Футбол ойынының ережелері мен мақсаты Футбол



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі213 Kb.
#96224
1   2   3   4   5
Байланысты:
футбол

Футбол ережелері — футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB — International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФА тарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды.
Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1-шілдесі) 17 тармақтан тұрады.



Халықаралық футбол ассоцияацияның (IFAB) әр түрлі деңгейде және әр түрлі футболшылар топтары үшін (мысалы, жасөспірімдер үшін, әйелдер үшін, мүмкіншілігі шектелгендер үшін, т.б.) ресми түрінде қабылданған ойын шарттарының 17 нұсқасы бар.


Әр командада максималды 11 ойыншы (қосалқы ойыншыларды санамағанда), оның біреуі - қақпашы. Өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.Қақпашыдан басқа ойыншылар қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді.
Бір ойынның аты - матч, матч екі 45 минуттық бөлімнен (тайм) тұрады. Ойын арасында 15 минуттық үзілісі бар.

Ойын мақсаты

Команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу (гол) және өз қақпасына салғызбау. Матчта көбірек доп салған команда ұтады.
Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жүптары өткізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет