Функциональная грамотность важнейшее условие повышения качества образования



Pdf көрінісі
бет65/271
Дата20.05.2022
өлшемі12,08 Mb.
#144190
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   271
Табу және алу 
Біріктіру және түсіндіру 
Түсіну және бағалау 


134 
С) уайымшылдық 
D) қайғыға салыну 
Е) құмарлық 
Сонымен қатар оқыған мәтіннің мазмұнын қаншалықты түсінгенін анықтау үшін мынандай 
сұрақтар мен тапсырмалар беруге ьолады.
1.Қарасөз (1,7,31) мәтінінің мазмұнын баяндап беріңіз.
2.Қара сөзде (1,7,31) қандай мәселе көтерілген? 
3.Қарасөзде (1,7,31) көтерілген мәселеге қарама-қайшы мәселені атаңыз. 
4.Бірінші, жетінші, отыз бірінші қара сөздеріне атау беріңіз. 
Оқушылардың мәтінінен қажетті ақпаратты анықтауына, мәтіндегі басты элементтерін ажырата 
алуына, мәтіннің негізгі бөліктерінің мәнін тұжырымдауына, мәтінді түсінгендерін көрсетуіне 
әдіс-тәсілдердің тиімді таңдалынып алынуының да ықпалы зор. Табу және алу кезеңінде 
«Тұжырымдамалық кесте», «Шындық па, әлде жалған ба?» «Джигсо», «Т кестесі», «Инсерт», 
«Елші» сияқты белсенді оқу әдістерін қолдандым. 
Ал келесі біріктіру және түсіндіру кезеңінде өте тиімді әдіс-тәсілдер ретінде «Балық қаңқасы», 
«Қабырғадағы рөл», «Екі түрлі түсініктеме кестесін» қолдандым. Автор ой түйінінен қорытынды 
шығару, ақпаратты жинақтау, мәтінді өмірлік тәжірибемен байланыстыру, сыни талдау жасай 
білуі керек. Ол үшін мынандай сұрақтар мен тапсырмаларды беруге болады. 
1.Қара сөзердің мазмұнын тірек сызба арқылы көрсетіңіз 
2.Қара сөздердің тақырыбы мен идеясын анықтаңыз. 
3.Қара сөздерден қандай тағылым, үлгі алдыңыз? 
4.Қара сөз мазұны сізге қандай ой салды? 
Түсіну және бағалау кезінде жоғары деңгей дағдыларына бағытталған тапсырмалар берілді. 
Сұрақтар да сыни пікір білдіретіндей болып құрылуы керек.
1.Абай қарасөздерінің мазмұны туралы не айтар едіңіздер? 
2.Ақын ойымен келісесіз бе? 
3.Абайдың қарасөздері бүгінгі күні өзекті ме? 
4.Эссе, авторға хат, монолог жазыңыз.
Басқа ақпарат көздерінен алған білімі мен алған ақпаратты байланыстыру, ақпаратты 
бағалау және оның негізінде болжам мен қорытынды жасап тұжырымдауға қатысты «SWOT 
талдау», «Әдебиет үйірмесі», «Ұқсастық пен даралық», «Кубизм» әдістері таңдалып алынды.
Оқырманның біліктілгінің кезеңдерінде дұрыс таңдалынып алынған иапсырмалар мен 
сұрақтар, әдіс-тәсілдер көмегімен оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға болады. Оқу 
сауттылығы артқан кезде, оның білім сапасына әсер етері сөзсіз. Оған дәлел ретінде 6-сыныптың 
білім сапасының көрсеткішін диаграмма ретінде ұсынамын. 
Қорытындылай келе, оқушылардың оқу сауаттылығының артуы тікелей мұғалімнің 
шеберлігіне, дұрыс таңдап алынған әдіс-тәсілдерге байланысты. Әр сабақты қызықты әрі 
жалықтырмайтын, керісінше, пәнге деген қызығушылығын арттыратындай етіп құру қажет. Сөз 
соңында, білім алушыларымыз бәсекеге қабілетті, кез келген жағдайда алған білімін қолдана 
алатындай сауатты тұлға болып қалыптасуына ықпал етедідегім келеді. 
Әдебиеттер: 
1.Функционалдық сауаттылығын дамыту жөнінідегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-
қимыл жоспары. 25.06.2012. №832 Үкімет қаулысы. 


135 
2.Н.А.Даулетова. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тиімді 
әдістері: әдістемелік құрал. Атырау. 2019 
3. С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова. Қазақ әдебиеті. «Арман-ПВ». Астана. 2018 
4.https://abai.kz/post/6 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   271




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет