Пәнаралық байланыс:
|
Тарих, қазақ тілі, денешынықтыру
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
Электронды оқулық, интерактивті тақта
|
Бағалау критерийлері:
|
Өлеңнің әр тармағына дәлелді пікірлерін білдіре алады.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Менің ойымша... Менің түсінгенім бойынша... Мұрат ақынның қайғыруына қарағанда... Заманның жағдайын,адамдардың пейілін мына өлең жолдарында ... анық айтып өтеді.
|
Дифференциация
|
Оқушылардың барлығы: өлеңде көтерілген мәселелерді анықтайды.
Оқушылардың көбісі: өзіндік пікірлерін дәлелді түрде жеткізеді.
Оқушылардың кейбірі: айтылған пікірлерді өмірде қолдана алады.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Заман көрінісі, заман бейнесі
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
|
Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Психологиялық ахуалды орнату
Шеңберде тұрып, Мұраттың өлеңінен 1-2 шумағын жатқа айтады.
Топқа бөлу
|
|
С абақтың ортасы
|
Тапсырма
«Үш қиян» толғауының идеясын үш сөйлем арқылы тұжырымдап,тірек сызба арқылы көрсетіңдер.
Жеке жұмыс. Кестені толтырыңдар.
Үзінді
|
Ақынның айтар ойы
|
Менің қабылдауым
|
Заманы қайтіп түзелсін,
Қоңсыдан туған би болды...
Ақылсыздың баласы
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды,
Заманың мұндай сұм болды.
|
|
|
-Әр оқушыға өлеңнің әр шумағын бөліп береді;
-Бөлініп берілген шумақтар бойынша жеке жұмыс жасайды.
-Әр оқушының жұмысы оқылып,бағаланады.
«Соңғы сөзді мен айтайын»
үзінді
|
беті
|
сұрақ
|
соңғы
сөз
|
|
|
|
|
|
8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс
Тау рефлексиясы.
|
|
|
Сынып: 8
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Бөлім:
|
Толғауы тоқсан қызыл тіл
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауы – шоқтығы биік, құнды шығарма
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:
|
Б/С1-шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау
|
Сабақ мақсаты:
|
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау және салыстыру
|
Құндылықтарды игерту:
|
«Мәңгілік ел» жалпықоғамдық құндылығы:
-Тіл мен мәдениет;
-Өмір бойы білім алу;
-Топ мүшесі ретінде жүктелген жауапкершілікті сезіну;
-Топтық және жұптық жұмыста ынтымақтастықпен жұмыс жасау.
Аталған құндылықтар сабақ тақырыбы арқылы оқушылардың топтаса және жеке отырып жұмыс жасаулары, сын тұрғысынан ойлай білу, ақпаратты өңдей білу,өзіндік көзқарасын дәлелдей алу дағдылары негізінде жүзеге асады.
|
Пәнаралық байланыс:
|
Тарих, қазақ тілі, денешынықтыру, этнография
|
АКТ-ны қолдану дағдылары:
|
Электронды оқулық, интерактивті тақта
|
Бағалау критерийлері:
|
Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтайды және өлеңде суреттелген мәселелердің құндылығына баға береді.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Заман, сүрең, өзгеріс, қоғам
|
Дифференциация
|
Оқушылардың барлығы: шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтайды.
Оқушылардың көбісі: шығарманың тақырыбы мен идеясына талдау жасайды.
Оқушылардың кейбірі: тақырыбы мен идеясына сай шығармалармен салыстырады және баға береді.
|
Осыған дейін меңгерілген білім
|
Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауының берер тәрбиесі және қоғам
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланатын уақыт
|
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер
|
Ресурс
|
Сабақтың басы
|
Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу
2. Психологиялық ахуал
«Сатамын және сатып аламын» тренингі
Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу. Шеңберде тұрған қатысушы қасындағы көршісіне өзінің жағымсыз қасиетін сатып,оның немесе ертегідегі кейіпкерлердің жақсы қасиетін сатып алады. Мысалы, «Мен еріншектігімді саған сатып, сенің шыншылдығыңды сатып аламын»
Оқушыларды топқа бөлу.
Әр оқушының бір-бір заты алынып,қорап ішіне салынады да,араластырылып,мұғалім заттарды төрт партаның үстіне ретсіз қояды. Әркім өзінің заты тұрған партаға барып отырады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
|
|
С абақтың ортасы
5 минут
|
Ойқозғау
- «Үш қиян» өлеңі не себептен құнды деп ойлайсыңдар?
«Әдеби әңгіме шеңбері»
Өлеңнің ұлттық құндылықтарын талдау үшін мұғалім оқушылардан екі шеңбер жасап тұруды талап етеді (бір-бірін көретін ішкі және сыртқы шеңбер), осылайша «әдеби әңгіме шеңберін» ұйымдастырады. Оқушылар мұғалім берген тақырыптардың біреуін талқылайды, мысалы «ақын не себептен заманды адыра қалғыр дейді?», бір минут ішінде әр оқушы өз ойын айтады. Мұғалім алмасу уақытын қоңырау арқылы білдіреді. Аяқталғаннан соң, сыртқы шеңбер мұғалім «тоқта» дегенге дейін солға қарай жылжып, жаңа серіктеспен кездеседі. Осы ретпен «Заман қайтсе түзеледі?», «Өлеңнен қандай ұлттық құндылықты байқауға болады?» деген келесі сұрақты тоқсан секунд көлемінде талқылайды. Олар өлең туралы жаңа талқылауларын бастағанға дейін алдыңғы талқылауының қорытындысын жасауы қажет. Аяқталғаннан соң сыртқы шеңбер қайтадан жылжиды, жаңа талқылауын алдыңғы екі талқылаудың қорытындысын жасаумен бастайды. Мұғалім кез келген уақытта талқылаудың тақырыбын өзгерте алады.
|