Г. Д. Рыскелдиева М. Т. Иманбаева С.Қайыпжанқызы



бет15/230
Дата07.02.2022
өлшемі1,83 Mb.
#90146
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   230
Байланысты:
мұғалім кітабы 8 сын әдеб

Өлең композициясы
1). Аңшыға не керек?
2). Түлкі мен бүркіттің бірін-бірі байқауы.
3). Көк тағысы мен жер тағысының шайқасы.
4). Арпалысты бейнелерге ұқсату.
5). Аңшы мақтанышы.
6). Өнерге берілген баға.
7). Аңшылық өнеріне кеңес.
Саяси әлеуметтік лирика. Тақырыбы: аңшылық.
Идеясы: Аңшылықты өнер деп түсінуге үйрету, бұл өнерді дәріптеу.
Жанры жағынан: бейне өлең.
Төрт тармақты шумақ
Үш бунақты өлең:
Қансонарда // бүркітші // шығады аңға//
Тастан түлкі // табылар // аңдығанға//
Жақсы ат пен // тату жолдас // бір ғанибет
Ыңғайлы // ықшам киім // аңшы адамға //
Он бір буынды өлең
Бірінші шумақ он бір буынды қара өлең ұйқасы. Кейінгі ұйқастарының бәрі өлең аяғына дейін кезекті ұйқасқа құрылған.
Тіл байлығы:
Антоним: ақ – қара
көк – жер
күйеу – қалыңдық
Идиом: жақсы ат, тату жолдас, ықшам киім, салаң ету, қайтқан із, із шалу, тау басы, томаға тарту, қыран құс, қанды көз, қайқаң қағу, аузын ашу, тісін қайрау, шыбын жан, қызық көру, шабар жер, қырық пышақ, көз аудармау, аял қылмау, жарқ-жұрқ, жеке батыр, қан майдан, қызыл қанға бату, қаса сұлу, қара шаш, тар төсек, арт жағы, алпыс екі айлалы, үйірімен үш тоғыз, көңіл жайлану, бір атым, бір жасау, құмар қану, құс салу, сұм жалған, үстірт қарау, дәм тату.
Ажарлау
Эпитет: жақсы ат, тату жолдас, ыңғайлы ықшам киім, қанды көз құс, қырық пышақпен қыржыңдап тұрған түлкі, тар төсек, алпыс екі айлалы түлкі, қызық іс, көкірегі сезімді, көңілі ойлы.
Теңеу: Жарқ-жұрқ етіп екеуі айқасады
Жеке батыр шыққандай қан майданға
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға
Таудан жиде тергендей ала берсең
Құбылту
Метафора: Біреуі көк, біреуі жер тағысы
Қырық пышақпен қыржаңдап тұрған түлкі
О да осал жау емес қыран қанға
Сегіз найза қолында көз аудармай
Батыр да аял қылмайды ертең таңға
Метонимия: Төмен ұшсам түлкі өрлеп құтылар деп
Қанды көз қайқаң қағып шықты аспанға
Күйеуі ер қалыңдығы сұлу болып
Айшықтау
Шендестіру: Қар аппақ, бүркіт қара, түлкі қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Тәрбиелік мәні: Өлеңнен қазақ халқының саятшылық өнері туралы толық мағлұмат алуға болады. Автордың суреткерлік шеберлігі мен осы өнер туралы білімі таң қалдырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет