмайды. Не болмаса сыныптың ауасы жиі тазартылып тұрмаса да оқушының көңілі сергек болмайды, тез шаршап бойлары ауыр тартады, өтілген сабақты жөнді ұқпайды. Оқушыларды сабақты үлгермеушілігінің және бір себебі - оларға бір-біріне жолдастық көмектің дұрыс ұйымдастырылмауын, ұйымдастырылған күнде әрбір оқушының меңгере алмаған тақырыбына ғана нақтылап көмектеспей жалпылама қосымша сабақ түрінде өткізілуінен. Сабақты үлгермеушіліктің тағы бір себебі - сыныптағы оқушы санының көп болуы, оқулықтың толық жетіспеуінен де. Сабақ кестесінің тұрақты болмауын оның бағдарламалық талаптарға сай жасалмауы да оқушылардың үлгеріміне кері әсер етеді. Енді оқушылардың сабақты үлгермеу себептерін біліп алғаннан кейін, негізгі мақсат-оны болдырмаудың жолдарын көрсетуге тырысайық. Озат мұғалімдердің тәжірибелері кластағы оқушылардың сабақ үлгерімін толық қамтамасыз етуге болатындығын әлдеқашан шешкен. Демек, барлық оқушының сабақты жақсы оқуын қамтамасыз ету. Әрбір мұғалімнің қолынан келетін іс. Әрбір оқушыға сабақ барысында берілетін сұрақтарды алдын ала ойлап қою керек, тапсырманы да әрбір оқушының күші мен қабілетін ескере отырып берген жөн. Біздің педагогикалық жұмыстарымыздағы ең негізгі іс- сабаққа әзірлену. Сабаққа мұғалімнің ұқыпты даярлануы мен сабақты сапалы өткізілуінің жолдары мен әдістері көп бола тұрса да соның үш кезеңіне тоқталып отырмын.

Біріншіден, оқушылардың үй тапсырмасын тексеру жолдары. (Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру ісі, екіншіден үйге тапсырма беру әдістері, үшіншіден жаңа материалды түсіндіру тәсілі. Оқушылардың үйде отыратын болса, олар үйге берілген жұмысты тыңғылықты етіп орындауға дағдыланады. Бұл әдіс жалқау оқушыға да қозғау салып, тапсырманы дұрыс, ұқыпты орындауға міндеттейді. Үй тапсырманы тексергенде, оқуы нашар, сондай-ақ тапсырманы қалай болса солай орындайтын оқушылардың дәптерлерін жиі-жиі тексеру керек. Бұл әдіс артта қалғандарды оқуға талаптандырып, олардың белсенділігін жақсартады. Мұғалім сабақ соңынан оқушылардың дәптерлерін жинап алып, үйде ұқыптап тексеріп шығады. Үйге тапсырылған есептің мысалдардың нәтижелерін тексергенде, сол есептің қалай жазылғанына да мән беру керек. Сонда ғана оқушының ұқыптылығы мен ой-өрісін кеңейтіп, есепті мысалды дұрыс шығаруына оның сауаттылығын арттыруға қол жетеді. Үйге тапсырылған жұмысты жақсы орындаған оқушыларды дәріптеп сабаққа ынталандыру бірден-бір әдісі. Өткен материал жөніндегі оқушылардың ұғымының тексерудің тиімді жолдарына тоқталу. Жеке оқушыны тақтаға шақырып, тиісті сұрақтарға жауап алу. Сұрауды сынып оқушыларына тұтас беріп, олар ойланып болғаннан кейін, жауап беретін оқушының фамилиясын атау. Бұл екі әдісті де қолдану пайдалы. Мұғалімнің оқушыға берген сұрағы дәл, анық ұғымды болғаны дұрыс. Әр уақытта оқушылардың жауабына сәйкес өткен материалға қысқаша қорытынды жасап отыру - олардың білімін нығайтуға пайдасын көп тигізеді. Сабақтың екінші кезеңі - жаңа тақырыпты түсіндіру. Оқыту жұмысының нәтижелі болуы- материалды дұрыс түсіндіруге және сабақты дұрыс жабдықтылығын өткізуге байланысты. Жаңа материалдардың дұрыс түсіндіруге және сабақты дұрыс жабдықпен өткізуге байланысты. Жаңа материалдың идеялық мазмұндылығы, оны мұғалімнің ұғымды түрде анық түсіндіруі, сөйлегенде қимыл-әрекеттерінің орынды болуы, оқушылардың сабақты көңіл қойып тыңдауына ерекше әсер етеді.Әдістемелік тәсілдерді өзгертіп, түрлендіріп отыру оқушылардың сабақ үстінде өз бетінше істейтін жұмыстары мен жаттығу жұмыстарын тиімді етіп, түрлендіріп жүргізу - олардың сабаққа белсене қатысуына жол ашады. Сабақты жүргізудің үшінші кезеңі - үйге тапсырма беру. Бұл сабақтың негізі бөлімінің бірі болып жоспарға енгізілуі керек. Оқушылардың сабақты дұрыс үлгеруі, жаңа сабақты дұрыс үлгеруін, жаңа сабақты меңгеруі үйлерінде істейтін жұмысының нәтижелілігіне тікелей байланысты. Үйге тапсырманы үнемі сабақтың соңында, болмаса қоңырау соғылған кезде, үстірт асығыс беру өте пайдасыз. Үйге тапсырма түсіндіріліп реті келген жерде нормаға сәйкес, сыныпта істелген жұмыстарға ұқсас болмаса жеке оқушының ерекшеліктері ескеріліп берілуі керек. Үй тапсырмасының сапалы орындалуына оқушыларға үйде толық жағдайдың жасалуы басты шарт. Атап айтқанда: Оқушылардың үй тапсырмасын күн тәртібіне ( режиміне) сәйкес орындалуын мұғалім және ата-аналары да күнбе-күн қадағалап отырса, үйде шамның жарық болуы, жарықтың сол жақтан түсуі, жұмыс істейтін арнаулы орынның болуы, керекті оқу құрал жабдықтармен қамтамасыз етілуі, сабақ даярлап отырғанда ештеңеге алаң болмауы - осының барлығы оқушының сабақты толық үлгеруін қамтамасыз етеді. Үлгермеушілікті болдырмаймыз десек, жоғарыдағы шараларды күнделікті іске асыру міндет. Сабақты қызықты, ұғымды етіп өткізсек педагогикалық, дидактикалық әдістерді тиімді пайдалансақ, бұл міндеттің үдесіне шығарымыз сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет