Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері
- Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды
Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады
- Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады
- Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек
- Жоғарыдағы допқа таласқанда қапрсылас ойыншыны итеруге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды
- Ойынға төрелік етушінің ескертпесін ойыншы мүлтіксіз орындауға тиісті
- Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген бетте ойынды тоқтату керек
- Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең тар екендігіне байланысты болады
- Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді
Қазіргі таңда футболға деген жастардың қызығушылығы басым. Сондықтан мектептен бастап футбол ойынының қыр-сырын, ондағы ережелерін үйрету және жаттығу жұмыстарына баланы жан-жақты дайындау керектігі кез-келген дене тәрбиесі мұғалімдерінің көздеген мақсатының бірі екенін айта өткім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |