ӘОЖ 378.016.
Г.Б.Алимбекова, М.А.Қойшыбаева*
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ТАҚТАНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
(Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ, * - магистрант)
Аңдатпа. Мақалада, мектепте технология сабағына интерактивті тақтаны қолдана отырып, оқушыларды ұлттық өнерге кәсіби даярлау әдістері қарастырылды. Оқушыларды ұлттық өнерге баулуға болашақ мұғалімдерді үйрету, бір жағынан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық үдерістер және оқытуды соған бейімдеу мәселесімен астарласып жатса, тағы бір жағынан, жастар арасындағы ұлттық өнерге көзқарастағы ауытқулар, өнерге деген талап пен талғамның өзгеруіне байланыстылығы айтылады. Технология пәні мұғалімінің көпсалалы кәсіптік қызметінің сапалы болуы үшін нәтижелі де тиімді жолдары мен әдістері анықталды. Оқушыларға бұрыннан қалыптасқан ұлттық өнер дәстүрін меңгерту және сапасын арттырып жетілдіру негізінде жүзеге асырылады.
Түйін сөздер: интерактивті оқыту, ұлттық өнер, ақпараттандыру, үздіксіз білім беру, интеграциялау, жаңа ақпараттық технология, педагогикалық технология.
Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», деп атап көрсетті [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» - деп көрсетілген [2]. Солардың бірі, білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан, кез келген білім беру саласында мультимедиялық, интерактивті тақта, электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны оқыту үдерісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа құралдардың бірі - бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын «Активті экран» болып табылады.
Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарлатуды көздейді.
Бәсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз жаңа технологияға, жаңа өркениетті дамуға байланысты, басқа өркенді елдердің көптен бері пайдаланып келе жатқан нитерактивті құралдарын қолданып отырмыз. Бұл – біздің Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне еркін бойлай алады [3].
Оқу үдерісінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану мұғалімнің жеке тәжірибесіне, шығармашылық ізденісіне байланысты. Интерактивті құралдар оқыту формасын ұйымдастыруды түрлендіруге, дәстүрлі оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Интерактивті құралдарды оқыту үдерісіне орынды қолдану, оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі. Технология пәнінде интерактивті тақтаны қолданып өткізген сабақ үлгісінің бірі.
Сабақтың тақырыбы: ілмек бізбен «Роза гүлін тоқу» әдістері.
Сабақтың мақсаты: ілмек бізбен роза гүлдерінің түрлерін тоқып үйрету.
Білімділік: оқушылардың ілмек бізбен тоқу әдістері туралы білімдерін қалыптастыру; тоқудың жобалары мен схемаларын оқып үйрену және жұмыс кезіндегі қауіпсіздендіру ережелерін үйрету; сабақ барысында қолданылатын құрал - жабдықтар туралы мәліметтерді қайталау.
Дамытушылық: ілмек бізбен тоқу білімдерін, қол икемділіктерін және танымдық қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: табиғат пен ұлттық өнердегі сұлулықты түсініп, әдептілік ережелерін бойына сіңірген, шығармашылық қабілеті дамыған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: тест, түсіндіру, сарамандық жұмыс.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер: ілмек біздің түрлері, тоқыма жіптер, ілмек бізбен тоқудың негізгі әдістерінің үлгілері, «роза гүлін тоқу» технологиялық нұсқау карталары, компьютер, интерактивті тақта, тесттік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: ұлттық өнер, сызу, бейнелеу, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
а) сабаққа қатысты бақылау;
ә) сабаққа дайындығын тексеру.
II. Сабақтың тақырыбын жариялау.
Бүгін біздің үйренетініміз «ілмек бізбен тоқу өнері». Бұл көп оқушыларға белгілі. Сонда да, бұл өнерді дұрыс орындай білу технологиясы бәріне керек деп ойлаймыз. Әсіресе, көркем де әсем бұйымдар жасайтындарға қызық болуы мүмкін. Қарапайым ілмек біз құралы арқылы қиын емес операциялар жолымен тұрмыстық, бірегейлі заттарды жасауды білу – жаңашыл өмірде қажет болуы сөзсіз.
ІІІ. Жаңа тақырыпты мазмұндау.
Ілмек бізбен тоқу – бұл сәндік-қолданбалы шығармашылық түрлерінің бірі. Ол өнерге жақын болуға мүмкіндік береді.
Ілмек бізбен жұмысты бастамас бұрын, компьютер және интерактивті тақта арқылы видеофильмдерді, слайдтарды (3-5 мин) қарап шығамыз. Сонымен қатар, зертханада жасалған көрмелерді, құрал-жабдықтарды, қауіпсіздік ережелерінде қарап шығу қажет:
1. Көрмеге қойылған заттардаң көрсетілімі. Интерактивті тақта арқылы көрмеге қойылған суреттердегі, фото суреттердегі және сән журналындағы ілмек бізбен тоқылған заттардың слайдтарын шолу. Сонымен қатар роза гүлінің тоқу әдісін видео көрнісін интерактивті тақта арқылы тамашалау.
2. Құрал - жабдықтар. Ілмек бізбен тоқылған мата фактурасы – өзіне сәйкес жіптің айқасуымен, тығыздығымен және аздаған созыңқылығымен ерекшеленеді. Бұл қасиеттер ілмек бізбен тоқыған кезде тек тоқыма жіпті ғана қолданбай, мақта, қағаз, жібек жібін де қолдануға мүмкіндік береді. Өрнек пен жіптің қалындығына қарай ілмек бізді таңдап алады. Ілмек біздер: металдан, сүйектен, пластмассадан, ағаштан жасалады. Ілмек біздің қалыңдығы да әртүрлі болуы мүмкін (2мм -ден 8мм -ге дейін). Диаметрі 4-9 мм ілмек біздерді қалың жүн, тоқыма жіп бұйымдарға қолданады. Ирис мулине, ромашка жіптері үшін жіңішке ілмек біздер (2 - 3мм) қолданады. Ілмек біз – жіптен екі есе қалың болуы керек. Бұйым тоқуды бастамас бұрын, ең алдымен, үлгісін тоқып көру керек. Жіптің қалыңдығы мен ілмек біздің қалыңдығының сәйкестілігі тексеріледі.
3. Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Жұмыс бастамас бұрын жұмыс орнын дайындап алады. Тоқыған кезде бұл орынға жарық сол жақтан жақсы түсіп отыру керек. Арқаны орындықтың арқасына сүйеп түзу отырып, көз бен жұмысқа дейінгі қашықтықтың 35 – 40 см болуын қадағалауымыз керек. Қашықтық тым жақын болса, көздің көрушілігі азайып, көзге шаң-тозаң, жіптің бөлшектері түсіп кетуі мүмкін. Тоқыған кезде жіп арнайы сауытта, жерде тұруы қажет.
4. Жұмыстың қауіпсіздік ережелері:
1) Жұмыстың алдында қолды жуған дұрыс.
2) Ілмек біздер жақсы тазаланып, арнайы орында сақталуы қажет.
3) Жұмыс кезінде ілмек бізді ұстаған қолыңды кенеттен сермеуге, қозғауға болмайды, қасыңдағы отырған оқушыны жарақаттап алуың мүмкін.
4) Бірнеше сағат бойы отырып тоқуға болмайды. Үзіліспен, 2 сағат жұмыс істеуге тырысыңдар.
5) Жұмыстың соңында барлық құрал-жабдықтарыңды арнайы орынға жинап қою қажет.
5. Интерактивті тақта арқылы, «Ілмек бізбен тоқудың негізгі әдістерінің» технологиялық нұсқау картасын талдау арқылы, әдістерін көрсету.
Ілмек бізбен тоқу әдістерін көбің білесіңдер және де ілмек бізбен тоқыған кезде, ілмек бізді оң қолға карындаш сияқты ұстайтынын естеріңе сақтаған боларсыңдар. Ілмек біздің басы қалай қозғалса да, өзіңе қарай бұрылып тұруы керек. Шумақ жіптен жіптің ұшын сол қолдың (тырнаққа тақау) сұқ саусағы арқылы асып алып, өзіңе қарай үлкен саусақпен қысып алынады. Бір жағынан жіп ортаңғы саусақтың астынан жіберіліп, содан кейін төртіншінің үстіне және бесіншінің астына жіберіледі.
6. Ілмек бізбен тоқудың негізгі әдістерінің техникасы.
Тоқу үдерісі барысында жіпті – сол қолға, ал ілмек бізді - оң қолға ұстау керек.
Оқушылардың өз бетінше жұмысы. «Роза гүлін» ілмек бізбен тоқу.
Бірінші жол: жұмыс орнын ұйымдастыру және жұмысқа қажетті құрал-
жабдықтарды қабылдап алу, қауіпсіздігін тексеру;
Екінші жол: еңбек амалдарын орындаудың дұрыстығын және операциялардың
технологиялық бірізділігін тексеру;
Үшінші жол: Жұмысты орындаудың дұрыстығын тексеру. Өзін-өзі бақылау, жұмысты қабылдау мен бағалау. Тапсырманы жылдам орындаған, үлгерімі жақсы оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
2. Көзді шынықтыру. 1. Орындықта отырғанда асықпай, көзді астыдан үстіге қарай және керісінше қараймыз (бас қозғалмайды) 8 - 12 рет қайталау.
3. Енді көзімізді оң жақтан солға қарай және керісінше қараймыз. 8-10 рет қайталау.
ІҮ. Қорытынды.
Жұмыс барысында оқушылардың жіберген өрескел қателерін және оның
себептерін талдау;
Жалпы оқушылардың теориялық білімдерін сараптау үшін активойд (тест
жұмысын жүргізу.
Әрбір оқушының істеген жұмыстарын бағалау.
Қарапайым тақта және компьютер проекторына қарағанда, интерактивтік тақта сабақ мазмұнын кеңінен ашуына мүмкіншілігі өте зор. Интерактивтік тақтаны пайдалану кезінде үлкен жетістікке қол жеткізу үшін, тек қана сабақты сауатты жоспарлап, керекті материалдарды дайындау керек.
Сабақта мұғалім интерактивтік тақтаны бір емес бірнеше рет пайдалана алады, қарапайым тақтаға қарағанда интерактивті тақта пайдалануға ыңғайлы, әрі уақыт үнемдейді.
Сабақ дайындығына дұрыс уақытты қалай бөлу керек? Әр сабақта пайдаланатын көрнекі құралдарды қалай дайындайды.? Біз аталған сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Интерактивті тақта оқытудың басқа тәсілдеріне қарағанда (салыстырғанда), көптеген жетістіктері бар [4]. Бұл жетістіктер туралы өз сабақтарында интерактивтік тақтаны пайдаланатын мұғалімдер ғана айта алады. Қызметтестер мен біріге отырып сабақта дайындалу арқылы жақсы әсерге қол жеткізуге болады, бұл тек қана міндеттерді бөліп беру мен уақытты үнемдеу ғана емес, сонымен қатар берілген материалдардың сапасын да арттырады.
Интерактивтік тақта оқыту тиімділігін қалай арттырады? Сабақта интерактивтік тақтаны қолдану, баланың мектепте оқуға, пәнге деген қызығушылығын арттыра ма? Мұны қалай жүзеге асыруға болады?
Бұл мақалада біз білім беру саласында интерактивтік тақтаны қолданудың 3 бағытын қарастырамыз [5]:
1. Презентация, демонстрация және модельдерді интерактивтік тақтамен көрсету арқылы, сабақтың өтілу барысының сапасын арттыруға болады.
2. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Сабақта интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың белсенділігін қалай арттыруға болады.
3. Интерактивті тақтаны қолдану барысында сабақ темпін арттыру. Интерактивті тақтамен жұмыс кезінде сабақты жоспарлау және оның темпін қалай арттыруға болады.
Мұғалімдердің көрсетуінше интерактивтік бағдарлама олардың жартылай жұмысын атқарады. Мысалы, белгілі бір материалды интерактивтік тақтада орындау арқылы файлдағы белгілер мен өзгерістерді сақтап қалуға болады, мұны сабақта болмай қалған оқушыларға қайта түсіндіруге немесе келесі жолы тағы да қолдануға болады.
Оқу материалдар базасын жасау, қызметтестермен жасаған материалдарды өз сабағында пайдалану арқылы мұғалімдер уақытын үнемдейді. Материалдарды оқып үйрену барысында интерактивтік тақтаны пайдалану білім өрісін кеңейтуге мүмкіндік береді, сондықтан мұғалімдердің дайындаған материалы оқушыларға түсініктірек болады.
Көп мұғалімдердің байқағанындай сабақ оқушыларға қызықты және дәлелді (мағыналы) болады және оны оқушылар жылдам есте сақтайды. Интерактивтік тақта оқу сапасын жоғары деңгейге көтеруге, сонымен қатар, мұғалімдердің уақытын үнемдейді Мұғалім бұрын өтілген материалдарды екінші рет қайталап қарауға, интерактивті тақтаны пайдаланады.
Интерактивтік тақтаны дұрыс түсіну керек, ол сиқыршының таяғы емес. Өйткені, сабақтағы барлық мәселелер, бағдарламалар, сабақтың өтілу жоспарлары, сабақтың сапасының дұрыс болу, тек қана мұғалімнің еңбектенуінің арқасында ғана болатын жағдай.
Интерактивті тақтаны барлық сабақта қолдану мүмкін емес, әсіресе түсіндіруге қиын, болмаса оқушының қабылдауы төмен болатын сабақтардың әрбір сатысында қолдануға болады. Интерактивтік тақтамен бірге жүретін бағдарламалық нұсқаулықты жақсы біліп, оны сабаққа дайындалғанда қолдануымыз қажет. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, айта кетейік: сабақ алдын-ала дайындалған болуы керек, сонда ғана материалдар түсінікті де, әрі жылдам түсіндіріледі.
Интерактивтік тақтада бір уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, дыбыс, сурет, мәтін, және т. б. Сабақ соңына дейін логикалық үздіксіз түрде болса, сонда ғана сабақ қойылған мақсатына жетеді. Сабақ кезінде сақталған файлдар оқушыларға беріледі: сондай - ақ бұл файлдарды келесі сабақта өтетін материалдарды қайталау және толықтыру үшін қолданылады.
Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту үдерісі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік байланыстармен заңдылықтарды табуға итермелеп, нәтижесінде - өздерінің кәсіби потенциалдарының қалыптасуына жол ашуы керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.
Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.
Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады [6]:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді, интерактивті тақтадағы түрлі - түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын әрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың сапасы мен көрнекілігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Қорытындылай келе, интерактивті құралдарды орынды қолдану, оқыту сапасын арттыруға, жетілдіруге көмектеседі. Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді құрал болып табылады. Алдын ала дайындалған оқу материалдары: презентациялар, мәтіндік, графикалық ақпараттық объектілер – сабақтың жақсы өтуін және барлық ақпарат түрлерін қолдануды қамтамасыз етеді.
Пайдаланған әдебиеттер:
«Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы.// Ақиқат, №1, 2013. – 5-27 бб.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». – Астана, 2000. 18-бабының 8-тармағы.
Өстеміров К., Сүлейменова Ә. Технология пәні бойынша дидактикалық материалдар. –Алматы, 2007. – 192 б.
Қараев Ж.А. Компьютерді оқыту процесіне пайдалануға кіріспе.-Алматы, Рауан. 1992, -90-101с.
Педагогические технологии информатизации образования / Под ред. Беркимбаевой Ш.К. – А.: 2002. - 132 с.
Садыбекова Ж. «Оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» // Информатика негіздері. №4, 2008, -4-5 б.
Аннотация. В статье рассмотрены, интерактивные методы обучения национальному искусcтву в средней школе на уроках технологии. Национальному искусство, как и любые другие виды искусства, как и вся система образования и культуры в нашей стране, призвано не только смягчать жизненные противоречия, но и целенаправленно влиять на нравственность и духовность подрастающего поколения. Многопрофильность профессиональной деятельности учителя технологии вызывает потребность и необходимость определения эффективных путей и средств. Обеспечивающих не только эффективность его технологической, но и художественно -технологической подготовки по различным направлениям декоративно-прикладной деятельности.
Ключевые слова: интерактивные обучения, национальной искуства, информация, непрерывном образовании, интеграция, новые информационные технологии, педагогического технология.
Abstract. The article discusses professional training methods mu Art in high school in the classroom technology. Multidiversity of professional teacher’s activity of technology raises the need and the necessity to identify effective ways and means to ensure not only the effectiveness of its technological, but also artistic - technological training in various directions of decorative - applied activity. Identified through analysis basis of scientific research and existing practice contradiction allow to formulate the problem of research. What are the pedagogical conditions that ensure the effectiveness of professional training of future teachers of technology to teaching students to decorative-applied art.
Keywords: interactivon, formatization, technology, new information technology, adaptation, educational technologu, mixed media.
Достарыңызбен бөлісу: |