Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет12/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб
8 сынып. ктпdocx, 8 сынып. ктпdocx
Элегия мұңды өлең. Адам көңілінің жабырқау, мұңлы-сырлы күйін танытатын шағын көлемді лирикалық өлең э л е г и я деп аталады. Элегияда, әдетте, өмірдің тұрақсыздығы, тағдыр, болмыс туралы өкінішті ой-толғаныстар, өмірде бастан кешкен сәтсіздіктер, ауыртпалық, жалғыздық, т.б. айтылады. Ақын көңілінің мұңы мен өкініші, торығуы мен тосырқауы жалқылық-жекелік сипаттан гөрі жалпылық сипатта көрінеді.
Мұндай сипат Махамбет, Абай, Сұлтанмахмұттың элегиялық өлеңдеріне де тән. Махамбеттің «Мұнар күн», «Жалғыздық», Абайдың «Жүрегім менің қырық жамау», «Жүректе қайрат болмаса», «Көк ала бұлт сөгіліп», «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?», «Ішім өлген, сыртым сау», т.б. элегиялық өлеңдерінде әлеуметтік шындық сыры айқын танылады.
Эпитафия. Дүниеден кеткен әлдебір қадірлі кісі жайлы жоқтау.
Мадақтау (ода). Ода ежелгі Грекияда әртүрлі тақырыпқа арналып, музыкамен сүйемелдеп, хормен айтылатын өлең. Кейін салтанатты, көтеріңкі леппен келетін лирикалық өлең. Ол жыраулар поэзиясында, ақындар шығармашылығында жиі кездеседі. Қазақ хандарының дәуірлеп тұрған кезінде ханның қасындағы ақындардан ода шығарушылар көп болған. Жәңгір хан тұсында өмір сүрген Байтоқ ақынды айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет