Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері / Пәннің оқу-әдістемелік


Дәріс № 15. Тақырыбы: «Корреляция, регрессия және ковариация»



бет5/5
Дата14.04.2017
өлшемі4,89 Mb.
#13932
1   2   3   4   5

Дәріс № 15.

Тақырыбы: «Корреляция, регрессия және ковариация»

1. Сызықты корреляция және регрессия

2. Қисық сызықты корреляция және регрессия

3. Ковариация
Агрономиялық және биологиялық зерттеулерде белгілерді жаппай зерттеген кезде байланыстарды табудың қажеттілігі туындайды, оны корреляциялық байланыс немесе ықтималдылық байланыс деп атайды (схоластикалық).

Корреляциялық байланыстарды оқып-білгенде екі негізгі сұрақты қарастыруға тура келеді: тығыздық, байланыстардың пішіні және бағыты, сонымен қатар өлшем бірлігі ретінде статистикалық әдістер қолданылады, оны корреляция және регрессия деп атайды (сурет 13).

Егер де, екі белгінің арасындағы байланыс зерттелетін болса, онда корреляция мен регрессия қарапайым болып саналады, ал егер екі немесе одан да көп белгілердің арасындағы байланыстар зерттелетін болса, онда күрделі (көпше)болып саналады.

Корреляция

Форма


Бағыт

Сызықты


Қисық сызықты

Тік

Кері

Сурет 13 – корреляциялық байланыстардың пішіні мен бағыты


Регрессия түсінігінің астарында бір немесе бірнеше факторлардың (дәлел) жекелеген өзгерісі кезінде Y (функция) нәтижелі белгісінің өзгерісі түсінігі жатыр. Функция мен дәлелдің арасындағы байланыс регрессияның немесе корреляцияның теңесуімен көрсетіледі. Қарапайым регрессиялық теңесу қысқаша түрде былай көрсетіледі Y = f (х), көпше түрінде Y = f (х, z, v…). Байланыстардың тығыздығы (күші) корреляциялық коэффициент және корреляциялық қатынас арқылы бағаланады.

Сызықты корреляциялық тәуелділік – бұл екі белгілердің, яғни Х және У белгілерінің арасындағы сызықтық (тік сызықты) сипатқа ие тәуелділік, ол тік сызықтың теңестірілуімен У = а+вх көрсетіледі. Бұл теңесу У регрессиясының Х регрессиясына теңесуі деп аталады, ал оған сәйкес тік сызық – таңдаулы сызықтар У Х регрессиясына.

Мысал ретінде 14 суретте зығыр сабағының диаметрі мен салмағының арасындағы байланысқа байланысты сызықты регрессия көрсетілген, Х дәлелінің қандай да бір мәнінде, дақылды біркелкі өсіруде У функциясының өзгеруі біркелкі болады.




У

Х

Сурет 14 - Зығыр сабағының диаметрі мен салмағының арасындағы байланыс.
Х және У белгілерінің арасындағы сызықтық корреляциялық тәуелділік сызықтық сипатқа ие және ол тік сызықтың теңестірілуімен көрсетіледі У=а + в Х. Егер дәлелдің көбеюі біркелкі болса, онда функцияның өзгеруі біркелкі болмайды, яғни регрессия қисық сызықты деп аталады. Сызықты регрессия Х шамасы өзгергенде У шамасы орта есеппен қалай өзгеретінін көрсетеді. Егер Х шамасы жоғарылайтын болса, онда У шамасы орта есеппен жоғарылайды, яғни бұл жағдайда корреляция мен регрессия оң немесе тік (тура) деп аталады, ал егер Х мәні жоғарылап, У мәні орта есеппен төмендейтін болса, онда корреляция мен регрессия - теріс немесе кері деп аталады.

Дәлелдің біркелкі емес көбеюі кезінде функцияның өзгеруі біркелкі болмайды, бұндай жағдайда регрессия қисық сызықты деп аталады.

15 суретте күздік бидайдың өніміне (линия У) тұқымның себу мөлшері (Х) әсерінің қисық сызықты регрессиясы келтірілген.



Келтірілген теориялық регрессия сызығы – танаптық тәжірибеде белгілі бір фактордың әсерінің жоғарылауы салдарынан (нақты жағдайда тұқымның себу мөлшері) өнімнің жоғарылауы байқалатындығын, ал кейін бұл фактордың әсері оңтайлы деңгейге жеткен кезде өнімнің төмендеуі байқалатындығын көрсетеді. Осыған ұқсас судан шөбінің себу мерзімі мен өнімінің арасындағы тәуелділік алдыңғы мысалдарда көрсетілген (сурет 9).
У

Х


Тұқымның себу мөлшері, млн.дана/га
Сурет 15 – Күздік бидайдың тұқымының себу мөлшері (Х) мен қалыптастырған өнімінің (У) арасындағы тәуелділік
Зығыр өсімдігінің фузариоз ауруымен зақымдануы және бұл өсімдіктің бір танапта себу жылдарының арақашықтығы арасындағы тәуелділікке байланысты кері сызықты корреляцияға мысал 16 суретте келтірілген, яғни бұл мысал зығыр өсімдігінің фузариоз ауруымен залалдануына жол бермес үшін бұрынғы себілген орнына қайтадан араға 7 жыл салып барып себуге болатындығын дәлелдейді.

Көпше түрдегі корреляция – нәтижелі белгі шамасының өзгеруіне бір мезгілде бірнеше факторлардың әсер етуі. Көпше түрдегі байланыстардың анағұрлым қарапайым формасы – үш фактордың арасындағы сызықты тәуелділік, мәселен, дақылдың өнімі У функциясы ретінде қарастырылса, ал басқа екеуі Х және z дәлелдері ретінде қарастырылады. Үш ауысымның арасындағы тік сызықты тәуелділік үшін математикалық теңестіру – регрессия жазықтығының көпше түрдегі теңестірілуі деп аталады.

У

Х

Сурет 16 - Зығыр себу жылдары (жылдардың саны) аралығының егістіктің фузариоз ауруымен зақымдануына әсері.
Бақылау сұрақтары:

  1. Корреляция деген не, оның түрлері және бағыты?

  2. Сызықты (тік сызықты) корреляциялық тәуелділік деген не және оны кесте (график) түрінде көрсету әдістері?

  3. Қисық сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?

  4. Кері тік сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?

  5. Көпше түрдегі корреляцияның ерекшеліктері қандай және оның танаптық тәжірибені бағалаудағы мәні?



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М., Агропромиздат, 1985.

  2. Лузько А.Т. Дисперсионный анализ в растениеводстве. Кокшетау, 2008.

  3. Сеитов И.С. Егіс тәжірибелерін жүргізу методикасы. А.: Қайнар, 1990.

  4. Томилов В.П. Практикум по методике опытного дела. М.: Колос, 1991.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР ТАҚЫРЫПТАРЫ
Тәжірибелік сабақ 1

Агрономиядағы зерттеулердің негізгі әдістері



Тәжірибелік сабақ 2

Егістік тәжірибе жүргізу жагдайы, жер учаскесін таңдау және дайындау



Тәжірибелік сабақ 3

Егістік экспериментті жобалау. Таңдап алынган тақырыпта бір факторлы және көп факторлы егістік тәжірибелер салуды және жүргізу багдарламасын жасау.



Тәжірибелік сабақ 4

Егістік тәжірибеде варианттарды орналастыру әдістемесі.



Тәжірибелік сабақ 5

Егістік тәжірибелерде бақылау және есеп жүргізу жобалау әдістемесі



Тәжірибелік сабақ 6

Егістік тәжірибелерді салу және жүргізу техникасы.



Тәжірибелік сабақ 7

Егістік тәжірибелерде өнімді есептеу әдісі және әдістемесі.



Тәжірибелік сабақ 8

Жайылым және шабындықта, суармалы жагдайда, топырацты жел және су эрозиясынан қорғау тәжірибелерін жүргізудің ерекшелігі



Тәжірибелік сабақ 9

Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу негіздері

ОҚЫТУШЫМЕН БІРГЕ СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

ОБСӨЖ № 1

Егіс тәжірибесі, оның негізгі түсініктері

Өзіндік тапсырмалар:

1.Ғылыми агрономия әдістері

2.Егіс тәжірибелеріне қойылатын талаптар

3.Егіс тәжірибелерінің түрлері

1. Агрономия – мәдени өсімдіктердің өнімділігіне ары қарай жоғарылатудың және өнім сапасын жақсартудың агротехникалық шараларын және теориялық негіздерін жасаумен айналысады. Ауыл шаруашылығының басты құралы – жер. Жақсы өнім алу үшін мәдени өсімдіктерді өсіру, оны қоршаған ортаны дұрыс пайдалану үшін ғылыми зерттеу жұмысы талапқа сай жүргізілуі қажет. Тәсіл негізінен теорияға сүйенеді, негізгі қолданылатын агрономилық тәсілдері:


  • лабораториялық - өсімдік тіршілігіне қажетті факторлардың бірі жетіспесе оның өнімділігі кемиді. Сондықтан арнайы дайындалған лабораторияда өсімдіктің өсуіне факторлардың әсерін талдауда лабораториялық тәжірибесі химиялық, физикалық, химиялы-физикалық, микробиологиялық, цитологиялық әдістерге бөлінеді. Өсімдіктер тіршілігінің факторлары ылғал, қоректік зат, жылу, жарық, ауаның әсерлерін анықтауды кәдімгі ыңғайлы дайындалған бөлмелерде жасанды жағдайларда тәжірибе жүргізу арқылы орындалады.

  • вегетациялық – арнаулы вегетативті жағдайда әртүрлі агрохимиялық немесе физиологиялық мәселелерді шешу үшін өсімдіктерді арнаулы ыдыстарда егіп өсіру, бірақта дайындалған жағдайында агрономилық талаптарға сай жүргізіледі. Өсімдіктерді жасанды ортада өсіру әдісін тұңғыш рет Франция ғалымы Ж.Б. Буженго қолданды. Вегетативтік әдіс арқылы өсімдікке қажетті қоректі заттардың, сыртқы орта факторларының жылу, ылғал, ауа, жарық, химиялық заттардың әсері және өсімдікке қажетті судың мөлшері зерттеледі. Белгілі бір факторлардың өсімдік тіршілігіне тигізетін әсерін анықтау үшін ыдыстарға топырақ орнына таза құм немесе тазартылған су толтырып, оған қажетті химиялық заттар қосылады. Белгілі бір фактордың өсімдікке тигізетін әсерін өсімдіктің өнімін есептеу, анатомиялық өзгерісін, биохимиялық динамикасын зерттеу арқылы анықтайды.

  • лизиметриялық - табиғи жағдайда ылғал мен қоректік заттардың жылжуы мен балансын, тепе-теңдігін есептеуге мүмкіндік беретін өсімдіктің өмірі мен топырақ процесіндегі өзгеріс динамикасын арнайы мизиметриялық зерттеуді айтады. Мизиметрлік тәжірибелері егіншілікте, мелиорацияда, топырақтану ғылымында, агрометеорологияда, физиологияда, агрохимияда және селекцияда, дақылдардың су қорын, тепе-теңдікті, жауын суы немесе суармалы су арқылы қоректік заттардың жылжуын, шайылуын және табиғи жағдайда ТК анықтауға кеңінен пайдаланады.

Егіс тәжірибесі – арнаулы учаскіде егіс жағдайында орындалатын зерттеу жұмысы. Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты – зерттеудегі варианттардың айырмашылығын анықтау, өсімдіктің өніміне және оның сапасына немесе өісп-өну тәсілдеріне факторлардың әсерін бағалауға көмектеседі. Егіс тәжірибесінің негізгі мақсаты экспериментті ұқыпты қойып, нәтижесіне дұрыс баға беру.

Салыстырмалы эксперименттің негізгі міндеті болып тәжірибеде зерттелетін варианттардың тиімділігінің сандық бағасы келеді. Тәжірибеде варианттарымен салыстыратын вариант-бақылау/стандарттар деп аталады.

Эксперимент схемасы = бақылау + тәжірибе варианттар

Варианттар 2 түрге бөлінеді:



сапалық сандық

  • сорттар

  • дақылдар

  • егіс әдісі

  • топырақты өңдеу әдісі

  • алғы дақылдар

  • азару мөлшері

  • тыңайтқыштар мөлшері

  • топырақты өңдеу тереңдігі



Бақылау немесе тәжірибе варианттағы бір атаулы элементарлы бірлік саны – қайталау деп аталады.

1.2. Егіс тәжірибесіне қойылатын талаптар.


  • тәжірибенің типтілігі

  • тәжірибе негізінің жалғыз ғана өзгешелігінсақтау.

  • тәжірибені арнайы учаскіде жүргізу.

  • тәжірибе дақылының өнімін есепке алу және тәжірибе мәнінің дәлдігі.


Тәжірибе типтілігі – егіс жүргізудегі жағдайы сол ауданның ауа-раы, топырақ-климаты мен агротехникалық жағдайлары сәйкес болуын білдіреді. Егіс тәжірибеден алынған көрсеткіштері дәлділік мәліметтерінен айырмашылық болса қателік жіберілгені. Ондай жағдай кез-келген тәжірибе жұмысында кездеседі.

  • кездейсоқ қателігі

  • жүйелі қателік

  • өршіл қателік

3. Егіс тәжірибелері 2 түрге бөлінеді:

анротехникалық арнайы дақылдарды сорттау тәсілдері
Факторлардың санына, топырақ-климаттық жағдайының аумағына, тәжірибе жүргізілетін жеріне, әрі зерттеу мерзімінің ұзақтығына қарай бір және көп факторлы, жекелеген және көпшліікті, қысқа мерзімді, көп жылдық және ұзақ уақыт егіс тәжірибелері болып бірнеше түрлерге бөлінеді, арнайы егіс даласында және өндіріс жағдайында жүргізіледі.
Бір факторлы тәжірибе:

I сорттар

II тұқым егу мөлшері

III тыңайтқыштар мөлшері

  1. A St

  2. B

  3. C

  4. Д

  5. Е

1. 3 млн. ө.т./га

2. 4 млн. ө.т./га

3. 5млн. ө.т. /га

4. 6 млн. ө.т./га

5. 7 лмн. ө.т. /га


  1. тыңайтқышсыз St

  2. N60 P60 K60 (1 доза)

  3. N120 P120 K120 (2 доза)

  4. N180 P180 K180 (3 доза)

5 N240 P240 K240 (4 доза)

Екі факторлы тәжірибе:


  1. тыңайтқышсыз кәдімгі өңдеу / St/

  2. тыңайтқышсыз терең өңдеу

  3. кәдімгі өңдеу + тыңайтқыштар

  4. терең өңдеу + тыңайтқыштар

Бақылау сұрақтары:

  1. Лабораториялық әдістің негізгі ерекшеліктерін атаңыз?

  2. Лизиметриялық әдіс қай жағдайда қолданылады?

  3. Вегетациялық әдістің негізгі артықшылықтарын көрсетіңіз?

  4. Бір факторлы және көп факторлы тәжірибеге мысал келтіріңіз және айырмашылығын түсіндіріңіз?



ОБСӨЖ № 2 - 3

Егіс тәжірибесінде варианттардың орналасуы

Өзіндік тапсырмалар:

1. Вариант орналастыру әдістерінің жіктелуі

2. Варианттарды жүйелеп және кездейсоқ орналастыру тиімділігі

3. Варианттарды кездейсоқ орналастыру әдістері

1. Егістік тәжірибені учаскіге орынды орналастырудағы негізгі мақсаты мүмкіндігінше әр вариантты топырақ ала-құлалығын толық қамтуды қажет етеді, варианттарды өзара салыстыруға қолайлы жағдай жасап тәжірибе нәтижелерінің анықтығы мен дәлділігін арттырады.

Қайталанудың ішінде егістік тәжірибе схемасындағы варианттарын орналастыруға әр түрлі әдістерді қолданады: стандартты, жүйелі, кездейсоқты рендамизм.



  • Стандарт әдісімен орналастыру – бұл әдіс арқылы егістік тәжірибе схемасында бақылау вариант саны әр қайталауда өсіріледі.

Стандарт әдісі дегеніміз егістік тәжірибе схемасындағы бақылау вариант санын өсіруді айтады. Егер егістік тәжірибе схемасында әр тәжірибе вариант бақылау варианты мен қатарында болса, оны ямб әдісі дейді,ал екі тәжірибе варианттарынан кейін бір стандарт варианты орналастырылса дактиль әдісі дейді.

Стандарт әдісі негізінен селекцияда қолданады.



1

2

3

1

4

5

1

2

3

1

4

5

1

2

3

1

4

5

1

2

3

1

4

5

st







st







st







st







st







st







st







st







Iқайталау II қайталау III қайталаау IV қайталау




  • Жүйелі әдіспен орналастыру. Егістік тәжірибе қайталауының іліміне тәжірибешінің анықтаған схемасындағы тәртібімен варианттарды учаскіге орналастырады. Қайталаулардағы бір қатарға орналастырғанда варианттары әр қайталау ішінде тәжірибе схемаларындағы жүйесімен өзгертілмеген түрінде орын алады, яғни бірінші қайталауда бес вариант 1,2,3,4,5 жүйесімен орналастырылса, басқа қайталанушыларында да сондай жүйесі сақталады.



1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

1

2

3

4

5

st













st













st













st













st













I II III IV I




Егістік тәжірибенің осындай орналастырылуы шахмат жолымен орналастыру деп аталады.




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

st






























2

3

4

5

6

7

8

9

10

1




























st

IIқ




3

4

5

6

7

8

9

10

1

2

























st




IIIқ



4

5

6

7

8

9

10

1

2

3






















st






IVқ


Бұл әдістің артықшылығы тәжірибе жүргізу жолының оңайлығы болса, оның кемістігі варианттардың тиімділігі күтпеген жерден бұрмалануы болады.

  • Кездейсоқ (рендомизм) әдісімен орналастыру. Егістік тәжірибе варианттарын қайталау учаскісіне кездейсоқ сандар бойынша құрылған кесте арқылы кездейсоқ жолымен табылған вариантты мөлдікке орналастырады.




1

5

3

2

4

3

1

5

2

4

4

3

1

5

2

3

1

4

2

5

st
















st
















st










st










I II III IV



3. Тәжірибелерді латын квадратымен орналастыру.

- мөлдектерді көлденең және тікелей қатарларда орын алуын айтады. Оларды латын әрпімен АВСДЕ белгілегендіктен әдістің атын латын әдісі дейді.



4

9

11

1

7

2

8

12

10

6

3

5


1

5

2

6

10

12

3

4

7

11

9

8


12

6

8

3

4

9

1

5

11

2

7

10


3

7

10

5

8

11

9

2

6

4

1

12

I
II

III


IV

I II III IV


Мөлдекті бөлшектеп орналастыру – көп факторлы егістік тәжірибеде үлкен көлемді мөлдекті бөлшектеу әдісі кеңінен қолданылады.

Мөлдекті бөлшектеу схемасы деп егістік тәжірибенің мөлдегін басқа егіс тәжірибенің жинақты мөлдегі ретінде қолданылуы. Егістік тәжірибенің үлкен көлемді мөлдегінің бірінші жолы тікелей немесе көлденең бағытта, сол бөлінген мөлдектің бөліндісін екінші ретте шағын көлемді мөлдекке, ал үшіншісінде сол соңғы шағын көлемді одан да кішкентай көлем мөлдікке бөлшектейді. Көбінесе бұл әдіс көпфакторлы егіс тәжірибесінде қолданылады.







а1







а2







а3







а4













в1

в2

в3

в1

в2

в3

в1

в2

в3

в1

в2

в3

в1

в2

в3


Бақылау сұрақтары:


  1. Варианттарды орналастыру әдістері қалай жіктеледі?

  2. Стандартты әдіс ерекшеліктері, мысал келтіріңіз?

  3. Жүйелі әдістің стандартты әдістен қандай айырмашылығы бар?

  4. Латын квадраты әдісі қай жағдайда қолданылады?

  5. Мөлдектеп орналастыру әдісінің мәні неде?

  6. Дактиль әдісін сипаттаңыз, мысал келтіріңіз?

  7. Ямб-әдісін қай жағдайда қолданады?


ОБСӨЖ № 4-5

Егіс экспериментін жоспарлау.

Өзіндік тапсырмалар:

1.Экспериментті жоспарлау

2.Жүргізілетін зерттеулер мен есептеулерді жоспарлау.

3.Егіс тәжірибесін жүргізу техникасы

4.Көрсеткіштерді алғашқы өңдеу

. Ғылыми зерттеу жұмысы егіншілікте тәжірибе арқылы орындаудаа негізінен үш кезеңге бөлінеді:



  • жоспарлау

  • егістік тәжірибе жүргізу

  • нәтижелерді талдау

Егістік тәжірибені жоспарлау – зерттейтін объектісін және оның міндетін анықтау, тәжірибе схемасын құру учаскісін және оның тұрақты орнын таңдау. Зерттеу кезеңіне дейін жасалатын жұмыстар:

  • Зерттелетін заттың тақырыбын таңдап алу

  • Зерттелетін заттың қазіргі жағдайын тексеру.

  • Ғылыми жорамал жасау

  • Егістік тәжірибе схемасы мен әдістемесін дайындау.

Ғылыми жұмыс бағдарламасында тәжірибе схемасы, онда қолданылатын әдістеменің негізгі элементтері және тәжірибе жүргізуіндегі байқаулар мен есептеу жұмыстары көрсетіледі.

Тәжірибе схемасын дайындағандағы ең маңыздысы.



  • қойылған талабын орындау негізінің өзгешелігін сақтау және факторлық негізін сақтау;

  • бақылау вариантын дұрыс таңдау және тәжірибедегі зерттелмей ілесетін жағдайларды да анықтау;

  • факторлардың негізгі дәрежесін зерттелетін және өлшемінің түрленуі дұрыстығын анықтау.

Мысалы. «СҚ жеңіл сазды топырағына жаздық бидайдың себу мерзімі мен себу мөлшері»

Тәжірибе схемасы.



1. Себу мерзімі

2. Тұқым себу мөлшері

А0 - 30.04

А0 - 1,5 млн. ө.т. /га

А1 - 05.05

А1 - 2,0 млн. ө.т. /га

А2 - 10.05

А2 - 2,5 млн. ө.т. /га

А3 - 20.05

А3 - 3,0 млн. ө.т./га (St)

А4 - 20.05

А4 – 305 млн. ө.т. /га

А5 - 25.05

А5 - 4,0 млн. ө.т./га

А6 - 30.05

А6 - 4,5 млн. ө.т. /га

Егістік тәжірибе бағдарламасы мен схемасын жасағаннан кейін, оның әдісінің негізгі элементтерін мөлдектің көлемі мен пішінін, нәтижесінің дәлділігін арттыру үшін керекті қайталаулары, учаскіге мөлдектер мен қайталауларды орналастыру әдістерін анықтайды. Ол үшін егістік журнал күнделігіне тәжірибенің схемалық жоспарын құрастырады, мөлдектердің ені мен ұзындығын, қорғау алқаптарын т.б. құрылыстардың қашықтығы, учаскідегі варианттар мен қайталаулар орналастыру белгілері көмектеседі.

Егістік тәжірибеші схемалық жоспарына мөлдіктердің шекараларын белгілегеннен кейін схемалардан учаскіге тәжірибенің нұсқасын түсіреді. Тәжірибе танабын анықтауға ұзындығы 10 немесе 20м темір лентаны қолданады. Учаскінің тік бұрышын анықтап, тауып алуға айналы эккерден де сегіз қырлы аспабын қолданады.


Танапты мөлдектерге бөлу


А



В С
Тәжірибе танабының тік бұрышын рулетка немесе жіп-кендір арқылы табуға да болады. Көбінесе ол үшін белгілі Пифагор теориясын пайдаланады, онда тік үш бұрыштың гипотенузасы шаршы катетер квадратының қосындысына теңестіреді.

Зерттеуші егістік тәжірибедегі жұмыстарды тәуліктен асырмай орындауды жоспарлауды қажет етеді. Егер 1 тәулікте тәжірибедегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік болмаса, мысалы, 4 рет қайталаудан 1-ші мен 3-шісің алдымен 2-ші мен 4-ші қайталауларын кейінгі тәулікте орындайды. Егістік тәжірибедегі агротехникалық тәсілді барлық варианттарда бір мезгілде орындамаса, олардың арасында айырмашылық тұрады. Егіс тәжірибе учаскісін жүргізілетін агротехникалық жұмыстарға қойылған талаптардан ең бастысы мерзімінде орындалуы, жылдамдылығы оның сапалылығын төмендетуі болып саналады.



Тыңайтқыштарды енгізу. Егістік тәжірибесінде тыңайтқыш енгізу ең бір жауапты мәселенің бірі болып саналады. Егістік тәжірибеде қолданылатын тыңайтқышты енгізу тәсілдеріне негізгі қойылатын талап мөлдек танабына оларды біркелкі бөлу болып саналады.

Минералды тыңайтқыштарды енгізерде есептейтіні оның қоректік мөлшері мөлдекке килограммен шаққанда мына формула арқылы анықталады:



X a x c

100.b

Мұнда. X - мөлдекке керекті тыңайтқыштың мөлшері /кг/: а – қоректік заттың әсерлі зат түріндегі мөлшері, кг/га:

в - тыңайтқыштағы қоректік заттың құрамы %;

с – мөлдік көлемі (м2)

Бақылау сұрақтары:

1.Экспериментті жоспарлау неден басталады?

2. Тәжірибе схемасына мысал келтір?

3.Жүргізілетін зерттеулер мен есептеулерді жоспарлаудың дұрыс тәртібін жасаңыз?

4.Егіс тәжірибесін жүргізу техникасын атаңыз?

5.Көрсеткіштерді алғашқы өңдеу жұмыстарына не кіреді?
ОБСӨЖ № 6-7

Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар

Өзіндік тапсырмалар:

1. Тәжірибе учаскісінде топырақты өңдеу

2. Егістік өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдерін бақылау және оларды есепке алу.

3. Өсімдіктердің фотосинтездік процесінің негізгі көрсеткіші.


1. Егістік тәжірибе жүргізген мөлдектердегі топырақты өңдеуге қойылатын талаптар – топырақ сапалылығы және біртектестілігі.

Мөлдектерде дақылдарды себу перпендикулярлы бағытпен жүргізеді. Себу мөлшері жаппай тәсілі арқылы анықталады.


К = 100 × М × А

П

К - себу мөлшерінің салмағы кг/га:



М - себу – мөлшері (млн ө.т./га):

А – 1000 тұқым массасы г;

П – тұқымның себуге жарамдылығы %

Егістік тәжірибедегі мөлдектерді себердегі ұмытпайтын қағидалар:



  • барлық мөлдектердегі варианттарды тек бір ғана силкамен себу;

  • мөлдекке силка себер алдында 2-3 м қалғанда себетін шүмектерді жұмысқа қосады, ал мөлдек жиегінен шыққасын, яғни 2-3м шекарасына силканың себетін шүмегін көтереді;

  • мөлдек ішінде тұқым себу кезінде силканы тоқтатпайды.

Тәжірибе учаскісінде орындалатын жұмыстар барлық мөлдектерде біркелкі бір мерзімде ұқыпты орындалады Әрбір байқаудағы тәжірибешінің белгіленетіні:

  • өсімдіктің жалпы жағдайы;

  • даму кезеңі,

  • ауа райы;

  • топырақ дымқылдығы

Егістік тәжірибе вегетативті және лаборатория тәжірибесінде байқау мен есеп мәліметі сенімді бөлу үшін зерттеуші есепке алады:

  • тәжірибе бағдарламасына енгізетіні бақылау есепке алу және талдау жұмыстары;

  • бақылау мен есептеу жұмыстарын орындайтын кезеңдері;

  • сегнамаларды іріктеп, көлемін анықтау.

Егістік тәжірибе арқылы зерттелетін агрохимиялық тәсілге фактордың әсерін есептеген сандары арқылы бағалайды, мысалы, тыңайтқыш немесе топырақты өңдеу варианты дақылдың пісу мерзіміне, шөптің шығымдылығына, топырақ қабатындағы ылғалға және егіннің арамшөппен ластануына тигізетін әсерін және т.б. бағалайды.

2. Егістік тәжірибедегі дақылдардың өсіп-даму кезеңдерінде әр түрлі (фенеологиялық, метеарологиялық) бақылау, есепке алу жұмыстары, өсімдіктің биіктігі, түптелу жігері және өсімдіктер мен топырақтар үлгілеріне талдау жүргізіледі.

Ауа райының маңыздылығы тек қана агрометеорологияның, оның ішінде метеорология элементтері мен егіншілік объектілерінің жағдайларын бақылау мен есепке алу арқылы анықталады.

Ауа райын метеорология станциясында тұрақты бағалайды, олар облыстардың барлығында да және тәжірибе станцияларында да орналастырылған.

Мәдени өсімдіктердің өніміне үлкен әсер ететін жауын-шашын, себебі ол топырақ қабатындағы ылғалдың негізгі көзі болып саналады. Жауын-шашынның жиынтығын су қабатының биіктігін мм өлшемі арқылы белгілейді. Танаптың топырақ беткейіне жауын-шашынның шықтың, тұманның, бұршақтың т.б. жиналған ылғалын өлшеп, мм көрсетеді.

Егістік тәжірибені жүргізуде метеорологиялық жағдайға байланысты егін себу мерзімі анықталады. Егін себердің алында топырақ қабатының температурасына бақылау жұмысы жүргізіледі. Топырақ температурасын анықтауға топырақ термометрн қуыс бұрғы АМ-6 пайдаланады. Оны топыраққа енгізіп, 5 млн. есебін алады.

Дақылдардың бақылау жұмысын жүргізгенде белгілейтіндері:

1) Өсімдіктің қандай мүшелері және олардың саны немесе 10,25,50,75 % артық зақымдалған:

2) неден зақымдалған;

3) зақымдалған ауданы.

Күздік дақылдардың қыстап шығуға даярлау процестерін сипаттау үшін күзде оның өсу вегетациясы тоқтаған кезеңінде тексеріледі. Дақыл тұқымының топырақтағы орналасатын тереңдігін, түптену тереңдігін, тымыр жүйелерінің жағдайын, өсімдіктің өсіп-жетілу кезеңдерін, олардың биіктігін, себілген тұқымның жиілігі, арамшөптің таралу дәрежесі, өсімдіктерге зияңкестер мен аурулардың әсерлерін, метеорологиялық жағдайдың ыңғайсыздығынан жойылған өсімдіктерді, дақыл тұқымдарының көктеуін, егістің жалпы жағдайын анықтайды.

Фенологиялық бақылау. Даму процесі тұтасымен алғанда бірінен соң бірі келіп отыратын бір-бірінен жақсы ажыратылатын және көзге байқалатын бірқатар кезеңдерден немесе сатылардан тұрады.

Астық тұқымдас өсімдіктер дамуында мынадай кезеңдер кездеседі.



  • тұқымның өнуі;

  • жапырақ шығарылуы;

  • негізгі және жанама өркендердің түзілуі-тұптенуі;

  • сабақ шығару;

  • масақтану;

  • гүлдену,

  • ұрықтану,

  • тұқымның пісуі - сүттеніп пісу + балауыздың пісуі + толық пісу

Өсіп –жетілу кезеңдері мәліметтері өсу тіршілігінің ұзақтығын бөлек кезеңдерге бөлуге мүкіндік туғызады. Мысалы, астық дақылдары мына кезеңдерге бөлінеді:

  • себу – көктеп шығуы;

  • көктеп шығуы – сабақтану;

  • масақтану – пісуі;

Өсімдіктердің жиілілігі.

Вегетативтік даму кезеңдеріндегі өсімдіктердің жиілілігін есептеу үшін кемінде 2 рет бақыланады, 1-ші егін көктегенде, 2-ші егін жинар алдында жүргізіледі. Ол үшін әр мөлдекте төрт жерден егіннің екі аралас қатарын қазық арқылы белгілейді. (1м2).



А = В × 100

С

А – тұқымның дадалық шығымы, %;

В – нақтылы өсімдіктің жиілігі

С – себу мөлшеріғ млн. ө.т. /га


Астық тұқымдастардың жиілігін есептеумен қатар оның жалпы өнімділігін анықтайды, күздік дақылдардың қыстап шығуға кетердің алдындағы қалың түптілігін анықтайды. Әр варианттан 100 өсімдіктен тамырымен қазып алынады да нақтылы жалпы сабақтары мен өсімдік сабақтарын есептейді. Егін жинардың алдындағы өсімдіктерді есептеу арқылы сақталған өсімдіктердің санын % арқылы анықтайды:

Б = С × 100

В

Б – егінді жинап алғанға дейінгі сақталған өнімді %;

В – егіннің толық көктеген кезеңдегі өнімдердің саны, 1 м2
3. Жапырақтың көлемін анықтау. Дақылдың өсуі мен даму кезеңінде қолайлы жағдайдың арқасында жапырақтың үйлесімді көлемінің өсуінен өнімі артады. Өсімдік жапырақтарының көлемін анықтауда кеңінен қолданылатын әдістерінің бірі – ол жапырақтан ою ойын алу әдісі, оның негізгі ойып алынған жапырақ бөлігін және жалпы жапырақтауы арқылы анықтау. (1м2). Орташа үлгісінде жапырақтардан жиегі өткір қаңылтыр түтін арқылы 50/100 дана үлгілерін ойып алады. Жапырақтың көлеміне қарай құбырдың диаметрі 5-25 мм дейін болады. Ойып алынған жапырақтарды техникалық тарауы арқылы анықтайды. Оның көлемін ойып алынғанмен анықтап, содан кейін үлгідегі барлық жапырақтың көлемін пропорция арқылы бір өсімдікке /бер га есептейді.

Л = Ф ×К

Л - жапырақ көлемі, см2;

Ф – геометриялық фигураның көлемі (ұз×ені), см2;

К – түзету поэффиценті, 0,65 -0,68

Астық дақылдар 40 өсімдік, жалпақ жапырақ дақылдар, 10 өсімдік зерттеледі.

Ж = ұз. × ені ×К

Фт.е.= Ө

Фn

Фт.е. – фотосинтездің нақтылы өнімділігі, ұ/га;

Ө - өнімі, кг;

Фn – фотосинтетикалық потенциалы, мың м2 /га, тәулік жапырақтың көлемін арнайы құрал – фотопланиметр арқылы анықтауға болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Фенологиялық бақылау қай уақыттан бастап жүргізіле басталады?

2.Жапырақ көлемін анықтау жолдарын көрсетіңіз?

3.Өсімдіктердің дұрыс жиілігін қалыптастыру үшін қандай жұмыс атқарылады?

4.Дақылдарды мөлдектерге орналастыру қандай бағытта жүргізіледі?
ОБСӨЖ № 8

Дақылдардың биологиялық түсімі мен оның құрамын анықтау

Өзіндік тапсырмалар:

1. Дақылдар түсімінің сапасы мен мөлшерін анықтауда қолданылатын әдістер.

2. Дәндердің технологиялық қасиеттерін бағалау.
Дақылдар өнімінің сапасы мен көлемі тек қана агротехникалық дәрежесіне ғана емес, егінді жинау техникасы мен мерзіміне де байланысты болады. Егістік тәжірибесіндегі нәтиже егінді учаскінің орналасқан жеріне, топырақ қабатының өзгешелігіне, дақылына, сортына және тексерудегі агротехникалық амал-тәсіліне байланысты.

Тәжірибе жұмысында өнімді есептеуде бірнеше әдістерді қолданады. Ең тиімдісі әрі қолайлысы – мөлдекті жаппай есептеу, онда өнімнің барлық массасын есепке бөлінген алқаптан жинайды. Мөлдектің көлемі үлкен болғанда комбаин қолданады, егінді орғанда сабағын бірдей биіктікте, бірдей жылдамдықта орындалады.Бастырылған астықты қаптайды, қаптың ішіне этикетка салып, таразыда өлшейді, көрсеткішін егістік күнделікке жазады. Әрбір мөлдектің жинап алынған астықтан 2-3 кг үлгі алады, оның дән массасын, астық ылғалдылығын, ластануын және сапасын анықтайды.

Тәжірибе мен бақылау варианттары бөлек жиналады. Егістік тәжірибелер жұмысында дақылдар өнімдеріне есепке алуда негізінен екі әдісті қолданады:


  • жаппай

  • бау үлгілерін есепке алу

Бауды қапшықтың ішіне салады, картон қағаздан этикетка жасайды, этикеткаға тәжірибе тақырыбын, мөлдектің нөмірі, бау үлгінің салмағын, егінді жинаған күнін жазады.

Мөлдіктің астық өнімін формула арқылы есептелуі,



Х = А × Б

В

Х – астық өнімі, кг;

А – жалпы өнім массасы, кг,

Б – үлгі баудың дымқыл массасығ кг;

В – үлгі баудыңкептірілген дәндерінің массасы, кг.

Дәнді дақылдардың шығымдылығын есепке аларда міндетті түрде дәннің ылғалдылығын 14 % стандартқа қайта есеппен келтіріп, дәндердің ылғалдылығын анықтайды.

Мөлдіктегі дақылдарды жинағаннан кейін алюминиден жасалған бюксте дәндерді салады да, 4-6 сағ. 100-1050 кептіргішке кептіреді.

Х = А × В

Н ×100

Х – дәннің ылғалдылығы, %;

В – буға айналған судың массасы, г;

Н – алынған үлгінің ылғалдылығы,г.

Дәндердің ластануын анықтау үшін орташа үлгілерді әр мөлдектен 1 кг дәннің қоқымын, арамшөптерді іріктеп алады да ластанған % анықтайды.
8.2. Агротехникалық тәжірибедегі дәнді және дәнді бұршақты дақылдарының дәнінде ақуыздың мөлшерін анықтау қажет. Дақылдар сапасын бағалау олардың түрлеріне байланысты және ол дақылдарды қандай салаға бөлінуіне байланысты жүреді. нан, макарон, тәтті тағамдар, жарма.

Бидай дәндерінде нан пісіретін, ұн тартатын өндірістердің қоятын басты талабы ақуыз 13-14, және шикі ұлпасы 25 % - 28%.

Орташа үлгілерді лабораторияда талдайды.

Орташа үлгі

100г. ылғалдылықты түсі, исі, дәмі

анықтауға

Елеуіш d - 6 мм тесік ірі

қоспаны іріктеп алады

зияңкестермен зақымдалған

темір қаңылтыр қосындыларын
Мөлшерін орналастыру және бөлу

Бидайдағы ластығы мен дәннің натурасын

жұғымды ақуызды анықтауға анықтауға арналған мөлшері

арналған үлгі

біртектілік құрамы, дәннің мөлдірлігі,

дәнділгіі тасбақа қандаласымен зақымдалғаны,

қауызды дақыл біркелкілігі

Бақылау сұрақтары:

1. Тұқым сапасын анықтаудың негізгі әдістерін атаңыз?

2. Үлгі мөлдектен қалай және қанша мөлшерде алынады?

3. Үлгі жинау ерекшеліткерін атаңыз?

4.Үлгіні зертханада талдаудың негізгі жұмыстарына не кіреді?
ОБСӨЖ № 9 - 10

Егістік тәжірибелерді жүргізуде әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдары.

Өзіндік тапсырмалар:

1. Әдіс тәсілдерді жетілдіру.

2. Егіс тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеу

3. Дисперсиялық талдау

1. Тәжірибе жұмысындағы әдістерді дамыту, оның дәлділігін арттыру –егістік тәжірибесінің тиімділігін арттыруға жағдай жасайды.

Егістік тәжірибе нәтижесінің дәлділігіне силкалардың әсері болады. Мемлекеттік сорт сынау әдістерінің қойған талабы бойынша егістік тәжірибесін жүргізгенде нақтылы себу мөлшері жоспарлы мөлшерінен айырмашылығы 4-5%, ал силканың әр шүмектерінің бір-бірінен айырмашылығы 50 % болуы керек. Дақылдардың тұқымы топырақ қабатында бір қатарда бірдей тереңдікте болуын талап етеді.

Мөлдіктегі есепке алынған алқабы мен қайталауларының қарым-қатынасы тәжірибенің дәлділігін арттырады. Қайталаулар санын тәжірибе жүргізгенде өсіргенде оның дәлділігі арта түседі, ал мөлдіктің көлемін өсірсе, онда оған керісінше, қателіктен тәжірибенің дәлділігі төмендейді.

Егер қайталаулар «і» есе рет өсірілсе, тұрақты тәжірибелердің дәлдігі 3і рет өседі. Қабылданған заңдылыққа сүйене отырып тәжірибенің бөлшек есепті өнімін сәйкес тәжірибелерді шамалап зерттеу жұмысын жоспарлауда тәжірибе дәлділігін формула арқылы есептейді.

S x % = √ S

n × 100 : (K. X)

S x % - тәжірибенің жоспарланған қателігі

S2 - дисперсия қалдығы;

Х – тәжірибедегі орташа өнімділік;

К – коэфициент 3 n.i

n тең;

n, ni – қайталаулардың өсуі.


Барлық тәсілдердің варианттарды орналастырудағы тәжірибенің дәлділігін бағалаудағы айырмашылығы 0,5% аспайды, егістік тәжірибе жұмысында мұндай мөлшер жөнді байқалмайды.

2. Математикалық статистика іріктелген жиынтыққа немесе сұрыптауға жүргізілген бақылаудың негізінде барлық жиынтық туралы қорытындылар шығаруға мүмкіндік береді. Статистикалық тәсілдердің бірі ықтимал категориясына негізделген.

Статистикалық тәсілдерді жасаған ғалымдар И. Пирсон, В.И. Романовский, Р.А. Фишер, А.Н. Холмогоров. Оқып-үйренуге тиісті объектілердің барлық тобын жиынтық (басты жиынтық деп, ал объектілердің тексеруге, зерттеуге алынған бөлігін іріктелген жиынтық) іріктеу деп аталады.

Іріктеу тәсілінің басты мақсаты – шағын іріктеудің статистикалық көрсеткіштері бойынша объектердің статистикада басты жиынтық деп аталатын бүкіл жиынтығын мүмкіндігінше нақты сипаттау.

“X” ерекшелену белгілерінің мүмкін болатын мәндерін варианттар деп аталады. Оларды Х1 Х2, .... Хn арқылы таңбалайды. Қатарды ретімен тәртіптеу, яғни варианттың өсуі мен кему ретімен орналастыру ранжирлеу деп аталады. Берілген жиынтықтың мүшелеріндегі белгінің әр мәнінің қанша рет қайталанатынын сипаттайтын сандарды белгі жиіліктері деп атайды және оларды f арқылы таңбалайды. Барлық жиынтықтың қосындысы ∑f іріктеудің көлеміне, яғни қатар мүшелердің санына – R тең. Бастапқы бақылауларды өңдеудің нәтижесінде вариациялық қатар анықталады.

Ерекшеленген белгінің өсуі немесе кему ретімен алынған мүмкін болатын мәндері мен оларға сәйкес жиіліктерін көрсететін қатарды вариациялық қатар деп атайды.

Құбылмалықтың екі түрі кездеседі:

1. Сандық. Варианттар арасындағы айырмашылық санмен өрнектелетін құбылмалық. Мысалы, дәннің салмағы, биіктігі, шығымы, саны. Олар үздікті дискретті және үздіксіз болып ішінде бөлінеді.

2. Сапалық /атрибутивтік варианттар арасындағы сапалық, яғни кейбір варианттарда болатын, ал кейбіреулерде болмайтын көрсеткіштерімен өрнектелетін ерекшелену. Егер атрибутивті құбылмалықта белгінің бірін-бірі жоятын екі мәні ғана болса, ондай құбылмалықты альтернативтік (қосмағыналы) деп аталады.

3. Дисперсиялық талдау тәжірибесі жоспарлау және оның деректерін стстистикалық өңдеу үшін кеңінен пайдаланылады. Дисперциялық талдауды Р.А. Фишер ашты. Дисперсиялық талдау кезінде бірегей стстистикалық жиынтықты құратын арнаулы жұмыс кестесі күйінде қалыптасқан бірнеше іріктеулердің дербестерін бір мезгілде өңдейді. Статистикалық жиынтықтың құрылымы және оның одан арғы талдау схемамен және тәжірибенің әдістемесімен анықталады.

Дисперсиялық талдаудың мәні ауытқулар квадраттарының ортақ қосындысын және еркіндік дәрежелерінің ортақ санын экспериментің құрылымына сәйкес келетин жиынтықтарға мүшелеу және критерші бойынша зерттелетін факторлардың әрекеті мен өзара әрекетінің мәнділігің бағалау болып табылады.

Үгістіктегі тәжірибенің L вариантты және h рет қайталайтың деректері бойынша ауытқулар квадраттарының қосындысын әдетте мындай жүйемен табады. Бастапқы кестеде қосындыны Р қайталау V вариант бойынша және барлық бақылаулардың жалпы қосындысы бойынша анықтайды.



    1. бақылаулардың барлық санын N= ℓ *h

    2. корректорлау факторын (түзетуді) C (∑х)2 :N

    3. квадраттардың жалпы қосындысын Cy=∑x2-C

    4. қайталаулар үшін квадраттар қосындысын Cy=∑x2:1-C

    5. варианттар ұшін квадраттар қосындысын CV=∑v2:n-C

    6. қате үшін квадраттар қосындысын Cz=Cv- Cp –Cv

квадраттардың сонғы ені қосындысын Cv мен Cz-ті оларға сәкес келетін еркіндік дәрежелеріне бөледі, яғни салыстыратын қалыпқа – вариация еркіндігің бір дәрежесіне келтіреді. Нәтижесінде екі орташа квадрат/дисперция алынады.

S2v = СV



ℓ -1 варианттар

S2= C2 қателер



(n-1)(L-1)

Бақылау сұрақтары:

  1. Қате деген сөзді қалай түсіңісіз?

  2. Тәжірибе қателігін қалай анықтайды?

  3. Дисперссиялық анализ дегенді қалай түсіңесіз?

  4. Ранжирлеу дегеніміз не?


ОБСӨЖ № 11

Егістік тәжірибенің құжаттары мен есеп беруі

Өзіндік тапсырмалар:

  1. Егістік журнал түсінігі

  2. Күнделікті толтыру ерекшеліктері

Егістік тәжірибесін жүргізу ұзаққа созылатын жұмыс, ал бірнеше жүйелі егіс жұмыстарынан құралады, бақылау, зерттеу және есеп берушілігі, яғни тәжірибенің бағдарламасында қаралып бекітілген мәселелер. Егістік тәжірибесінің нәтижелері, өнімнің мөлшерін талдауда сондағы жағдайлардың барлығы варианттарда бөлек салыстырылады.

Зерттеу жұмысының нәтижесін дұрыс түсіндіру үшін эксперименттік мәліметтерді тәжірибе учаскісінде агротехникалық жұмыстарды, өсімдіктің айналасындағы жағдайларды бақылау арқылы тіркеп әрі оларды мұқият сақтау қажет. Тәжірибелерді құжат жүйелерімен қамтамасыз етуіне қойылатын талаптар:



  • тәжірибе учаскісінде қойылған мақсатына байланысты бақылаулар мен есептілігінің мәліметтері толық болуы;

  • мәліметтердің мерзімінде дұрыс, дән дайындалуы;

  • жазбалардың біртектестігі;

  • орындалатын жазбалардың мерзімділігі, сапалылығын жауапты орындаушының бақылауы.

Құжаттарға тіркелетін мәліметтер келесі категорияларға бөлінеді:

  • тәжірибе туралы негізгі мәліметтер, жер бедері, егістік жердің шаруашылық тарихы, тәжірибе әдістемесі, бағдарламасы.

  • алғашқы күнделікті құжаттарға тәжірибедегі жүргізілген бақылаулар мен есепке алу жұмыстарын жазып оытрады. Жазба жұмыстарын мөлдектің үстінде, лабораторияда бақылау, есептеу, талдау жұмыстарын жүргізу үстінде орындауды талап етеді;

  • есептілік немесе мәлімет құжаттары тәжірибе жұмысынан бос кезеңдерде дайындалады, алғашқы күнделікті жазбаларды толықтыра жөндеп жүйеге айналдырады

Әр тәжірибе үшін алғашқы күнделікті құжаттан егіс жұмыстарын және бақылау жұмыстарын күнделікке тіркеп отырады.

Күнделік - ол сумкада, қалтада салып жүруге ыңғайлы шағын кітапша дәптер.

Бақылау сұрақтары:

  1. Егістік журнал дегеніміз не?

  2. Егістік журналға енгізілетін жұмыс түрлерін атаңыз?

  3. Қандай жиілікпен күнделік толтырылуы қажет?

  4. Күнделіктің сақтау мерзімі қанша болуы керек?


ОБСӨЖ № 12-13

Вегетациялық тәжірибе көрсеткіштеріне дисперсиялық анализ

Өзіндік тапсырмалар:

1. Бірфакторлы тәжірибе

2. Көпфакторлы тәжірибе

Бірфакторлы тәжірибеде дисперсиялық талдаудың жалпы схемасында N – бақылаудың жалпы саны, n – қайталаулардың саны, l - варианттар саны. Варианттар Сv және қате Cz квадраттарының қосындысын еркіндік дәрежелерінің сәйкес санына бөлу арқылы F критерийін есептеуге қажетті орташа квадраттар Sv2 мен S2 алынады.

Мұнда квадраттардың барлық қосындысы оң сандар болатынын атап көрсету қажет. Қосынды теріс мәнді болса, қате кеткенін, демек, оны тауып жөндеу керек екенін көрсетеді.

Эксперимент түрі

Квадраттар қосындысы және еркіндік дәрежелері

жалпы

қайталаулар

бағаналар

варианттар

қалдық (қателер)

Толық рендомизация әдісі

Сv/

N-1


-

-

Сv/

L-1


Сv/

N-L


Ұйымдастырылған әдіс

Сv/

N-1


Сv/

n-1


-

Сv/

L-1


Сv/

(n-1) (L-1)



Латын шаршысы

Сv/

N-1


Сp/

n-1


Сc/

n-1


Сv/

n-1


Сz/

(n-1) (L-1)



Латын тік бұрышы

Сv/

N-1


Сp/

n-1


Сc/

n-1


Сv/

L-1


Сz/

(n-1) (L-1)


Тәжірибенің әр түрі үшін белгілібір математикалық модель немесе дисперсиялық талдаудың схемасы болады. Егістік жердегі бірен-саран танаптық немесе вегетативтік тәжірибе ыдысының шығымдылығы, егер олар ұйымдастырылмаған қайталаулар тәсілмен жүргізілсе, екі компоненттен: вариантпен байланысты және қатемен байланысты кездейсоқ компоненттен тұрады деп қарастырылуы мүмкін. Блоктар тәсілімен жүргізілген егістік жердегі тәжірибеде шығымдылық ерекшеленуінің компоненттері үшеу: қайталау, вариант және қате. Латын шаршысында және тік бұрышында төртеу: қатар, бағана, вариант және қате.

Дисперсиялық талдаудың математикалық моделі туралы айқын түсініктің болуы қажетті есептеу операцияларын түсінуді жеңілдетеді. Бұл әйтпесе қарапайым, дара факторлы тәжірибелерге қарағанда ерекшелену негіздері молырақ көп фактормен тәжірибелердің нәтижелерін өңдеуге өте қажет. Мысалы, әдеттегі қайталаулар блоктар тәсілімен жүргізілген екі факторлы тәжірибеде С варианттары үшін квадраттардың қосындысы үшке, ал үш факторлыда жеті компонентке мүшеленеді. Бұл тәжірибелер үшін квадраттардың жалпы қосындысы мына өрнектер түрінде беріледі.

Cy= (CA+CB+CAB)+Cp+Cz

Cy= (CA+CB+CAB+ CAC+CBC+CABC)+Cp+Cz

Көрсетілген компоненттерге сәйкес нәтижелі белгінің ерекшеленулерін және еркіндік дәрежелерінің жалпы санын ыдыратады.

Көпфакторлы тәжірибелерді көбінесе күрделі немесе бөлек-бөлек танаптар тәсілімен жүргізеді. Бұл жағдайда дәлдіктің бірыңғай дәрежесіне барлық салыстыруларды келтіру міндетті емес. Бөлек-бөлек танаптағы варианттардың орналасуынан туатын әртүрлі салыстырулардың нақпа-нақ болмауы тәжірибеде кеткен қатені оны құрайтын компоненттерге: бірінші дәрежелі танапқа Сz1, орналасқан варианттар қатесіне, екінші дәрежелі танаптағы Сzi, варианттар қатесіне жіктеуді талап етеді. Соңынан бұл қателерді факторлардың әсері мен өзара әсерін бағалау үшін пайдаланады. Мысалы, екі және үш факторлы егістік тәжірибелері үшін егер олар танаптарды екі және үш рет бөлшектеуге сәйкес жүргізілген болса, квадраттардың қосындысы мынаған тең болады:

Cy= (CA+CB+CAB)+Cp+Cz+Cz

Cy= (CA+CB+CC +CAB+ CAC+CBC+CABC)+Cp+Cz1+Cz11+Cz111

Сонымен, бөлшектенген танаптардағы тәжірибелерде айырмашылықтар елеулілігін бағалау бұрыңғы мысалдардағы сияқты бір ғана квадраттардың қалдық қосындысына сүйенбейді, қайта бірінші, екінші және үшінші дәрежелі танаптарға шақталған қосындысына сүйенеді.

Квадраттар қосындысын есептеуді жеңілдету үшін әсіресе есептеу машинасы жоқ кезінде бастапқы даталарды, әдетте, шартты бастаудың А өлшемдерінің нәтижесінен тәжірибедегі орташа шығымдылыққа Х жақындайтын бүтін санды шегеріп тастау жолымен түрлендіреду. Есептеудің бастапқы жағын өзгерту квадраттар қосындысына әсер етпейді және шағын орынды цифрлармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Дисперсиялық талдау белгінің бірлікке немесе 100 процентке балап алған ортақ дисперсиясындағы қандай да болмасын фактордың әсерінің дәрежесі немесе үлесі туралы ұғым алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:

Варианттар әсері:

Қайталаулар әсері:

Кездейсоқ факторлар әсері:

1,0 немесе 100 % барлық факторлар әсері.

Варианттардың, қайталаулардың және қалдықтың квадраттарының қосындысының жалпы ерекшеленуге қатынасы, олар мұнда тиісінше ƞ2v, ƞ2z белгіленген белгінің жалпы құбылмалылығындағы жекелеген факторлардың қатысу үлесін көрсетеді.

Дисперсиялық талдау эксперименттік мәліметтерді өңдеуді Стьюдент критерийінің жұптап салыстыру тәсіліне қарағандағы мынадай негізгі артықшылықтарына байланысты қолдануға жедел енді.



  1. Әрбір варианттағы орташа жекелеген қателердің орнына дисперсиялық талдауда орта шамалардың бақылаудар санына негізделген жалпылай қатесі пайдаланылады, демек, ол – бағалаулар үшін сенімді база болып табылады;

  2. Дисперсиялық талдау тәсілімен қарапайым және күрделі, бір немесе бірнеше жылдық, дара және көп факторлы тәжірибелердің мағлұматтарын өңдеуге болады;

  3. Дисперсиялық талдау тәжірибеде варианттардың аса көп санын есептеуден құтқарады және статистикалық өңдеуц қорытындысын елеулі айырмалар түрінде жинақы көрсетуге мүмкіндік береді.

Экспериментті жоспарлаудың осы заманғы теориясы мен статистикалық талдау рендомизмдік принциптеріне негіәзделген. Теория барлық бақылаулардың тәуелсіз болуын талап етеді. Бұл жағдайда дисперсиялық талдау эксперимент қатесінің шатыстырылмаған дұрыс бағасын береді. Демек, егер тәжірибе рендомизацияланбаған болса, онда экспериментші тәжірибенің шатыстырылған қатесін алуы мүмкін және дисепрсиялық талдауда қолданылатын мәнділік критерийі заңды күшін жоғалтады да вариантар тиімділігінің дәлме-дәл статистикалық дәлелдемесінің аргументі болу сапасын жоғалтады.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бір факторлы тәжірибе жүргізу ерекшеліктерін атаңыз?

  2. Екі факторлы тәжірибеге мысал келтіріп, негізгі жұмыс түрлерін көрсетіңіз?

  3. Көпфакторлы тәжірибе түрі қай жағдайда қолданылады?

  4. Көпфакторлы тәжірибе жүргізу ерекшеліктерін атаңыз?

  5. Дисперсиондық талдаудағы есеп түрлерін атаңыз?

  6. Қателік қанша пайыздан аспауы тиіс?


ОБСӨЖ № 14

Топырақ эрозиясына ұшыраған алқаптарға егістік тәжірибелерді жүргізудің ерекшеліктері

Өзіндік тапсырмалар:

  1. Топырақ эрозиясы бар топырақтар

  2. Тәжірибе жүргізу ерекшеліктері

Топырақ эрозиясы – топырақтың үстінгі құнарлы қабатының қатты желдің күшіне ұшырауы немесе топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын судың жуып әкетуі.

Жел эрозиясы өте қауіпті амақтарда егіншілікте егістік тәжірибе жүргізудің негізгі ерекшеліктері:



  • тұрақты тәжірибелер ұзақ мерзімде, мысалы, 6-8ж, тіпті одан да көп уақыт жүргізіледі;

  • мөлдек үлкен көлемді болуы тиіс;

  • мөлдекті бағыттау беті ұзына бойы, ал егетін жолдарды желдің үстемді бағытына көлденең орналастырады.

Егіншілік шаруашылығында егістік тәжірибе жүргізу үшін танаптарды іріктегенде қойылатын негізгі талаптары топырағы мен бедері және топырақ құнарлығы мүмкіндігінше біртектес болуы қажет. Бедері тегіс болған жағдайда топырақты кез келген бағытта өңдейді, ал себу тек қана қатты соғатын желдің бағытына көлденең болу қажет. Бедері тегіс болған жағдайда топырақты кез келген бағытта өңдейді, ал себу тек қана қатты сағатын желдің бағытына көлденең болу қажет. Тәжірибе мөлдектеріне тек қана өнімді аудандастырылған сорттардың егіс сапасы жоғары тұқымдарын себуін қажет етеді. Мөлдектің ені 200-300 м. болуы тиімді болады. Тәжірибе жұмысындағы сақтайтын қағида варианттарға кездейсоқты айырмашылықтары бар мөлдектерді араластырмайды.

Тәжірибелері жүргізу кезеңдеріндегі істелетін жұмыстарға мыналар жатады.



  • ай сайын қардың түскен мөлшерін есепке алу;

  • фенологиялық бақылауларды мерзімінде жүргізу;

  • тонаптардың арамшөптерден ластануын есепке алу;

  • егістік тәжірибедегі варианттардың өнімін есепке алып, дәнді 100 % тазалыққа және 14 % ылғалдыққа келтіру;

  • жел және су эрозиясының пайда болуын бақылау – барлық варианттардың әр қайталауларында есепке алынатын мөлдектің көлемі 3-5га болуы қажет.

Зерттеудегі агротехникалық амал-тәсілдердің әсеріне толық сипаттама беру үшін өсімдіктердің өсіп-өну кезеңдеріне бақылау мен есепке алу жұмыстары жүргізіледі.

Метерологиялық бақылау өсімдіктердің өсіп-өну кезеңінде әртүрлі агрофондардағы өзгергіштік қалпын анықтауға мүмкіндік туғызады. Тәжірибе жүргізілетін жерде жауын-шашын, топырақтың ылғалданған қабатын қардың түскен биіктігін, ауа қуаншылығын, нөсерлі жауын, бұршағы, көктайғақ, дауыл, қар еру мерзімі, көктемдегі топырақ қабатындағы ылғалдылығы және т.б. белгіленеді.

Фенологиялық бақылау жұмысы вариант сайын бөлек жүрігізіледі. Мөлдектегі өсімдіктердің әр кезеңінің басталу тәулігін белгілейді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Топырақ эрозиясы қай жағдайда пайда болады?

  2. Тәжірибе жүргізу жұмыстарына не кіреді?

  3. Тәжірибе жүргізу ерекшеліктерін атаңыз?


ОБСӨЖ № 15

Егіншілік тәжірибе әдістерін сортсынау учаскесінде жүргізудің ерекшеліктері.

Өзіндік тапсырмалар:

1.Мемлекеттік сорт сынау.

2.Сорт сыналатын агротехникалық жағдай.

МСС учаскесі шаруашылықтың жалпы ауыспалы егістің арнайы бөлінген жерінде орналастырылады. Сорт сыналатын мөлдектер пішіндері ені жағы созыңқы келеді де, көлденеңінен 20-50 есе артық болады. Мөлдектің ұзын бойын орманға көлденең орналастырады және олардан 100 м қашықтықта болады.

МСС


  • астық, жарма дақылдары, дәнді-бұршақ, жүгері, күнбағыс, жаппай егісетін майлы дақылдар, мақта, қант қызылшасы – 100 м2;

  • көпжылдық және бір жылдық шөптер, сүрленетін дақылдар, люпин, салалы, темекі, сая картоп, көкнәр – 50м2;

  • қырыққабат, бұрыш, баулажан, қияр, сәбіз, шалқан – 40-50м2;

  • пияз, сарымсақ, көкөніс дақылдар – 20-25м2.

Сорттарды сынау бәсекесі жұмыстары механикаландырылған болса, мөлдек мөлшерін 350-600 м2 дейін өсіреді, қайталау 4 рет. Сорт сыналатын мөлдектерді бір қабатта немесе бірнеше қабаттарда орналастырады.

Сорттардың бір-біріне әсерін тигізбеуге аралықтарына қорғаныш қатарларын қалдырады.

Стандарт вариантты ретінде аудандастырылған дақылды белгілейді.

Тәжірибе жүргізу. Әдіс бойынша тәжірибелерді дара жүргізудің екі жолы бар:


  • сорт сынау учаскесін өткен жылғы өндіріс сынауда болған жерде жүргізу;

  • өндіріс сынауын өткен жылғы сорт сынау учаскесінде болған жерде жүргізу.

Әр шаруашылықта бір ғана сорт сыналады, ол ең алдыңғы аудандастырылған сортпен салыстырылады. Өндіріс жағдайында жаңа сортты зерттеу үшін 1-ші жылы себетін алқабының мөлшері: астықтар, майлылар, талшықты өсімдіктер, техникалық дақылдарға 2-4 га, шөптер, картопқа 1-2 га, бақша дақылдары, азық тамыржемістеріне 0,25 га, көкөніс дақылдарына 0,1-0,25 га бөлінеді. Өндіріс жағдайында сындағы сортпен көршілес аудандастырылған сорт себіледі.

Салыстырылатын сорттарды бір тәсілмен жинайды, екеуінің де алқаптары тең болуы қажет, себебі сыналатын сорт аудандастырылған сортпен салыстырылады.

МСС жұмысын жоғары егіншілік мәдениеті бар алқаптарда жүргізіледі, сонда ғана сыналатын сорттардың өнімділігін арттырады.

МСС себу мөлшерінің 3 тәсілдерін қолданады:



  1. га тұқым өнгіштігіне қарай бидайды, қара бидайды, арпаны, сұлыны, тарыны, қарақұмықты, күрішті, дәнді бұршақтарды, зығырды, кендерді, қышаны, рапсты, арышты себеді.

  2. га тұқымның салмағы арқылы кең қатарлы егісте кенепшөпті, қант қызылшасына, көпжылдық шөптерді, судан шөбін, люгарды, біржылдық үйбидайықты, жер жаңғақты, кориандрды себеді;

  3. өсімдіктің қоректенетін алқабы оның аралық қатарының еніне және өсімдіктің ұядағы санына немесе өсімдіктердің ара қатарларының қашықтығына байланысты, мысалы, жүгері, қонақжүгері, күнбағыс, көкнәр, мақта, темекі, картоп және мол азық, тамыржемістілері себіледі.

Астықты, бұршақты, жармалы. Майлы және эфир майлы дақылдардың себу жиілігін екі мерзімде есепке алады, 1-ші толық егін көктегенде, 2-ші егінді жинар алдындла есепке алады.

Бақылау сұрақтары:

  1. МСС қай жағдайда жіберіледі?

  2. МСС танаптарында тәжірибе жүргізу ерекшеліктері неде?


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М., Агропромиздат, 1985.

  2. Лузько А.Т. Дисперсионный анализ в растениеводстве. Кокшетау, 2008.

  3. Сеитов И.С. Егіс тәжірибелерін жүргізу методикасы. А.: Қайнар, 1990.

  4. Томилов В.П. Практикум по методике опытного дела. М.: Колос, 1991.



СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСЫ

СӨЖ № 1

Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері пәнінің

даму тарихы»

Тапсырмалар:

  1. Өндіріске ғылыми ұсыныс жасауды дайындауда үлкен үлес қосқан Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері және ғалымдары?

  2. Солтүстік Қазақстанның егістік көлемінде көп үлес алатын дақылдардың сорттарын шығарған және селекциялық жұмыстармен айналысатын Қазақстанның ғылыми мекемелері және ғалымдары?


СӨЖ №2

Тақырыбы: «Пәннің негізгі түсініктемелері»

Тапсырмалар:

1.А.А.Кудрявцев, П.Н.Константинов, Б.А.Доспехов, Н.Г.Найдин және басқа авторлар редакцияларындағы «Танаптық тәжірибе» түсініктеріне анықтама беру. Бұл түсініктердің негізгі мәні.

2.Өндірістік тәжірибенің маңызы қандай?

3.Тұрмыстық тәжірибе және оның ауылшаруашылығы дақылдарын өсірудегі ата-бабаларымыздың тәжірибесін жинақтаудағы ролі?

4.Ауыл шарушылығы бойынша бірінші қолжазба ретінде «Геопоники» - Х ғасырдағы византиялық энциклопедияның маңызы қандай? Бұл қолжазбаның авторы кім және жалпыланған тәжірибе мысалдары?
СӨЖ №3

Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық дақылдарының тіршілік кезеңдерін бақылау ерекшеліктері»

Тапсырмалар:

  1. Өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізудің жаппай және таңдамалы әдістерінің мәні неде?

  2. Фенологиялық бақылаулардың маңызы қандай және өсімдіктердің тіршілік ету кезеңдерінің фазалары – тіршілік фазасының басы және толық фаза қалай белгіленеді?

  3. Танаптық тәжірибелерде әр түрлі дақыл топтары үшін қандай тіршілік ету фазалары белгіленеді – астық, дәнді-бұршақ, жүгері, мал азықтық біржылдық және көпжылдық, астық және бұршақ тұқымдас шөптер?


СӨЖ №4

Тақырыбы: «Өсімдіктердің фенологиялық кезеңдерін бақылау және есептеу жұмыстары»

Тапсырмалар:

  1. Танаптық тәжірибелерде сабақ бітіктігінің (шөп оттылығының) жағдайына бақылау жүргізу әдістемесі қандай, қандай көрсеткіштер бойынша және өсімдіктердің қолайсыз жағдайлардан зақымдану дәрежесін бағалау жүйесі қандай?

  2. Сабақ бітіктігі тығыздығын есептеу әдістемесі қандай?

  3. Тұқымдардың танаптық өнгіштігі, өсімдіктердің сақталуы және тірі қалуы түсініктері.

  4. Өсімдік массасының өсуін анықтау үшін үлгі (сынақ) алу әдістемесі қандай және бұл жұмысты жүргізу технологиясы?

  5. Өнім құрылым элементтері түсінігі және бұл әдістің танаптық тәжірибе үшін мәні?


СӨЖ №5

Тақырыбы: «Фенологиялық бақылау жұмыстарын жүргізудің әдістемелері»

Тапсырмалар:

  1. Көпжылдық шөптердің және басқа да қыстайтын өсімдіктердің егістігінде бақылау және есептеу жұмыстарын жүргізудің ерекшеліктері қандай?

  2. Егістіктің арамшөптермен ластануын есептеу әдістемесі, жұмыстарды жүргізу мерзімдері және әдістері қандай?

  3. Фитопатологиялық және энтомологиялық есептеу жұмыстарының маңызы қандай және олардың танаптық тәжірибелердегі мәні?


СӨЖ № 6 -7

«Танаптық тәжірибелерді суармалы жағдайда жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»

Тапсырмалар:

1. Суарудағы танаптық тәжірибелерді қою мен өткізуде қандай жағдайларды ескеру керек?

2. Суаруда тәжірибе мөлдектерінің орналасу ерекшеліктері мен өлшемдері қандай?

3. Өсімдіктердің әртүрлі өсіп-даму кезеңдерінде топырақ ылғалдылығы мен суару нормасын есептеудің әдістемесі қандай?

4. Суару жағдайында фенологиялық бақылауларды жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері қандай?
СӨЖ №8-9

Тақырыбы: «Топырақты эрозиядан қорғау бойынша жүргізілетін танаптық тәжірибелердің ерекшеліктері»

Тапсырмалар:

1. Топырақтарды эрозиядан қорғау тәжірибелеріне қандай негізгі талаптар қойылады?

2. Топырақтарды су эрозиясынан қорғау тәжірибелерін қоюда қандай негізгі әдістемелік шарттарды ұстану керек?

3. Топырақтарды жел эрозиясынан қорғау тәжірибелерін қою әдістемесінің ерекшеліктері қандай?

СӨЖ № 10-11

Тақырыбы: «Танаптық тәжірибелерді өндіріс жағдайында жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері»

Тапсырмалар:

  1. Танаптық тәжірибелерді өндірістік жағдайда қоюдың негізгі мақсаты қандай?

  2. Шаруашылық жағдайында қандай танаптық тәжірибелер түрлері өткізіледі және олардың негізгі мақсаты?

  3. Өндірістік танаптық тәжірибеге қандай талаптар қойылады және оларды өткізу әдістемесі?


СӨЖ №12-13

Тақырыбы: «Фишердің нақты және кестелік критерийлерін есептеудің және алынған мәліметтерді талдаудың әдістемесі»

Тапсырмалар:

  1. Фишердің нақты және кестелік критерийлерін есептеудің әдістемесі қандай?

  2. Бұл көрсеткіштерді салыстыру негізінде қандай қорытындылар жасауға болады?


СӨЖ № 14-15

Тақырыбы: «Тәжірибе нұсқаларында айырмалардың (қосу немесе азайту) дұрыстығын анықтау»

Тапсырмалар:

  1. Тәжірибе нұсқалары бойынша алынған қосымша өнім немесе өнімнің төмендеуінің дұрыстығы қалай есептеледі (ЕТА05 және тәжірибенің дәлдігі)?

  2. Түзету коэффициентін анықтау әдістемесі (Стьюдент критерийі)?

  3. Тәжірибе нұсқалары бойынша алынған қосымша өнімінің (немесе өнімінің төмендеуі) дұрыстығын белгілеудің әдістемесі қандай?


Пайдаланған әдебиеттер:

  1. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. М., Агропромиздат, 1985.

  2. Лузько А.Т. Дисперсионный анализ в растениеводстве. Кокшетау, 2008.

  3. Сеитов И.С. Егіс тәжірибелерін жүргізу методикасы. А.: Қайнар, 1990.

  4. Томилов В.П. Практикум по методике опытного дела. М.: Колос, 1991.


«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ» пәні бойынша АБ сұрақтары

  1. ­ Зерттеу дегеніміз не?

  1. тәжірибе алаңын бөліктерге бөлу

  2. жұмыстың барысын практикада тексеру

  3. егін алқаптарын математикалық есептеу

  4. бір бағыттағы тәжірибе, есеп, анализ

  5. жердің құнарлылығын байқауға арналған жұмыстар



  1. Зерттеудің түрлері:

  1. практикадағы бақылау, есептер мен анализдар

  2. нақты және қолданбалы зерттеу

  3. теориялық және эксперименталды зерттеу

  4. дұрыс және бұрыс зерттеу

  5. мықты және әлсіздеу зерттеу



  1. Зерттеудің теориялық бөлімі дегеніміз не?

  1. бақылау мен есептерді жоспарлау

  2. жұмыс программасын құру

  3. тәжірибе алаңын зерттеу

  4. осы тақырыпқа байланысты әдебиеттерді қарастыру

  5. тәжірибе алаңындағы өнім көрсеткішін зерттеу



  1. Зерттеудің экспериментальды бөлімі дегеніміз не?

  1. тәжірибе алаңындағы жұмыстардың жоспарын жасау

  2. тәжірибе алаңына арналған жұмыс алаңын таңдау

  3. егіс алқабындағы бақылаулар мен анализдерді жасау

  4. егін егу нормасын айқындау

  5. тәжірибе алаңындағы суды тоқтатып, егін егу алдындағы культивацияға көшу



  1. Қолданбалы зерттеуге қандай тәжірибе жатады?

  1. топырақты қорғау бөлімін жасау

  2. топырақтың дымқылдығының жоңышқаның өсуіне әсері

  3. астықтың өсуіне жарықтың әсері

  4. жаздық бидайдың өсуін зерттеу

  5. жүгерінің өсуіне аммиак және азот нитратының әсері



  1. Зерттеу әдістерн атаңыз?

  1. тәжірибе алаңын бөліктерге бөлу

  2. тәжірибе алқабында теңеу әдісі

  3. есептеу дозасына сәйкес тыңайтқыштарды пайдалану

  4. тәжірибе, анализ, есеп, бақылаулау

  5. алдын-ала ойлау эксперименті



  1. Бақылау дегеніміз не?

  1. әр тәжірибе нұсқасындағы бөлімнің анализі

  2. тәжірибе нұсқасындағы алаңды анықтау

  3. жасыл желектің өсуін анықтау

  4. егіннің есебі

  5. тәжірибе нұсқасын қарау мен өсімдіктің түрін тіркеу



  1. Тәжірибеде нені өлшеуге болады?

  1. топырақтың дымқылдығын фазалар арқылы

  2. өсімдіктің бойы, жапырақтың көлемін

  3. өсімдіктің салмағын

  4. топырақтың қалыңдық салмағын

  5. тәжірибе алаңының тазалығын



  1. Анализ арқылы нені анықтайды?

  1. тәжірибе нұсқасындағы жапырақтардың көлемі

  2. тазалығын

  3. өсімдіктің салмағы мен бойын

  4. өсімдіктің қалыңдығын байқау

  5. өсімдіктің химиялық құрамы мен тазалығы



  1. Тәжірибе алаңындағы ең басты элемент?

  1. қорғау сызығы

  2. қайталанулар

  3. бөлінген, қырынан бөлінген және соңғы жолдар

  4. тәжірибені тіркеу

  5. нұсқалар



  1. Мына сөзге анықтама беріңіз: «Агротехникалық қабылдау бөлімі, берілген фактордың дозасы, өсімдіктің түрі, сорты, талдауға арналған тыңайтқыштар»

  1. теориялық зерттеу

  2. қолданбалы зерттеу

  3. тәжірибе қайталануы

  4. тәжірибедегі қорғау жолағы

  5. тәжірибе нұсқасы



  1. 5 нұсқа берілген, қайсысын бақылауға алған дұрыс?

  1. себу нормасы 2,0 млн.всх.бидай

  2. себу нормасы 2,5 млн.всх.бидай

  3. себу нормасы 3,0 млн.всх.бидай

  4. себу нормасы 3,5 млн.всх.бидай

  5. себу нормасы 4,0 млн.всх.бидай



  1. Тәжірибе алаңындағы бөлінген бөліктердің ауданың тап?

  1. 5 кв.м

  2. 10 кв.м

  3. 200 кв.м

  4. 1000 кв.м

  5. 1 га.



  1. Мына анықтаманы ажырат: « Бақылау және оқу нұсқаларының жиынтығы»

  1. бақылау

  2. тәжірибе қайталануы

  3. тәжірибедегі қорғау жолақтары

  4. тәжірибенің сызбасы

  5. тәжірибедегі өнімді теңестіру



  1. Ұсақ тәжірибе алаңындағы бөліктің ауданын тап:

  1. 0,25 кв.м

  2. 0,5 кв.м

  3. 1 кв.м

  4. 50 кв.м

  5. 100 кв.м



  1. Тәжірибедегі қайталануларды немен түсіндіруге болады?

  1. бақылаудағы нақты мәліметтерді алумен

  2. әр нұсқадағы нақты мәліметтерді алумен

  3. тәжірибе нұсқаларының бүлінуінен қорғалуымен

  4. бақылаудың бүлінуден қорғалуымен

  5. өзара нұсқалардың бір-біріне әсерін болдырмау



  1. Қорғау жолақтарының тәжірибе алаңындағы тағайындалуы?

  1. тәжірибе алаңын кездейсоқ жайттердан қорғау

  2. егін егу науқанының басталуы

  3. егін агрегатының айналуы

  4. комбайнның айналуы үшін

  5. тәжірибе алаңының ауданын ұзарту үшін



  1. Өзара бөлу жолдарының тәжірибе алаңындағы орны?

  1. бір нұсқаның екіншісінен айырмашылығы

  2. нұсқалардың өзара бір-біріне әсерін тигізуден қорғау

  3. бақылау жүргізуге ыңғайлы болғандықтан

  4. егін жинауда ыңғайлылық үшін

  5. топырақтың құнарсыздығын болдырмау үшін



  1. Тәжірибедегі өзара бірлестік топырақтың құнарлылығының жойылуына әкелуі мүмкін.Мұның себебі неде?

  1. көп мөлшердегі алқаптардың болуы

  2. тәжірибедегі бөліктердің ауданының үлкендігі

  3. қайталама тәжірибедегі шыбықтың өзгеруі

  4. топырақ құнарлығының азаюы

  5. кездейсоқ жағдайлардың көп болуы



  1. Қандай тәжірибеде нұсқалардың өзара әсер етуі көп көрінеді?

  1. тегіс және орташа өңдеу тәжірибесінде

  2. егін егу науқанының мерзімі тәжірибесінде

  3. егін егу нормасының тәжірибесінде

  4. сорттарды сараптау тәжірибесінде

  5. әр түрлі терең өңдеу тәжірибесінде



  1. Гербициттермен тәжірибеде нұсқалардың өзара қарым-қатынасынан қалай алшақ кетуге болады?

  1. бөлінген ауданның көлемінің 40 м.ұзарту

  2. аралық бөлу жолының көлемін үлкейту

  3. қайталану санының өсуі

  4. нұсқалардың санының артуы

  5. тәжірибе алаңының көлемін ұзарту



  1. Түрлерді оқуда қандай әдісі қолданады?

  1. рендомизация әдісі

  2. латын квадратының әдісі

  3. дактиль әдісі

  4. Ямб әдісі

  5. жүйелі әдіс



  1. Ұсақ бөлінген тәжірибедегі нұсқалар қандай әдіспен анықталады?

  1. жүйелі әдіс

  2. рендомизация әдісі

  3. Ямб әдісі

  4. Дактиль әдісі

  5. латын квадраты әдісі



  1. Сортаң топырақтағы нұсқалардың орналасуын қандай әдіспен анықтайды?

  1. латын квадраты әдісі

  2. бөліктерді бөлу әдісі

  3. рендомизация әдісі

  4. Дактиль әдісі

  5. Ямб әдісі



  1. Тыңайтқыштармен жұмыс істегенде нұсқаларды қандай әдіспен орналастрады?

  1. жүйелі әдіспен

  2. Дактиль әдісімен

  3. Ямб әдісімен

  4. рендомизация әдісімен

  5. латын квадраты әдісімен



  1. Латын квадраты әдісінің маңызы неде?

  1. тәжірибенің әр қайталануы нұсқалардың квадратына тең

  2. тәжірибенің ұзындығы көлеміне тең

  3. аралық бөлу жолдары оның квадратына тең

  4. қорғану сызықтарының өзі квадраттар

  5. қайталану саны нұсқалардың санымен тең



  1. Рендомизация әдісінде нұсқаларды қалай орналастырады?

  1. мына қатар бойынша: 1,2,3,4,5.

  2. нақты нұсқалардан кейін бақылау еңгізеді: 1,2,3,1,4,5,1,6.

  3. жребий арқылы 5,2,1,4,3.

  4. әр нұсқа жеке бақыланады: 1,2; 1,3; 1;4; 1,5.

  5. қайталану саны нұсқалармен тең.



  1. Дактиль әдісінде нұсқалар қалай орналасады?

  1. жребий арқылы кездейсоқ

  2. әр нұсқа жеке бақыланады

  3. квадраттың көлемімен және қайталау саны нұсқамен бірдей болғанда

  4. бақылау нұсқасын қайталап бірнеше рет кіргізеді

  5. сызба бойынша 1,2,3,4,5.



  1. Жүйелі әдістің нұсқалардың орналасуында тигізетін жағымды жақтары қандай?

  1. топырақтың құнарлығының азаюы төмендеуі азаяды

  2. тәжірибенің жоғары нақтылығы

  3. нұсқалардың өзара әсері азаяды

  4. егін науқаны мен егін ору науқанын шатастырмайды

  5. қайталау саны нұсқалардың санымен тең



  1. Жүйелі әдістің нұсқалардың орналасуында тигізетін жағымсыз жақтары?

  1. егін ору мен себуде нұсқаларды шатастырып алуға болады

  2. нұсқалардың өзара әсер етуі басым

  3. тәжірибе алаңының үлкендігі

  4. тәжірибедегі қорғану сызығының алаңының үлкендігі

  5. аралық бөлу жолдарының енінің жалпақтығы



  1. Тәжірибедегі аралық бөлу сызығының енінің көлемін көрсет:

  1. 15см

  2. 22,8см

  3. 40см

  4. 80 см

  5. 100 см



  1. Рендомизация әдісінің жағымды жақтарын көрсет

  1. нұсқалардың өзара әсер етуі болмайды

  2. егін ору мен себуде нұсқаларды шатаытырып алуға болмайды

  3. тәжірибедегі қайталанулардың жиі болуы

  4. тәжірибедегі қорғану сызығының көп мөлшерде болуы

  5. тәжірибедегі жолдардың көлемінің үлкендігі



  1. Рендомизация әдісінің жағымсыз жақтарын көрсет

  1. бірнеше нұсқалардың бір-біріне әсері үлкееді

  2. тәжірибе алаңының үлкендігі

  3. қорғану сызығы көлемінің ұзындығы

  4. егін ору мен себуде бөліктерді шатастырып алуға болады

  5. тәжірибе алаңындағы топырақтың құнарлығы азайып, өнімге зиянын тигізеді



  1. Дактиль әдісінің жағымды жақтарын ата:

  1. бақылау арқылы нақты мәліметтерге қол жеткізеді

  2. оқу нұсқалары туралы толық мәліметер алады

  3. тәжірибе алаңының ұзындығы

  4. қорғану сызығының көлемінің үлкендігі

  5. өнімді ору мен себуде есептен шатасу қиын емес



  1. Дактиль әдісінің жағымсыз жақтары:

  1. нұсқалардың өзара ықпалы күшееді

  2. бақылаудың үздіксіз жүруіне байланысты тәжірибенің есеп алаңының көлемі үлкееді

  3. аралық бөлу жолдарының көлемінің үлкендігі

  4. топырақтың құнарлығының азаюы

  5. егін ору,себу мен есептеуде нұсқаларды шатастырып алуға болады



  1. Ямб әдісінің жағымды жақтарын ата.

  1. топырақ құнарлығының оқытылатын түрге сәйкес әсер етуі жоғалады

  2. стандарт бойынша толық мәліметтер алады

  3. егін егу мен оруда нұсқаларды шатастырмайды

  4. тәжірибеде сызықтар 2 ярус бойынша орналасады

  5. қайталанулар саны нұсқалар санымен сәйкес келеді



  1. Ямб әдісінің жағымсыз жақтарын ата.

  1. егін егу мен оруда нұсқаларды шатастырып алуға болады

  2. бақылаудың үздіксіз жүруіне байланысты тәжірибенің есеп алаңының көлемі үлкееді

  3. бөліктердің көлемінің үлкендігі

  4. оқытылатын нұсқаларға топырақтың құнарлығының әсері мол

  5. қорғаныс сызығының көлемінің үлкендігі



  1. Бақылау дегеніміз не?

  1. далалы жердегі агротехникалық жұмыстың түрі

  2. қолданбалы зерттеу

  3. оқытылатын объектіні тексеру және оны тіркеу

  4. экспериментальды зерттеу

  5. ойдан сыртқы ортаға келетін ақпарат



  1. Өсімдік әлеміндегі маусымдық көріністер туралы ілім қалай аталады?

  1. өсімдік физиологиясы

  2. ботаника

  3. фенология

  4. экология

  5. агрометеорология



  1. Егістік даласындағы тәжірибеде өсімдік фазаларына қандай бақылаулар жүргізіледі?

  1. агрохимиялық

  2. вегетациялық

  3. егістік

  4. фенеологиялық

  5. агрофизикалық



  1. Тәжірибеде арамшөптің есебін қай уақытта жүргізеді?

  1. егіс жұмыстарының басында

  2. топырақтың түгел піскен кезінде

  3. жасыл желек шыққан кезде

  4. егін түгел шыққан кезде

  5. егін түгел піскен кезде



  1. Сәл ғана өскен арамшөптің есебін алуға арналған жиектің көлемі қандай?

  1. 0,25 кв.м

  2. 0,5 кв.м

  3. 1 кв.м

  4. 5 кв.м

  5. 10 кв.м



  1. Бөліктегі арамшөптің есебін жүргізу үшін неше рет жиек салынады?

  1. 2 рет

  2. 4 рет

  3. 10 рет

  4. 15 рет

  5. 20 рет



  1. Тәжірибе алаңындағы өсімдіктің қалыңдығы қалай анықталады?

  1. көзбен

  2. бір көлемдегі жиектің ішіндегі өсімдікті өлшеу

  3. өсімдікті талдау

  4. өсімдік үлгілерінің анализімен

  5. өсімдікті жинап, оны өлшеумен



  1. Бір маусымда өсімдіктің қалай өскендігін неше рет бақылайды?

  1. 2 рет

  2. 3 рет

  3. 4 рет

  4. 5 рет

  5. 6 рет



  1. Өсімдіктің өміршңдігі дегеніміз не?

  1. толық көктеу саны

  2. жаңа шығып келе жатқан өсімдіктердің көлемі

  3. гүлдеген өсімдіктердің көлемі

  4. толық піскен өсімдіктердің көлемі

  5. егін ору науқанындағы пайызбен келтірілген өсімдік саны



  1. Өсімдіктің егістегі көктеуі дегеніміз не?

  1. өскен кездегі тұқымның пайыздық мөлшері

  2. толық өскен тұқымның саны

  3. толық өсуде аман қалған тұқымның саны

  4. толық көктеген өнімнің пайыздық мөлшері

  5. егін ору науқаны кезіндегі аман қалған өсімдіктің саны



  1. Жапырақтағы құрғақ бөліктің пайыздық мөлшерін қалай анықтауға болады?

  1. дымқыл жапырақтардың салмағын өлшеумен

  2. құрғақ жапырақтардың салмағын өлшеумен

  3. дымқыл жапырақтардың ауданын өлшеумен

  4. құрғақ жапырақтардың ауданын өлшеумен

  5. құрғақ жапырақтардың салмағының г.мөлшерін дымқыл жапырақтардың г.мөлшеріне көбейтіп, оны 100 көбейтумен



  1. Сабақтағы құрғақ бөліктің пайыздық мөлшерін қалай анықтауға болады?

  1. дымқыл сабақтарды өлшеумен

  2. құрғақ өсімдік сабақтарын өлшеумен

  3. дымқыл өсімдік сабақтарының диаметрін анықтаумен

  4. құрғақ өсімдік сабақтарының диаметрін анықтаумен

  5. құрғақ өсімдік сабақтарының г.мөлшерін дымқыл өсімдіік сабақтарының г.мөлшеріне көбейтіп, оны 100 көбейтумен



  1. Қант қызылшасының жапырағының көлемін қалай анықтауға болады?

  1. жапырақтың ұзындығы мен енін өлшеумен

  2. жапырақтың контурын салумен

  3. мына формула арқылы 0,67АВ

  4. жапырақтың өлшемін қиып алумен

  5. аударма коэфицентін қолданумен



  1. Бидайдың жапырағының көлемін қалай анықтауға болады?

  1. мына формула арқылы 0,67АВ, где А – длина, В- ширина

  2. жапырақтың ұзындығын еніне көбейту арқылы

  3. жапырақтың өлшемін қиып алумен

  4. жапырақтың контурын салумен

  5. аударма коэфициентін қолданумен



  1. 1 өсімдіктің орташа салмағын г.арқылы қалай анықтауға болады?

  1. өсімдіктің үлгісін анализге алу арқылы

  2. алаңдағы жасыл желектің есебі арқылы

  3. 10 өсімдікті өлшеп оны 10 бөлу арқылы

  4. әр өсімдікті бөлек өлшеумен

  5. өсімдіктің ұзындығын өлшеумен коэфицент массасын қолданумен



  1. Бункерлік егістік дегеніміз не?

  1. бөліктегі кг.өнім

  2. тәжірибе алаңындағы ц/га егістік

  3. бөліктегі 100 пайыз тазалықтағы егін

  4. бөліктегі кг.мөлшеріндегі және 100пайыз тазалық пен 14 пайыз ылғалдылықтағы өнім

  5. бөліктегі кг.мөлшеріндегі және 14пайыз ылғалдылықтағы өнім



  1. Жүгері қалыңдығын есептегендегі жиектің дәл мөлшері

  1. 140 см *71,4 см = 1 кв.м.

  2. 100 см * 300 см = 3 кв.м

  3. 200см * 200см = 4 кв.м

  4. 0,5 м* 0,5 м = 0,25 кв.м

  5. 1м * 1м = 1 кв.м



  1. Жаздық жүгерінің қалыңдығын есептегендегі жиектің көлемі қандай?

  1. 2 м* 2м = 4кв.м

  2. 1,5 м * 1 м = 1,5кв.м

  3. 45,6 см * 0,5 м = 0,25 кв.м

  4. 50 см * 50 см = 0,25 кв.м

  5. 100 см * 100 см = 1 кв.м



  1. Тегіс емес жерлерде тәжірибелерді қалай қолданды?

  1. аралық бөліктерді тегіс емес жерлерге ұзыннан орналастырады

  2. аралық бөліктерді тегіс емес жерлерге көлденең орналастырады

  3. аралық бөліктердің ұзындығы мен ені бірдей

  4. аралық бөліктерге үлкен қорғаныс сызықтарын береді

  5. тәжірибені қорғаныс сызығынсыз жүргізеді



  1. Тегіс емес жерлердегі бөліктер қандай болу керек?

  1. төртбұрышты

  2. ұзындығы 30-40 м, ені 20 м.

  3. ені 6-8 м. Ұзын болуы керек

  4. ұзындығы 5-6 м.

  5. ені 15-20м. Ұзын болуы керек



  1. Тегіс емес жердегі тәжірибеде бөліктер қай жерлерде орналастырылады?

  1. сумен бөлінген жердегі бөлікт

  2. тек қана орташа бөлікте

  3. тек қана төменгі бөлікте

  4. үшеуінде де

  5. үстіңгі және ортаңғы бөлікте



  1. Орман аралықтарында бөліктер қалай орналасады?

  1. орманнан 200 м.қашықтықта

  2. ұзын жақтарын орманмен перпендикуляр рналастырады

  3. ұзын жақтарын орманмен параллель орналастырады

  4. төртбұрышты бөліктер қолданады

  5. орманнан 500 м.қашықтықта орналастырылады



  1. Тегіс емес жердің қай бөлігінде егін бітік шығады?

  1. төменгі жағында

  2. ортасында

  3. сумен бөлінген жерде

  4. барлық жерінде бірдей өседі

  5. бұл жердің өсімдік өмірінде маңызы жоқ



  1. Орман баурайларындағы топырақты өңдеу үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?

  1. орман баурайын жағалай

  2. қиғаш түрде

  3. орман баурайына қарсы

  4. 1 жылдан соң ғана топырақты өңдейді

  5. механикалық жолмен топырақты өңдемейді



  1. Орман баурайларындағы топырақты қандай қарумен өңдеген дұрыс:

  1. соқамен

  2. БДТ -7 дискілі тырмамен

  3. КПШ-5 плоскорезімен

  4. терең қазылатын тырмалармен

  5. БИГ -3 инелі тырмамен



  1. Орман баурайында тәжірибе жүргізгенде суды қалай тежеуге болады?

  1. ең жоғарғы жеріне үлкен арық қазады

  2. терең арықтар қазып, 40 м арықты параллель төмен қазады

  3. 40м арықтарды баурайға параллель қазады

  4. әр бөліктің айналасында арықтар қазады

  5. тәжірибе алқабын айналдырып арық қазады



  1. Жаздық бидайдың тазалығын қалай анықтауға болады

  1. анализ арқылы 30г.

  2. 1000 бидайды санап және арасынан бүлінгендерін алып тастау

  3. негізгі бидай мен арамшөпті бөлу

  4. анализ арқылы 50г.

  5. анализ арқылы 1000 г.



  1. Орман баурайының жағымсыз жағы

  1. көп мөлшерде жел келтіреді

  2. топырақ құнарлығы аз болады

  3. жаңбыр мен еріген қардың суынан көп мөлшерде ылғалдылық пайда болады

  4. топырақ құнарлығына еш зияны жоқ

  5. топырақтың құрамын құртады



  1. Егістікті алғаш рет өңдегенде нені қолданады?

  1. 100 пайыз тазалық пен 14пайыз ылғалдылықтағы егіннің өсімділігі

  2. биологиялық өнімділікті анфқтау

  3. бөліктегі егіннің көлемі мен тазалығын анықтау

  4. пайыз мөлшердегі бидайдың тазалығы мен дымқылдығын анықтау

  5. бидайдың тазалығы мен дымқылдығын пайыз мөлшерде анықтау керек



  1. Мыналардың қайсысы қалдық болып саналады?

  1. органикалық қосылғыш

  2. 1,5 мм тұқым

  3. бөлінген аналығы бар тұқым

  4. үсіген тұқым

  5. төмен мөлшердегі тұқымдар

68.Қандай тұқымдастар % бойынша бірінші класс тазалығына қатысты?

  1. 100%

  2. 90%

  3. 99%

  4. 98,5%

  5. 97,8%

69. Қандай егістікті 100% -тей таза болуды анықтауға болады?

  1. бункердегі таза егіс тұқымдарды

  2. бункердегі егіс тұқымдарын тазалау

  3. бункердегі егіс тұқымдарының салмағы азаяды % және 100% бөледі.

  4. бункердегі егіс алқаптарын салмағына көбейтеді.

  5. бункердегі егіс тұқымдарын тазалықтарын ц\га және 100ге көбейтеді.

70. Қандай көрсеткіш егіс алқабында 100 пайызды көрсетеді?

  1. Фишер критерииі

  2. астық дәнінің есеп коэфиценті

  3. 0,896 есеп коэфиценті

  4. астық дәнінің пайыздығы

  5. бункердегі егіс алқабы

71. Егіс алқабының орта көрсеткіші қандай?

  1. егіс алқабының нұсқаулық көрсеткішінің төлемі

  2. бункердегі егіс алқабының 100 пайызының тазалығы

  3. бункердегі егіс алқабындағы астықтың 14 пайызының ылғалдылығы

  4. биологиялық егіс алқабының нұсқаулық саны

  5. егіс алқабының тәжірибе саны

72. Егіс алқабындағы нұсқауды қалай анықтауға болады?

  1. орта егіс тәжірибесінің нұсқауын азайту

  2. биологиялық егістікті бункерден азайту

  3. егіс нұсқауындағы бақылауларды анықтау

  4. орта егіс нұсқауларды анықтау

  5. бірінші нұсқаудағы егісті екінші нұсқаудан азайту.

73. Қандай қайталанбас ойды анықтауға болады?

  1. нұсқау әсерін күшейту

  2. жер көлеміндегі топырақтың құнарлығын анықтау

  3. егіс кезінде толық нұсқауларды алу

  4. дисперсионды тексерістерді қабылдау

  5. көптеген нұсқаулы мәліметтерді алу

74.Минимальді санды нұсқаулар тәжірибесі

  1. минимальді тәжірибе алу 10 нұсқаулар

  2. 8 нұсқа

  3. 6 нұсқа

  4. 2 нұсқа

  5. 1 нұсқа

75.Қайталанбас тәжірибе саны?

  1. екінші қайталанбас тәжірибені өткізу

  2. төртінші қайталанбас тәжірибені өткізу

  3. бірінші қайталанбас тәжірибені өткізу

  4. бесінші қайталанбас тәжірибені өткізу

  5. жиырма бесінші қайталанбас тәжірибені өткізу

76.Қандай тәжірибе нұсқауларға әсерін тигізеді?

  1. терең және ұсақ тәжірибелерді тазалау

  2. тәжірибе түрлерін анықтау

  3. қатысты тәжірибелерді нұсқау

  4. тереңдік тәжірибелі нұсқаулар

  5. вегетациялық тәжірибелер

77.Тыңайтқыштың мөлшерін анықтайтын формула?

  1. Д\у в туках Д*100\С%-К\У

  2. Д\у в туках Д*100\С%*К\У

  3. Д\у туках Д*100\С%+К\У

  4. Д\у тукахД*100 С% -100

  5. Д\у туках Д-100\С*К\У

78.NH\4NO/3 неше пайыз заттарды құрай алады?

  1. 34,7 пайыз

  2. 40,0 пайыз

  3. 19,2 пайыз

  4. 11,2 пайыз

  5. 27,15 пайыз

79. NH\4NO/3 пайдалану коэффиценті қандай?

  1. К-98,5 пайыз

  2. К-100 пайыз

  3. К-70 пайыз

  4. К-30 пайыз

  5. К-60 пайыз

80.Калийдағы тыңайтқыштың пайдалану коэффиценті

  1. К-70 пайыз

  2. К-60 пайыз

  3. К-30 пайыз

  4. К-100 пайыз

  5. К-98,5 пайыз

81.Фосфорды пайдалану және суперфосфаттың коэффиценті

  1. К-70 пайыз

  2. К-100 пайыз

  3. К-100 пайыз

  4. К-30 пайыз

  5. К-11,2 пайыз

82.Калий тұзы неше пайызды құрай алады?

  1. 40 пайыз

  2. 70 пайыз

  3. 22,1 пайыз

  4. 60 пайыз

  5. 19,5 пайыз

83.Екі суперфосфат неше пайызды құрай алады?

  1. 40 пайыз

  2. 56 пайыз

  3. 35 пайыз

  4. 40,5 пайыз

  5. 60 пайыз

84.Экспериментальды қалыпқа не кіреді?

  1. ғылыми әдебиеттерді білу

  2. құрылған мамандандырылған учаскелерді анықтау

  3. анықталған тақырыптарды анықтау

  4. құрылымдарды

  5. химиялық құралдарды анықтау

85.Жер көлеміне қандай шаралар қолдану керек?

  1. тыңайтқыштарды қолдану

  2. әсерлерді анықтау

  3. орман сызығымен

  4. сапалық агротехникалық жұмыстармен

  5. шешімдермен анықтау арқылы

86 .Топырақтың морфологиялық кірістеріне нелер кіреді?

  1. ылғалдылығы

  2. егістік есептері

  3. механикалық құрамын анықтау

  4. астық дәнін

  5. топырақ бөліктері

87.Топырақтың агрофизиологиялық кірістеріне нелер кіреді?

  1. салмақтың көлемі

  2. гумустың құрамы

  3. жұмсақтықтың ылғалдылығы

  4. ұзартудың салмағы

  5. ылғалдылығы

88.Топырақтың агрохимиялық кірістеріне нелер кіреді?

  1. РН

  2. фосфор қосылыстары

  3. жиналмалы азот

  4. гумустың құрамы

  5. тығыздығы

89.Жердің көлеміне неше қазбалар жасауға болады?

  1. 4

  2. 3

  3. 1

  4. 5

  5. 6

90.Топырақ бөлігіне неше см тереңдік жасауға болады?

  1. 25-40см

  2. 10-30 см

  3. 40-50 см

  4. 50-70 см

  5. 70-90 см

91.Ұсынылатын топырақтың терең бөлігі қанша?

  1. 50-90 см

  2. 1,5-2,0 см

  3. 2,0-3,0 см

  4. 2,0 -2,5 см

  5. 60-100 см

92.Арпа мен бидайдың фазалық әсеріне кірмейтін ?

  1. түтік арқылы

  2. масақтану арқылы

  3. бұтақтану арқылы

  4. гүлдену арқылы

  5. жоғары сапалы

93.Күріштің фазалық әсеріне кірмейтін?

  1. басты нұсқаушылармен

  2. түтік арқылы

  3. масақтану арқылы

  4. пісу арқылы

  5. ұшқындарымен

94.Бұршақтың фазалық әсеріне кірмейтін?

  1. будандану

  2. құйылу

  3. гулдену

  4. гүл корзинкасының шығуы

  5. шығыспен

95.Өсімдіктердің қысымдылығын қалай анықтауға болады?

  1. В-С\Б*100

  2. В-А\С*100

  3. В-С+Б*100

  4. В-Б-А*100

  5. В-А+С+Б*100

96.Өсімдіктердің қысымдылығын анықтайтын формула?

В-С\Б*100 С әрібі нені анықтайды?



  1. 1 м\2 өсімдіктің сапасын

  2. 1 м\2 өсімдіктің тазалық саның

  3. сулануды

  4. жапырақтар көлемін

  5. өсімдіктер салмағын

97.Өсімдіктердің қысымдылығын анықтайтын формула?

В-С\Б*100- Б әрібі нені анықтайды?



  1. 1 м\2 шығыстағы өсімдіктің сапасы

  2. 1 м\2 зереннің саны

  3. жапырақтар көлемі

  4. жапырақтар салмағы

  5. 1 м\2 өсімдіктің тазалық саны

98.Жер учаскесі немен анықталады?

  1. жалпы тәжірибелермен

  2. нұсқаулық сұраныстармен

  3. қалыптасқан тәжірибелермен

  4. құрылған

  5. анықталған

99.Қандай әдістер мен тәсілдер арқылы анықтауға болады?

  1. латын екілік әдісі арқылы

  2. Дактиль әдісі

  3. Ямб әдісі

  4. рендомизировальді әдіс

  5. соңғы әдіс

100.Сорттарға қандай әдістер мен тәсілдер қолдануға болады?

  1. Ямб әдісі

  2. латын екілік әдісі арқылы

  3. соңғы әдіс

  4. Дактиль әдісі

  5. рендомизм әдіс

«АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ НЕГІЗДЕРІ» пәнінен қорытынды бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми агрономия әдістері

  1. Халық шаруашылығының басты саласы ретінде ауылшаруашылығы өндірісінің сауда тәуелсіздігін және бәсекелестікке түсе алатын өнім өндірудегі басты мақсаттары.

  2. Қазақстан Республикасының агроөндірістік кешенінің негізгі мақсаттары?

  3. Ауылшаруашылығы өндірісін дамытуда кешенді ғылым ретінде агрономияның ролін негіздеу.

  4. Ауылшаруашылығының негізгі саласы, ғылыми және оқу пәні ретінде өсімдікшаруашылығы және мал азығын өндірудің маңызын негіздеу.

  5. Тәжірибе салу және бақылау жүргізу әдістемесінде және әдістемелерді жасауда агрономия зерттеулерінің, ғылымының даму тарихының маңызы қандай?

  6. Дақылдарды өсірудің жаңа технологияларын жасауда соңғы 50-60 жылда далалы Солтүстік Қазақстан ғылымының негізгі жетістіктері қандай?

  7. Өндіріске ғылыми ұсыныс жасауды дайындауда үлкен үлес қосқан Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелері және ғалымдары?

  8. Солтүстік Қазақстанның егістік көлемінде көп үлес алатын дақылдардың сорттарын шығарған және селекциялық жұмыстармен айналысатын Қазақстанның ғылыми мекемелері және ғалымдары?

2. Агрономиядағы зерттеу әдістері

1. Агрономиялық зерттеулердегі «анализ», «синтез» және «гипотеза» туралы түсінік.

2.Тәжірибе (эксперимент), тәжірибедегі бақылаулар түсініктеріне анықтама беру және бұл анықтамалардың мәнін ашу.

3.Агрономиялық зерттеулерде қандай негізгі әдістер қолданылады?

4.Вегетациялық тәжірибелер алдында қандай негізгі тапсырмалар қойылады және зерттеулердің негізгі обьектері? Вегетациялық тәжірибелердегі зерттеулерді өткізу әдістемесі туралы жалпы мәлімет, вегетациялық тәжірибелер түрлері.

5.Зертханалық зерттеулер алдында қандай негізгі тапсырмалар қолданылады, бұл тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі және оларды өткізу жағдайлары?

6.Лизиметриялық тәжірибе жасағанда қандай негізгі тапсырмалар қойылады, қою және өткізу әдістемесі?

7.Танаптық тәжірибе агрономиядағы зерттеулердің негізгі әдісі деп неге саналады және оның негізгі тапсырмалары?



3. Танаптық тәжірибеге қойылатын негізгі талаптар және мақсаттары

  1. Танаптық тәжірибелерді жүргізгенде қандай негізгі сұрақтар шешімін табуы тиіс?

  2. Танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар және олардың сипаттамасы ?

  3. Сорт сынау бойынша және агротехникалық тәжірибелерді салғанда қандай негізгі мәселелер шешілуге тиіс?

  4. Географиялық, бір факторлы және көп факторлы тәжірибелердің алдына қандай негізгі мәселелер қойылады?

  5. Жүргізу ұзақтығына қарай танаптық тәжірибелердің қандай түрлері бар?

  6. Көпжылдық және ұзақ мерзімде жүргізілетін танаптық тәжірибелердің мәні неде? Әлемдік ауыл шаруашылық ғылымында аталған тәжірибелер бойынша қандай негізгі мәселелер зерттелетініне мысал келтіру?

  7. Көпжылдық шөптер үшін арнайы мәселелерді шешуге байланысты салынатын және жүргізілетін тәжірибелердің ерекшеліктері қандай?

  8. Өндірістік тәжірибелердің рөлі, бұл тәжірибелерді салу және жүргізу әдістемесі қандай?

  9. Танаптық тәжірибенің алдына қойылатын негізгі талаптар қандай?

  10. Тәжірибенің «нақтылығы» және «қателігі» түсініктеріне негіздеме беру.

  11. Танаптық тәжірибелерде қателіктердің жіберілуінің, тәжірибенің нақтылығының төмендеуінің және дұрыс нәтижелерге қол жеткізудің негізгі себептері қандай?

  12. Танаптық тәжірибе жүргізу кезінде жіберілетін негізгі қателіктердің түрлері және тәжірибенің нақтылық дәрежесін көтеруге мүмкіндік беретін қандай шаралар бар?

  13. «Типтілік» түсінігіне негіздеме беру және бұл көрсеткіштің тәжірибеде дұрыс нәтижелер алуға беретін мүмкіндігі?

  14. «Жеке айырмашылық ұстанымы» түсінігі және танаптық тәжірибе салу кезінде бұл ұстанымды ұстанудың мәні неде?

4 Егіс экспериментін жоспарлау

  1. Танаптық тәжірибе жүргізілетін негізгі жағдайлардың ерекшеліктеріне сипаттама беру (ауа–райы жағдайы, топырақ-климат жағдайлары, қоршаған орта факторларының реттелмейтіндігі және т.б.).

  2. Танаптық тәжірибені жүргізудің негізгі кезеңдері қандай?

  3. Танаптық тәжірибені жасаудағы мәселелердің (тапсырмалар) жағдайы және әдістемесі.

  4. Тәжірибенің мақсаты мен тапсырмасын анықтау әдістемесі қандай?

  5. Тәжірибенің өзектілігі және жаңалығы түсініктерінің астарында не тұр?

  6. Тәжірибе өсімдігін таңдау кезінде қандай негізгі жағдайларға сүйенген жөн (тәжірибе объектісі)?

  7. Агрономиялық тәжірибелерде – тәжірибе нұсқалары, тәжірибе мөлдектері, бақылау нұсқалары, стандарт түсініктері нені білдіреді?

  8. Танаптық тәжірибе сызба нұсқасын жасаудың негізгі әдістемесі қандай?

  9. Аймақтың топырақ-климат жағдайларын бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштерді атаңыз?

  10. Зерттеу объектісі (дақыл) қандай көрсеткіштерімен сипатталады және студентпен таңдалып алынған зерттеу объектісі туралы жалпы мәліметтер (маңызы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, сұрыптары, өсіру технологиясы және т.б.).

5. Танаптық тәжірибеге жер учаскесін таңдау, зерттеу және дайындау

  1. Тәжірибе салуға жер учаскесін таңдау және дайындау кезінде қандай іс-шаралар жасалуы тиіс және олардың негізгі міндеттері қандай?

  2. Тәжірибені орналастыру үшін жер телімі қандай негізгі талаптарға сай болуы тиіс және тәжірибеге жер учаскесін таңдаған кезде қандай жағдайлар сақталуы тиіс?

  3. Танаптық тәжірибе үшін жер учаскесінің типтілігі түсінігі?

  4. Жер учаскесінің жер бедеріне қандай талаптар қойылады және не үшін?

  5. Жер учаскесінің топырағына құнарлылығы бойынша қандай талаптар қойылады және бұл көрсеткіштерді анықтау үшін қандай жұмыстар жүргізілуі тиіс?

  6. Тәжірибелік жер учаскесінің тарихын зерттеудің мәні неде және қандай негізгі сұрақтар есепке алынуы тиіс?

  7. Барлаушы егістердің, бөлшектік есептеу жұмысының және бұл жұмыстарды жүргізу әдістемесінің мәні неде?

  8. Агротехникалық және сорт сынау тәжірибелеріндегі теңестіруші егістердің мәні неде және оларды жүргізу әдістемесі қандай?

  9. Қандай жағдайларда барлаушы егістерде бөлшектік есептеу жұмыстарын жүргізудің қажеттілігі болмайды?

6. Танаптық тәжірибе әдістемесінің негізгі элементтері

  1. Тәжірибенің дәлдігін арттыратын қандай негізгі әдістер бар?

  2. Алынған мәліметтердің дұрыстығына әсер ететін, танаптық тәжірибені жоспарлау және жүргізу кезеңдерінің элементтері қандай?

  3. Танаптық тәжірибеге тән «әдіс» және «әдістеме» түсініктерінің анықтамасын беріңіз.

  4. Танаптық тәжірибедегі тәжірибелік мөлдек деген не?

  5. Танаптық тәжірибедегі қайталым және қайталану деген не?

  6. Мөлдектердің ауданы деген не және оның тәжірибенің дәлдігіне әсері қандай?

  7. Зерттеліп отырған шараларға байланысты мөлдектердің орташа мөлшерінің мәні қандай?

  8. Тәжірибеде қайталымдар санының тәжірибе қателігіне және бұл көрсеткіштің ұсынылған шамасына әсері қандай?

  9. Әр түрлі танаптық тәжірибелерде мөлдектердің қандай пішіні қолданылуы тиіс және неге, негіздеме беріңіз.

  10. Танаптық тәжірибедегі ұзарған (созылған) мөлдектердің артықшылығын негіздеу.

  11. Мөлдектер бағытының тәжірибе дәлдігіне қандай әсері бар?

  12. Қорғаныс жолақтарын – бүйірлік, соңғы (аяқтық) және бұрылыс жолақтарын бөлудің мәні неде және олардың зерттеліп отырған шараларға байланысты ұсынылған ені?

7.Танаптық тәжірибеде нұсқалар және қайталымдар бойынша мөлдектерді орналастыру

  1. Тәжірибе мөлдектері бойынша нұсқаларды орналастырудың қандай әдістері бар және олардың жалпы сипаттамасы ?

  2. Тәжірибе нұсқаларын стандарт әдісімен орналастырудың ерекшелігі қандай және бұл әдістің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз?

  3. Тәжірибе нұсқаларын жүйелік әдіспен орналастырудың ерекшелігі қандай бұл әдіс бойынша тәжірибе нұсқаларын орналастырудың негізгі әдістері? Бұл әдістің оң және теріс жақтары қандай?

  4. Тәжірибе қайталымдары мен нұсқаларын бір, екі және одан да көп қабаттарда орналастырудың маңызы неде?

  5. Танаптық тәжірибе нұсқалары мен қайталымдарын рендомизация әдісімен орналастырудың мәні неде және бұл әдістің стандарт және жүйелі әдістермен салыстырмалы бағасы?

  6. Тәжірибе нұсқаларын рендомизация әдісімен орналастырудың қандай әдістері бар және рендомизациялау техникасы қандай?

  7. Ұйымдастырылмаған (толық рендомизация) қайталымдардың мәні неде және олар қалай орналасады?

  8. Рендомизацияланған қайталымдардың мәні неде және қайталымдар мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құылады?

  9. Латын квадраты және тік бұрышы әдістерінің мәні неде, оларды қолдану жағдайы қандай және тәжірибеде бұл әдістермен қайталымдарды мен нұсқаларды орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?

  10. Шашыраған мөлдектер әдісінің мәні неде, бұл әдіс қандай жағдайларда қолданылады және шашыратып орналастыру сызбанұсқасы қалай құрылады?

  11. Мөлдектерді араластырып орналастыру әдісі қандай жағдайларда қолданылады және оның негізгі міндеті?

  12. Белгілі бір факторды зерттеген кезде қандай көрсеткіштер тәжірибенің аяқталғанын көрсетеді?

8.Тәжірибені салу, жүргізу және өсімдіктердің өсіп-дамуына бақылаулар жүргізу техникасы

  1. Толыққұнды танаптық тәжірибе жүргізудің негізгі жағдайлары қандай?

  2. Тәжірибелік жер учаскесін мөлдектерге бөлгенде қандай құралдар пайдаланылады?

  3. Танаптық тәжірибені салғанда, тік бұрыштарды белгілеудің қандай әдістері бар?

  4. Тәжірибені бір қабатты және көп қабатты әдістермен орналастырғанда, жер учаскесін қайталымдар мен мөлдектерге бөлудің әдістемесі қандай?

  5. Мөлдектердің жалпы және есеп жүргізу ауданынан, қорғаныс және бұрылыс жолақтарын бөлудің әдістемесі қандай?

  6. Танаптық тәжірибеде тәжірибенің шекараларын бекітудің, қазықтармен және этикеткалармен безендірудің қандай әдістері бар?

  7. Тәжірибелерде қандай негізгі танаптық жұмыстар жүргізіледі және оларға қойылатын негізгі талаптар қандай?

  8. Тәжірибелерде дақылдарды себу және басқа да жұмыстарды орындау технологиясы қандай?

  9. Танаптық тәжірибелерде қандай есептеу және бақылау жұмыстары жүргізіледі және олардың жалпы жіктелуі (классификациясы)?

9. Танаптық тәжірибелерде өнімді жинау мен есепке алу әдістемесі

  1. Тәжірибелерді өнімді есепке алуға дайындау кезінде қандай жұмыстар жүргізіледі?

  2. Мөлдектерді бракқа шығару мен алып тастау және жинау әдістемесі қандай?

  3. Танаптық тәжірибелерде жинау мерзімдерін анықтау, өнімділікті есептеудің негізгі әдістері қандай, жұмыстарды жүргізу әдістемесі және оларды бағалау?

  4. Алып тастауды ескерумен бірге мөлдектен өнімділікті есептеу әдістемесі қандай? Стандартты ылғалдылық және өнім тазалығы деген не және оларды анықтау әдістемесі қандай?

  5. Дәнді және дәндібұршақ дақылдарының өнімін жинау, есепке алудың әдістері мен тәсілдері қандай?

  6. Мал азықтық шөптердің өнімін жинау мен есепке алудың ерекшеліктері қандай?

  7. Дәнді және мал азықтық дақылдарда талдауға үлгілер алу әдістемесі қандай?

  8. Шөптер өнімін стандартты ылғалдылық пен тазалыққа қайта есептеу әдістемесі қандай?

  9. Мал азықтық шөптердің көк балаусасы мен пішенінің ботаникалық құрамын талдауды өткізу әдістемесі қандай?

  10. Астық пен мал азығының сапасын бағалау үшін қандай талдаулар өткізу керек?

  11. Тәжірибе нәтижелерін біріншілік өңдеу деп нені айтамыз және біріншілік пен сандық өңдеуде, агрономиялық талдауда қандай жұмыстар жасалады?

10. Сортсынаудағы, жайылым мен шабындықтарда тәжірибелерді жүргізу әдістемесінің ерекшеліктері

  1. Сортсынаудағы танаптық тәжірибелерді өткізу әдістемесінің ерекшеліктері?

  2. Сортты өндірісте қолдану үрдісінде қандай сортсынау түрлері жүргізіледі?

  3. Сортсынау бойынша жүргізілген жұмыстарға қойылатын талаптар (себу, куту, жинау)?

  4. Жайылым мен шабындықтардағы тәжірибелерде қандай сұрақтар зерттеледі?

  5. Жайылым мен шабындықтарды тәжірибені қою мен өткізудің әдістемесі қандай?

  6. Жер учаскесін тәжірибеге дайындау және шөпотының жағдайын бағалау?

  7. Жайылым мен шабындықтарда шөп өнімділігін анықтау әдістемесі?

  8. Шөпотының ботаникалық құрамын анықтау әдістемесі қандай?

  9. Малдарды загонда ұстаудағы тәжірибені қою әдістемесі?

  10. Тәжірибелерде жайылымдық шөпті оттату имитациясы қай жағдайларда жасалады?

11.Танаптық тәжірибе бойынша құжаттар және есеп беру

  1. Танаптық тәжірибе өткізу барысында қандай құжаттар жүргізіледі?

  2. Тәжірибе құжататрында қандай негізгі бөлімдер көрсетілу керек?

  3. Қандай құжаттар біріншілік және қосымша құжаттарға жатады?

  4. «Танаптық тәжірибе журналы» деген не және оны рәсімдеу, толтыру тәртібі?

  5. Танаптық тәжірибе журналына қандай негізгі мәліметтер енгізіледі?

  6. Тәжірибелерде қандай есептеулер мен бақылаулар жүргізіледі және қандай форма бойынша толтырылады?

  7. Тәжірибелер нәтижелері қандай мақсатта қолданылуы мүмкін және қорытынды жұмыстарға қандай негізгі бөлімдері қосылу керек?

12 Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің негіздері

  1. Танаптық тәжірибе мәліметтерін статистикалық өңдеудің негізгі міндеттері қандай?

  2. Танаптық тәжірибенің нәтижелерін өңдегенде математикалық статистикада қандай негізгі терминдерді кездестіруге болады?

  3. Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеудің қандай әдістері бар?

  4. Дисперсиялық талдауды жүргізу кезінде қандай негізгі сұрақтар шешіледі? Дисперсия, тәжірибенің қателіктері деген не?

  5. Дисперсиялық талдауды жүргізу бойынша қандай негізгі жұмыс кезеңдері бар?

13 Бірфакторлы тәжірибелердің өнімділік мәліметтеріне дисперсиялық талдау жүргізу әдістемесі

  1. Өнімділік мәліметтерін өңдеудің және есептеудің маңызы неде ∑, ∑∑ (Q), ∑ор., М?

  2. v1, жиынтық р1 және q ауытқуларын есептеудің маңызы неде?

  3. Ауытқулардың екі еселенген мәндерін есептеудің әдістемесі қандай және алынған нәтижелер негізінде қандай қорытынды жасауға болады?

  4. Алуан түрлі өзгергіштік (дисперсий) түрлерін есептеуді және ℓ, Су, СV, Сp , Сz көрсеткіштерін анықтауды жүргізу әдістемесі қандай және бұл көрсеткіштерді есептеудің негізінде қандай қорытындылар жасауға болады?

  5. Әртүрлі өзгергіштік түрлерінің орташа шамаларын есептеу қалай жүзеге асырылады (тәжірибе қайталымдары, нұсқалары, қалдық өзгергіштік және дисперсияның орташа мәндері үшін еркіндік дәрежесінің саны)?

14 Екі және үш факторлы (көпфакторлы) танаптық тәжірибе мәліметтерін дисперсиялық талдау

  1. Тәжірибе нұсқалары бойынша алынған қосымша өнім немесе өнімнің төмендеуінің дұрыстығы қалай есептеледі (ЕТА05 және тәжірибенің дәлдігі)?

  2. Түзету коэффициентін анықтау әдістемесі (Стьюдент критерийі)?

  3. Тәжірибе нұсқалары бойынша алынған қосымша өнімінің (немесе өнімінің төмендеуі) дұрыстығын белгілеудің әдістемесі қандай?

  4. Дисперсиялық талдаудың қорытынды кестесіне қандай мәліметтер жазылады және оның бұл жұмысты кезең бойынша жүргізгендегі артықшылықтары мен кемшіліктері?

15 Корреляция, регрессия және ковариация

  1. Корреляция деген не, оның түрлері және бағыты?

  2. Сызықты (тік сызықты) корреляциялық тәуелділік деген не және оны кесте (график) түрінде көрсету әдістері?

  3. Қисық сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?

  4. Кері тік сызықты регрессия деген не және оны кесте (график) түрінде көрсетудің әдістері?

  5. Көпше түрдегі корреляцияның ерекшеліктері қандай және оның танаптық тәжірибені бағалаудағы мәні?

  6. Дисперсиялық талдаудың қорытынды кестесіне қандай мәліметтер жазылады және оның бұл жұмысты кезең бойынша жүргізгендегі артықшылықтары мен кемшіліктері?

Бекимова Г.Б.


Ауыл шаруашылық ғылыми зерттеу негіздері
Оқу-әдістемелік кешен

Редакционно-издательский отдел

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Подписано в печать 29.10.15 г. Объем 8,3 п.л. Тираж 20 экз.

Заказ №168

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің баспаханасында басылған

Отпечатано в типографии

Кокшетауского государственного университета им. Ш. Уалиханова

Наш адрес: Казахстан, Акмолинская обл., г. Кокшетау,

ул. Ақан-сері, 24 РИО КГУ им. Ш. Уалиханова



e-mail: www.kgu.kz



*1 кестеде 2001-2005 жылдары а.ш.ғ.к. Стыбаев Ғ.Ж. жүргізген танаптық тәжірибелерінің жадығаттары келтірілген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет