Саналы да ерікті еңбек қана адамды бақытқа кенелтеді
Константин Дмитриевич Ушинский
Алтын, күміс секілді тастарға бағалылық беріп тұрған нәрсе - оны өнідру жолындағы еңбек қана.
Махатма Ганди
Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді
Леонардо да Винчи
...педагогикалық әңгіме өткізуге төселу үшін тіпті дарынды адамның өзіне де көп еңбек керек.
Константин Дмитриевич Ушинский
Адал еңбекпен мал іздемек — ол арлы адамның ісі.
Абай Құнанбаев
Еңбексіз ғалым — жеміссіз ағаш секілді
Сағди Ширази
..біліміңді еңбек пен өмірдің өзінде шыңдап отыр! Сонда ғана білім деп аталатын асыл тас ешқашан тот баспастан жалтырай да жарқырай береді.
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Күндіз-түні үнемі еңбек ету, мәңгілік оқу, оқуға әбден жаттығу, соншалықты өжет болу қажет... Ол үшін әрбір сағат өте қымбат.
Антон Чехов
Еңбек үздіксіз үйренгендіктің арқасында жеңілдей түседі
Демокрит
Режим мен еңбек — денсаулықтың кепілі.
Павлов Иван Петрович
Өмір үшін тамақ қандай қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек, ал дырдумен күн кешіру түбінде адамға ауру болып жабысады... Еңбек өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады.
Джон Беллерс
Еңбек шыққан жерден - төзім де шығады.
Мұхтар Әуезов
Жетістікке жетудің үш ережесі: өзгелерден артық білу, өзгелерден көп еңбектену, өзгелер күткеннен азға үміт ету.
Уильям Шекспир
Еңбек ете бiлудiң өзi – байлық.
Эзоп
Еңбек — ырыстың қазығы.
Ыбырай Жақаев
Тиісінше еңбек ету денеге күш береді, ал шектен тыс артық, немесе жеткіліксіз еңбек күшті қайтарады, немесе әлсізді әлсіз халінде қалдырады.