Сабақ: Қазақ әдебиеті Мектеп: «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1арнайы мектеп-интернаты»



бет1/2
Дата02.02.2023
өлшемі149,26 Kb.
#167225
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Ашық сабақ Шұғаның белгісі


САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп: «Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған №1арнайы мектеп-интернаты»




Мұғалімнің аты-жөні: Байдебекова Н.Е

Сынып: 9«Г»
Күні :25.01.2021.







Сабақтың тақырыбы

Б.Майлин «Шұғаның белгісі» хикаяты

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

10.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік композициялық талдау жасау

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:
Әдеби шығарманың сюжеттік композициялық талдауды біледі, түсінеді.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Әдеби шығарманың сюжетін анықтап,үзіндіні өз ойымен жалғастырып қолданады.
Кейбір оқушылар орындай алады:
Әдеби шығарманың сюжетін анықтап, композициялық құрылымын сақтай отырып, талдайды.

Бағалау критерийі

1.Шығарманың сюжеттік композициялық талдауды біледі, түсінеді.
2.Үзіндіні өз ойымен жалғастырып қолданады.
3.Композициялық құрылымын сақтап, талдайды.



Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:
Оқушылар шығарманы композициялық құрылысына қарай талдауды біледі.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ақсүйек ,белес,жесір ,инедей қиянаты жоқ,қызойнақ,шаңымды аспанға шығарды,Обашық,болыс,жүрегім тас төбеме шықты,бәйбіше,көпке топырақ шашу,алтыбақан,олжамнан қақты т.с.с

Сабақта жүзеге асырылатын құндылықтар

Шығармашылық, жауапкершілік,өзара ынтымақтастық т.б.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, қазақстан тарихы

Алдыңғы оқу

Б.Майлиннің өмірбаянын біледі

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы
5 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
« Пазл » әдісінде суреттердің қималары таңдап алынады. Қималардың артындағы сұраққа жауап беріп, сурет құрастырып 4-топқа бөлінеді.




- Проза дегеніміз не?
- Хикаят дегеніміз не?
- Хикаят кімнің атынан баяндалады?
-Б.Майлин қай жылы дүниеге келді?
- Б.Майлин қайда дүниеге келді?
-Б.Майлиннің қандай өлеңдерін білесіңдер? т.с.с.


Суреттер

Сабақтың ортасы

15 минут


5 минут


5 минут

5 минут




Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Жалғасын тап » әдісі. Топтық жұмыс
Мұғалім шығарманы әңгімелей отырып, қызық жеріне келгенде тоқтайды. Қалған жалғасын оқушылар өз ойларының жүйріктігіне қарай жалғастырады. Мұғалім түпнұсқасын айтады.
Дескриптор.

  • Оқушылар қиялға ерік береді.

  • Болжам жасай алады.

  • Оқушылар ойларын жүйелі жеткізе алады.

ҚБ. Топтық бағалау
2-тапсырма. Семантикалық кесте. Жеке жұмыс
Шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашады.



Сатылай кешенді талдау

1

Авторы

Бейімбет Майлин 

2

Тақырыбы

Әйел теңсіздігі.

3

Идеясы

Гуманизм, адамгершілік, махаббат мәселесі.

4

Эпикалық жанр түрі:

Повесть

5

Кейіпкер
лер бейнесі:



Басты кейіпкер Шұға 



Аққұба, талдырмаш, қара көзді қыз. Үріп ауызға салғандай еді деп суреттеледі. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілтек дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді – деп Қасымжанның айтуы бойынша суреттеледі.

Әбдрахман 

Қазақбайдың баласы, еңбекқор, біраз оқыған, сауаты бар мұғалім.

Айнабай 

Қара ниетті, ел арасына от жаққан адам.

Есімбек
 

4 ұлдың, бір қыздың әкесі. Айтқан уәдесіне берік адам.

6

Жағымды кейіпкерлер
Несімен жағымды?

Жағымсыз кейіпкерлер
Несімен жағымсыз?









Дескриптор.

  • Кейіпкерлер бейнесін ашады.

  • Жағымды, жағымсыз кейіпкерлерге сараптама жасайды.

ҚБ. «Көршіңізге айтыңыз» әдісі
3-тапсырма.Композициялық құрылымына қарай талдау.Жеке жұмыс.

1

Шығарманың басталуы

Бейімбет пен жолдасы – Қасымжан ауылдан шығып, келесі бір ауылды бетке алады. Кең даланың табиғатын суреттейді. Қасындағы жолдасының аты малшылардың малға мінетін аты болған соң кейін қалып қоя береді. Жол қысқарсын деген мақсатпен жолдасы Шұғаның белгісі туралы сөз қозғайды.

2

Шығарманың дамуы

Есімбек деген байдың ортан қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен жалғыз қызы – Шұға болады. Шұғаның келбетін суреттейді.

3

Шығарманың байланысы

Есімбектің ауылына Әбдрахман деген Қазақбайдың баласы келеді. Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. Әбдрахманда Шұғаны сүйеді. Ауылда алтыбақан болып кездеседі.

4

Шығарманың шиеленісі

Айнабай деген ауыл адамы қызы Күлзипаны Әбдрахманға қоспақ ниетте болады. Әбдрахманның әкесі үйінде шөп болмай Айнабайдың үйіне барғанда Айнабай қос қазыны бұзбай асып, бір арба шөпті тегін беріп жібереді.

5

Шығарманың шарықтау шегі

Әбдрахман Күлзипаға қарамай қойған соң, әрі Шұға мен Әбдрахманның махабаты елге мәлім болып, Айнабай «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдрахманды жер аудартып жібереді.

6

Шығарманың шешімі

Содан Шұға құсалықпен ауырады. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртады. Бірақ Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. «Шұғаның белгісі» деп отырғаны Шұғаның басына орнатылған тас.



Тапсырмалар:
1.Қолдауды қажет ететін оқушылар.
Оқушылар шығарманы композициялық құрылымына қарай кестені толтыра отырып, шығарманың негізгі ойын анықтайды.
2.Қабілетті оқушылар.
Оқушылар шығарманы композициялық құрылымына қарай кестені толтырып, шығарманың негізгі ойын анықтап, дәлелмен келтіреді.


Дескриптор.

  • Шығармаға композициялық талдау жасайды.

  • Шығарманың құрылымын сақтайды.

  • Шығарманың негізгі ойын дәлелмен келтіреді.

ҚБ. Менің сөзім» әдісі


4-тапсырма. Семантикалық картаны толтыру.Жеке жұмыс
Сөздерді мағынасына қарай ажыратады.



Берілген сөздер

Тұрақты тіркестер

Салт-дәстүрлер

Көнерген сөздер

Туыстық атаулар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет