5-тапсырма. «Шын, жалған» ойыны Ойынның шарты: Мұғалім сөйлемдерді оқыған кезде шын ақпарат айтылса, «екі алақанымен қошемет білдіреді», ал жалған ақпарат айтылса, «екі аяғымен еденді тақылдатады».
1.Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. (Шын) 2. Айнабай деген ауыл адамы қызы Күлзипаны Әбдрахманнан алшақтатады. (Жалған) 3. Әбдрахманды жер аудартып жібереді.(Шын) 4. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртпайды (Жалған) 5. Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. (Шын) 6. Айнабай ақ ниетті, ел бірлігін ойлайтын адам.(Жалған) 7. Есімбек айтқан уәдесіне берік адам. (Шын) 8. Шұғаның өліміне қоғам кінәлі. (Шын) 9.Жазушы оқиғаны асыра сілтеп жазды. (Жалған) 10. .«Шұғаның белгісі» хикаятында жазушы қоғамды шынайы түрде бейнеледі. (Шын) 11. Бүгінгі жастарымыз үшін қоғамда әлеуметтік әділетсіздіктер орын алған. (Шын) 12. Шұға мен Әбдірахман және тағы басқа жастар арман еткен азаттық, бүгінгі жастарға бақыт сыйлады. (Жалған)
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс – Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
Оқушыларға көбірек қолдау көрсетемін.Оқушылардың қабілеттерін одан әрі шыңдау үшін көшбасшылық қасиеттерін дамытамын, күрделі тапсырма беремін.
1.Қолдауды қажет ететін оқушылар. Оқушылар шығарманы композициялық құрылымына қарай кестені толтыра отырып, шығарманың негізгі ойын анықтайды.
2.Қабілетті оқушылар. Оқушылар шығарманы композициялық құрылымына қарай кестені толтырып, шығарманың негізгі ойын анықтап, дәлелмен келтіреді.
Оқушыларды бағалауда топтық бағалау, «Менің сөзім», . «Көршіңізге айтыңыз»
әдістерін пайдаланамын. Оқушылардың оқу мақсатына қол жеткізгеніне көз жеткізу үшін бағалау критерийлері мен дескрипторларды қолданамын. Оқушыларға тиімді кері байланыс беріп отырамын.
Қазақ тілі пәнімен байланысы бар.
Қауіпсіздік ережелері сақталады (сергіту жаттығулары, ойындар).
Оқушылардың топтық және өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, бір-біріне құрметпен қарауға шақыру;
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім? 1: 2: