Г. Б.Құрақова Қазақ тілінен жаттығулар жинағы (Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған) Семей қаласы Буын



бет1/3
Дата04.08.2017
өлшемі0,53 Mb.
#22778
  1   2   3


Г.Б.Құрақова

Қазақ тілінен жаттығулар жинағы

(Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепке арналған)

Семей қаласы



Буын
1-жаттығу. Сөздерді оқыңдар. Сөздерді буынға бөліп, көшіріп жазыңдар. Соңғы буындағы дауысты дыбыстардың жуан немесе жіңішке екенін айтыңдар.
Достық, етікші, мұздай, шеберлер, құрылысшы, қаздар, ауылда, көшеде.
2-жаттығу. Жуан дауысты дыбыстар және жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар. Олармен сөйлем құраңдар.Орысшаға аударыңдар
Әнші, батырлық, жүмысшы, көрермендер, жолдастар, балалық, күздік, өзендер, жүзім, ағаш.
3-жаттығу. Сөздерді қазақшаға аударып, буынға бөліп жазыңдар. Буынның түрлерін анықтандар.
Воспитание, в мире, качество, значение, хозяйство, поколение, соединяющий, ответственный, издревле, понятие, кормилец, положение, последний, глубокий, будущее, рассказ, как железо.
4-жаттығу. Өлнңді оқып, жатқа жазыңдар. Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айтыңдар.
Нан анасы – бидаймын.

Ырзықты елге сыйлаймын.



Дәнім толып, піскенде,

Қауызыма сыймаймын.

(Әдібай Табылдиев.)

Түбір мен қосымша

1-жаттығу. Мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздердің қосымшаларын тауып, жұрнақтын астын бір, жалғаудың астын екі рет сызындар.
Мақал-мәтелдер.
1.Өнерлінің қолы – алтын,

Өлеңшінің сөзі – алтын.

2.Ерінбеген етікші болады.
2-жаттығу.а) Жұмбақты және оның шешуін оқындар. Қарамен жазылған сөздердің түбірін қосымшалардан бөліп жазындар. Орысшаға аударыңдар
Жұмбақ.

Темір қайшы –қос қайшы,



Шығыршықсыз бос қайшы.

Еңбеккерге дос қайшы.

Еріншекке қас қайшы.

Өтпейді бір бос күні...

(сағаттың қос тілі)

б) Қосымшаның қайсысы жалғау, қайсысы жұрнақ екенін ажырытындар.
3-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазындар.Қара әріппен жазылған сөздерден зат есім мен етістікті табыңдар.
Жанат мектепте химиядан сабақ береді. Оның әкесі-Отан соғысында қаһармандықтың үлгісін көрсеткен адам. Ерлан мен Тасу –дос. Олар шахмат ойнайды. Оқушылар Жамбылдың өлеңдерін жатқа айтты.
4-жаттығу.Төмендегі берілген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап жазындар.
Кітапхана, велосипед, шахтер, каһарлы, фабрика, шахмат.
5-жаттығу. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызындар.Баяндауышты ағылшын тіліне аударыңдар

1.Бүлдірген, жазда, теруге, барды, балалар. 2.Асфальт, жүріп, жолмен, машина, келеді. 3.Жылы,жаққа, қайтып, құстар, барады. 4. Тұрады, күн, жазда, жоғары.



6-жаттығу. Жаңа мағынаны тудырып тұрған қосымшаларды (жұрнақтарды) анықтаңдар.

Оқушы, әнші, басшы, үйшік, жолдас, бастық, қалашық, жұмысшы, етікші, хабарлас, қалалық, дәоілік, малшы, баяндама, сақшы, сөйлем, сенім, озат, сайлаушы, білім, білгіш, замандас, түйіншек.


7-жаттығу.Сөздерді көшіріп жазыңдар, түбір мен қосымшаларды белгілеңдер.
Ұқыптылықпен, жанашырлықпен, тіршілік, денсаулық, сұлулық, білімді, достық, ағаштар.
8-жаттығу. Төмендегі түбірлес сөздердің әрқайсысына синонимдер жазындар.
Оқу, оқытушы, оқылық;

Дос, достық, достасу,

Шын, шындық, шыншыл.
9-жаттығу. 1. Мәтіннен түбірлес сөздерді тауып жазыңдар, сөз құрамына қарай талдаңдар.

2. Сөйлемдерді бірнеше рет оқып, жатқа жазыңдар.

3. Өз достарын туралы әңгімелеңдер.
Жадыра –оқушы. Ол жақсы оқиды. Жадыра оқулықтарын таза ұстайды. Оны мұғалімдер мақтайды. Жадыра- мектептегі үлгілі оқушы.
10-жаттығу. Берілген сөздерді қосымшалардың түріне қарай бағанаға бөліп жазыңдар.


Жұрнақ

Тәуелдік жалғау

Жіктік жалғау

Көптік жалғау

Септік жалғау















Сұрама, өнеріне, жаратылған, сіңірген, алғысым, ризашылық, мұрагеріміз, уақытша, жақсылыққа, өнерпаз, көйлекшен, байланыс, танымал, жолдастық, тәрбиеленуші, көркемдік, шығыстың, жан-жақтымын,тапқыр, бақытты, көргішпін.


11-жаттығу. Сөздердің құрамына қарай талдау жасаңдар. Сөздермен сөйлем құрастырыңдар.
Қызметің, тәртіппен, тағайындалғаннан, республикасының, билігін, президентіне, шарттардан, өкілдіктері.

Біріккен сөз.
1-жаттығу. Төмендегі жаңылтпашты оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірлерін ажыратып жазыңдар.
Жаңылтпаш.
. Айнабұлақ айна ма,

Қайнарбұлақ қайнар ма?

Айнабұлақ- айналы

Қайнарбұлақ-қайнарлы


2-жаттығу. Төмендегі сөзйлемдерді көшіріп, қарамен жазылған сөздердің түбірлерін ажыратыңдар.
Алмабек пен Әділхан өз қаласындағы оқушылармен бірге тоғайға барды. Жолда олар саршұнақтың бірнеше індерін кездестірді.
3-жаттығу. Төмендегі берілген біріккен сөздерді қатыстырып сөйлеп құрап жазыңдар.
Жүнісәлі, Әскербек, Орынтай, Әлімжан, Ақнұр, Ақылтай, теміржол, Жетісу, Екібастұз.
4-жаттығу.
Төмендегі сөйлемдерді көшіріп жазып, біріккен сөздердің астын сызындар.

Әмірбек Ақтеректе- малшы. Ол малдарды әлдеқашан әріске айдап кетті. Бір кезде аспанды қою қара бұлт қаптады. Біраздан кейін жаңбыр жауды. Жаңбыр ашылған соң, қызылды – жасылды кемпірқосақ көрінді.


5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, біріккен сөздерді теріп жазыңдар, түбірлерін ауызша ажыратыңдар.
Көкжиектен күн шығып келеді. Біз Алайғыр руднигіне таяп қалдық. Қайыржан рудникке бірінші рет келе жатыр. Ол күншығыс жатқан жарқыраған төбешікке қарады. Оның көзіне аспандап ұшқан қарақұс пен көкқұтандар түсті.
6- жаттығу. Біріккен сөздерден жасалған өсімдік аттарын жазыңдар. Түбірлерін ажыратып айтыңдар.Орысша баламасын табыңдар
7-жаттығу. Өлеңді оқып, біріккен сөзді табыңдар.
Біраздан соң басылды,

Тау жаңбыры шегініп.

Күн сандығы ашылды,

Кемпірқосақ керіліп.

(А.Нысаналин.)

8-жаттығу. 1. Біріккен сөзден жасалған заттардың атын жазыңдар.

2. Жазған сөздерінді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрап айтындар.

Мысалы: көкжиек Көкжиектен күн шықты
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.
Атасы Қойшыбекке үш көжек сатып әперді. Қойш...бек қо...ндарына қора жас...ды. Тем...р тормен қ...ршады. Алты а...да қоянда...ы т...рға симай кетті. Біразын да...ындау орнына өткізді. Ақсақал қоян...ың өсі...талдығына қайран қалды.
10-жаттығу. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жазыңдар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.
1. Тұрады, Түйемойнақта, Әбдісамат. 2. Фермасы, Ащысайда, қой, орналасқан. 3. Шөп, Сарыөзектен, шапты, Аманбай.
11-жаттығу. Жұмбақты оқып шығып, шешуін жазыңдар.
Жұмбақ.
Бір қаланың ішінде көптеген шар,

Әрбір шардың өзіндік ұясы бар.

(Асбұршақ.)

12-жаттығу. Берілген сөздерді оқы. Оларды сөз құрамына талда. Әр сөз неше түбірден құралған.
Бұлақ –(Айна, Жар, Кер, Талды)

Көл-(Ала, Жалаңаш, Сексен, Сасық)

Дәулет-(нұр, Бақ, Жан, Ес)

Аққу, ақбөкен, шаңсорғыш, балмұздақ, қосаяқ, тасбақа. Ағылшын тіліне аудар



Қос сөздер.

1-жаттығу. Сөздерді жазып, оларды құрамына қарай ажыратып айтыңдар.

От, жазушы, үлкен-үлкен, құрт-құмырсқа, жұмыс, жұмысшы, қызмет, қызметкер, ата-ана, бала-шаға, қонақүй, асхана, өте-мөте, мейрамхана, биік-биік, жалт-жұлт, жақсы-жақсы.


2-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қос сөздер кездессе, белгілеп жазыңдар.
1. Бізге киім-кешек сатып алу керек. 2. Ол өз мекен-жайын көрсетіпті. 3. Іскер адамдар күні-түні жұмыс істейді. 4. Олар молекулалық биологияны таңдапты. 5. Мен қыпшақ-оғыз тілдерін зерттеймін.
3-жаттығу. 1.Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар.

Жұмбақ.

Тұрып-тұрып тербеліп,

Бәрін берер теңгеріп.

(Таразы.)



2. Қос сөздің астын сызып, оның қалай жасалғаның айтындар.

Таразы-орысша,ағылшынша баламасын тауып,диалог құрыңдар


4-жаттығу. Өлеңді оқып, қос сөзді табыңдар. Оның қалай жасалып тұрғанын айтыңдар.
Бірге ренжіп, құанған,

Бір үйдегі ұл-қызша.

Бес баладан құралған,

Топиын аты «Жұлдызша»

(«Балдырған» журналынан.)
5-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, қос сөздердің арасына дефис қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.
Біз «Алатау» ауылында тұрамыз. Ол сыңсыған бау-бақша аясында. Алма өрік ағаштары мен тал теректер, жасыл скафандр киіп алғандай, көрікті.
6-жаттығу. Өлеңді оқып, мазмұның түсіндіріңдер. Қос сөздерді тауып, қос сөздері бар өлең жолын көшіріңдер.Гүлсімнің жанұясында қанша адам бар?
Үлгілі Гүлсім.
Үйінде де, түзде де,

Туысына, бізге

Гүлсім үлгі береді.

Аға менен жеңгесін

Ата-анадай көреді.

Сіңлісіңе сыпайы,

Інісіне ыңғайлы,

Түрлі өнер үйретіп,

Жәбірлемей, жылатпай,

Үсті-басын былғатпай,

Ойнатады билетіп.

(С.Сауытбеков.)


7-жаттығу. 1. Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар.
Жұмбақ

Үлп-үлп етіп тымағы,

Желп-желп етіп құлағы

Суды кешіп тұрады.

(Құрақ.)

2.Қос сөздердің астын сызындар.


8-жаттығу. Төмендегі қос сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Сап-сары жапырақ. Мая-мая шөп. Бес-алты бала. Әп-әдемі сынып.
9-жаттығу. 1. Төмендегі сөйлемдерді оқып, қос сөздерді табыңдар.

Бөтен үйдің босағасына жаңа жеткен су жаңа бәтеңке жан-жағына тосырқай қарады. Өңшен ұсқынсыз, ескі-құсқы аяқ киімдер табалдырық жақ төр үйге қарай шашылып жатыр. Қалай болса, солай үйме-жүйме боп жатқан мұндай аяқ киімдерді бұрын көрмеген жаңа бәтеңке таң қалды. (С.Жүнісовтен.)



2. Мазмұның түсіндіріңдер. Қоссөздерді аударыңдар

10-жаттығу. Төмендегі сөздер неше түбірден жасалып тұрғанын айтыңдар.
Күншығыс, кемпірауыз, Белгібайұлы, Жетіқарақшы, Қызылқұм, баспасөз, жауынқұрт, теледидар, Қазақконцерт.
11-жаттығу. Төмендегі сөздерді кестеге орналастыр.


Бір сөздің қайталануынан жасалған қос сөздер

Екі сөздің қосарлануынан жасалған қос сөздер

Күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер









Ата-баба, кезек –кезек, тау-тас, күте-күте, быт-шыт, тап-таза, қырқа-қырқа, іркес-тіркес, тып-тыныш, салдыр-гүлдір, үп-үлкен, жап-жасыл, ағайын-туыс, шаршап-шалғып, жүре-жүре.



Зат есім

1-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, зат есімді атаңдар. Олардың түбірін тауып, сұрақ қойыңдар.
Бір топ бала Ақшабындыққа экскурсияға бардық. Бізді мұғалім бастап апарды. Біз шабындық жерді аралап көрдік. Алдымыздан бір бөдене пыр етіп ұшты. Саяжан қорқып қалды. Біз бөдененін ұшқан жерін қарадық. Оның балапандары бар екен. Оған тимедік.
2-жаттығу. 1. Мақалды көшіріп жазыңдар. 2. зат есімнің астын сызыңдар ,аударыңдар
Мақал.
Өнерлінің жолы кең.

Құс болып аспанға да ұшады,

Балық болып суда да жүзеді
3-жаттығу. Сөйлемдерді оқып, кісі, жер аттарының қалай жазылып тұрғаның айтыңдар.
Мен Жұматай ағайдың сөзіне жөнді мән берген жоқпын. Міне, машинада от алды. Екеуіміз жолға шықтық.- Біз қайда барамыз, аға?- деп сұрадым. –Сарышұбар қырқасына барамыз. Сенің жолдастарың темір жинап жүр. Соны мектепке жеткізіп береміз.
(М.Етекбаев.)

4-жаттығу. Жұмбақты, оның шешуін оқындар, зат есімді тауып, түбір күйінде айтыңдар.
Жұмбақ.
Шапаным да тоным да

Даланың жүр жоныгда.

Атам сонын сонында,

Таяғы бар қолында.

(Қой.)
5-жаттығу. Төмендегі сөздерді көшіріп жазыңдар, оған ауызша сұрақ қойыңдар.Орыс тілінен енген сөздерді іріктеңдер
Аққу, асфальт, велосипед, вожатый, геолог, кереует, космонавт, медаль, подъезд, хат, пошта, троллейбус, ғаламтор, компьютер, Толағай, оқытушы, бапкер.

6-жаттығу. Сөйлемдерді оқыңдар. Кісі, жер-су аттарын көшіріңдер.
Соғыстың түтеп тұрған кезі. Алматыдағы Жамбыл атындағы № 18 мектептің үшінші класс оқушысы Рашид Ғиззатов шиқылдақ көне столда қызық шұқшиды. Алдында ұмаждалып, тозығы жеткен газет бетіндегі жолдардың арасына әр әрпін анық, көркем етіп түсіру үшін бар өнерін салып, хат жазып отыр.

(С.Әлиевтен.)


7-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер.
Каспий теңізі.
Кспи... тең...зі Қазақста...ның батысында. Каспий балыққ... бай. Ау...л тұрғындары Каспийден

балық а...лайды. Каспийге Жай...қ, Вол...а өзендері құ...ды. Бұл өзендердің ағысы қа...ты.


8-жаттығу. Төменде берілген мәтіннен күрделі зат есімдерді тауып, олардың жасалу жолдарына талдау жасаңдар.
1. Ақтөбе, Қызылорда станцияларында перронға шығып, таза ауада болдық. 2. Арал теңізі қазіргі кезде экологиялық апатты аймаққа айналып отыр. 3. Сізге көп рахмет, бала-шағаңыз аман болсын. 4. Қазақстан Республикасы – БҰҰ-ға мүше елдердің бірі. 5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас», - деген еді.
9-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар. Күрделі зат есімдерді анықтандар.
Ата-ана/ әрдайым/ бала/ болашағы/ ойлау.

Келесі/ апта/ сабақ/ кесте/ өзгерту.

Жарқанат/ тек/ қараңғы/ ұшу.

Ол/ тоғызқұмалақ/ ойын/ жақсы/ білу.


10-жаттығу. Берілген сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрап жазыңдар.
Меценат/ ұғым/ қазақ халқы/ бар/ бұрын.

Дәулет адамдар/ әнші, ақын, өнер адамы/ көмек/ көрсету.

Шүлен/ дәстүр/ Тәуелсіз Қазақстан/ жалғасын/ табу.

Жыл сайын/ өнер, әдебиет, ғылым/ үздік табыс/ жету/ азамат/ «Тарлан» сыйлығын беру.




11-жаттығу. Тірек сөздерді қолданып сөйлем құрастырыңдар.
Халық, өмір, бай, ел, дәстүр, өз салтын, сақтау, ұрпақ, қонақжай, сыбаға, өнер, домбыра, жомарт, пейілі кең, шүлен тарату, ата-баба, бата беру, білу, керек, ұлт, ерекшелік.
12-жаттығу. Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құрап жазыңдар, зат есім сөздерге сұрақ қойыңдар.
Бәйгеге қатысу, қазақ елінде, ерекше дәстүр, шағын киіз үй, әнді сүйемелдеу, үздік табыс, домбыра аспабы, күй атасы.

Көмекші есімдер.
1-жаттығу. Көп нүктенің орныны тиісті жалғауларды қойып жазыңдар. Көмекші есімді табыңдар.
Қала... іші., ауыл... сырты, көпір... үсті, аялдама... алды, аялдама... арты, төсек... жаны, базар... маңайы, орман... жаны, жол... қасы.
2-жаттығу.Сөйлемдерді оқыңдар. Көмекші есімдер болса, оларды тіркесіп тұрған сөзбен бірге жазыңдар.
1.Ауылдың сыртында өзен гүрілдей ағып жатыр. 2. Өнер сайысы осы аптада аяқталады. 3. Өнер адамдарының жанында әрдайым халық көп болады. 4. Әртістер туралы бір очерк жазғым келеді. 5. Біз театрдың алдында тұрып, суретке түспекшіміз.

3- жаттығу. Берілген сөз тіркестерін қазақшаға аударып жазыңдар.

Нашло свое предложение, оказали большую помощь, аристократы, ежегодно в искусстве, в литературе, в науке и т.п., каждому деятелю.



4-жаттығу. Көмекші есімдерді көрсетіңдер.

а) ата-ана, әке-шеше;

ә) қызыл-ала, қара ала;

б) терезе, еден, қабырға;

в) жаны, үсті, алдында.

Зат есімнің жекеше, көпше түрі.
1-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған зат есімді көпше түрге айналдырып жазыңдар.
Өршеленіп суық жел,

Қарлы боран соқса да.

Қызыл қырын, қызыл ер

Тұр күзетте жақсы аға.

(Т.Молдағалиев.)

2-жаттығу. 1. Жұмбақты және оның шешуін оқып, көшіріп жазыңдар.
Жұмбақ
Бір жерде тұр сары ине,

Үсті басы бәрі ине.

Инелерін санасақ,

Сан жетпейді әрине.

(Самырсын.)

2. Зат есімнің жекеше түрін бір сызықпен, көпше түрін екі сызықпен сызыңдар.
3-жаттығу. Төмендегі сөздерді жекеше түріне айналдырып жазыңдар.
Жемістер ,бұршақтар, жұмыртқалар, киіздер, түрлер, термостар, эксковаторлар, сіріңкелер, ракеталар.
4-жаттығу. 1.Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғандар.

2. «Менің оқу құралдарым» деген тақырыпқа шағын әңгіме жазыңдар.
Өшіргіш, кітап, қағаз, сөре, оқулық, дәптер, қалам, қарындаш, сөмке, сурет дәптер.
5-жаттығу. 1. Көп нүктенің орнына зат есімдерді қойып жазыңдар.

2. 5 сөйлем құраңдар.
Тәртіпті... қызыл... биік...

Қызық.... көк... суық...

Әдемі... ақылды... тәтті...

Ащы... терең... жылы...


(Керекті сөздер: оқушы, бала, қыз, алма, ту, тау, үй, кітап, аспан, шөп, ауа, жел, қауын, су, көл, адам.)
6-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар .Қарамен жазылған сөздердің қосымшаларын белгілеңдер.

Балалар орманға келді. Орманшы балаларға биік қайынды көрсетті. Орман ішінен әнші құстардың дауысы естілді. Орманда түрлі ағаштар өседі екен..

Зат есімнің тәуелді түрі.

1-жаттығу. Мақал-мәтелді оқып, қарамен жазылған сөздердің зат есімнің қандай түрі (жекеше, көпше, тәуелді) екенін айырып, оны көшіріңдер.

Мақал-мәтел.



Көңлі жетіктің –қолы жетікті.

Жолдасы бардың –олжасы бар.
2-жаттығу. Зат есімнің жай түрін тәуелдік жалғаулы түріне айналдырып жазыңдар.
Чемпион, участок, костюм, лимонад, конверт.
3-жаттығу. Жұмбақтарды оқып, оның шешуін табыңдар. Тәуелдік жалғаулы сөзді оқыңдар.

Жұмбақтар.
Тақиям толған сөк,

Ерте тұрсам дым да жоқ.

(Жұлдыз.)

Жасыл ине киімім,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріндемін үйіңнің.

(Шырша.)
4-жаттығу. Өлеңді көшіріп жазыңдар, тәуелдік жалғаулы сөздің астын сызыңдар.


Шаңырағың – шырағым,

Топырығың – тұмарым,

Ғаламда жоқ сыңарың,

Ғажайыбым, жұмағым,

Басы таза бұлағым,

Басылмайтын құмарым,

Қазақстан – қыраным!

(Ұ.Есдәулет)


5-жаттығу. Төмендегі сөздерді үш жақта қатар жазыңдар.
Планшетім, планшеті, планшетіңіз, планшеттері, планшеттерін, планшеттеріміз, планшеттеріңіз, планшеттерің.
6-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған тәуелдік жалғаулы сөздің қай жақта тұрғанын айтыңдар.
Біз әжемнің түлегі,

Әжем – үйдің тірегі,

Қайда барсам, қасымда

Қамқор болып жүреді.

(Ә.Табылдиев.)



7-жаттығу. Төмендегі сөздерге үш жақта тәуелдік жалғауын қосып жазыңдар.

Туған жер, денсаулық, өмір, жайлау.



8-жаттығу. Жұмбақты оқып, оның шешуін табыңдар.
Тыңдап әнін, өлеңін,

Үйден кино көремін.

(теледидар)
Қатар-қатар бүрмелі

Етек-жені түймелі.

Қозғай берсең түймесін,

Таусылмайды күйлері.

(баян)

Тәуелдік жалғаулары жалғанған сөздердін жазылуы.
1-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен жалғауын ажыратыңдар.
Гүл өсірсең терлеп,

Мұның аты –еңбек.

Кесте тіксең әзірлеп,

Мұның аты – еңбек.



Сабағына жөндеп

Әзірленсең – еңбек.



Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

(Н.Жанаев.)
2-жаттығу. Өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді құрамына талдаңдар.
Орманы пүліш, бұлағы –күміс,

Бұлбұлы –жыршы, ұлы-қызы – керім.

Таулары –заңғар, өзені – ырыс,

Ғажап қой, шіркін Республикам менің.

(Д.Әбілов.)

3-жаттығу. 1.Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. 2. қос сөздердің астын сызыңдар.
Мәнш...к жан-жағын ба...қап қар...ды. Көз...не бұтақт...ғы құс ұ...сы шалынды. Бұл – ш...мшықтың ұясы еді. Іш...нде балапандары бар. Олар а...зын ашып шиқ-шиқ етеді.
4-жаттығу. Жұмбақты және оның шешуін оқып, қарамен жазылған сөздерді құрамына талдаңдар.
Жұмбақ.

Көтерді әкесі баласын,

Деді: «сәнім, көркім!»

Киіп алды баласы,



Әкесінің бөркін.

(Керкге, уық, шаңырақ.)


5-жаттығу. Сөйлемдегі тәуелдік жалғау бар сөздірді теріп, құрамына талдаңдар.

Біздің басты мақсатымыз адамның бақыты.арықтың арнасын тазартты. Құрылысшылардың бригадасы жұмысқа кірісті. Отбасында қандай жақсы іс-әрекеттер жасап жүрсің? Ертең үйлеріңізге қонақ келеді. Сіздің көйлегіңіз қандай әдемі.



6-жаттығу. Үш жақты тәуелдік жалғауларын пайдаланып сөйлем құрастырыңдар.

Әр сөзді құрамына талдаңдар.

Cурет, жер көгереді, күн жылынады, ағаштар гүлдейді, бұлбұлдар сайрайды, бозторғай шырылдайды.

Зат есімнің септелуі.
1-жаттығу. Сөйлемді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Мен үйден шықтым да, мектепке бардым. Сыныпта сабақ оқыдық. Ақжамбы сөмкесінен оқу құралдарын алды. Мектепке кіру керек. Мектепте білім алу керек. Менде әдемі ертегі кітап бар. Түрлі-түсті қарындаштармен сурет салдым.
2-жаттығу. Мақалды көшіріл жазып, өнер сөздің өлеңнің әр жолында қалай өзгергенін айтыңдар.
Өнер- еңбектің жемісі.

Өнерді ешкім біліп тұмайды.


Өнердің салған өрнегін

Шебердей жақсы көремін.

(Ө.Тұрманжанов.)
3-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойыңдар.
Республикадағы мемлекет тіл- қазақ тілі. Сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті басқару орындарда орыс тілі ресми түрде қазақ тілі мен тең қолданылады.

Қазақстан Республикасының Парламенті бар. Ол Сенат және Мәжіліс деп аталатын екі Палатадан тұрады. Парламент заң шығару қызметін жүзеге асырады. Ол Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді. Үкіметті Премьер-Министр басқарады. Конституциялық Кеңес заңдардың орындалуын бақылайды.


4-жаттығу. Жұмбақты және оның шешуін көшіріп жазыңдар. Қарамен жазылған сөздердің қай септікте тұрғанын ажыратыңдар.
Жұмбақ.

Еңбекте бір өлшемге бағынасың..

Сол өлшеммен сертіңнен табыласың.

Егерде бас әрпін оқымасаң,

Айтасың қателіктің мағынасын.

(Сағат.)


5-жаттығу. Төмендегі сөздерді септеңдер.

Полиглот, дүние жүзі, ғаламтор, шетел тілдері, Отан, мекеме.



6-жаттығу. 1.Мақал-мәтелді көшіріп жазып, атау септіктегі сөздің астын сызыңдар. Оған сұрақ қойыңдар.
Мектеп-білім бесігі,

Кітап-ғылым есігі.

Білім-өмір шырағы,

Оқу -білім бұлағы.

2. Мақал-мәтелді жаттап алыңдар.
7-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар. Ілік септікте тұрған сөздердің астын сызыңдар.
Арғы атамыз.

«Арғы атамыз Шыңғысхан жердің жүзін, күннің көзін билепті деседі. Одан кейінгі атамыз Жошы хан ордасын алтыннан тігіп,қазақ елі түгіл, Еділ-жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.

Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан. Одан кейінгі атан - Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі – менің қолымда тұрған аға сұлтандық», - деді Шыңғыс Шоқанға.
8-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріңдер. 2. Атау, Ілік септіктегі сөздерді тауып, сұрағын жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет