Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық



бет173/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   503

2. Мысалы, дәреженің негізі 4 болып, сол негізді қандай дәрежеге шығарғанда 16 шығатынын табу керек болсын. Таппақшы көрсеткішімізді -пен белгілеп алып, мынадай теңдеу жазуымызға болады: . Берілген негіз бен берілген дәрежеге қарап, дәреженің көрсеткішін табу үшін қолданылатын амалды берілген 16 санының берілген 4 негіздегі логарифмін табу деп атайды. Біздің мысалымызда , өйткені .

Сонымен, дәрежелеу амалына кері екі амал болады. Бұлар әр түрлі амалдар ма? Әуелі осы сұрауға жауап береміз. Шынында, көбейту амалына да кері екі амал бар деуге болады: біреуі – берілген көбейтінді мен көбейткішке қарап көрсеткішті табу, екіншісі – берілген көбейтінді мен көбейткішке қарап белгісіз көбейткішті табу; бірақ бұл екі амал екі түрлі амал ретінде қарастырылмай, бір ғана амал болып саналады да, бөлу амалы деп аталады. Бұл кері екі амалдың бірігіп, бір ғана амал болуы көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне байланысты. Бұл қасиет бойынша, көбейткіш пен көбейгіштің орнын ауыстырғаннан көбейтінді өзгермейді.



Қосу амалы да осы сияқты: бұған да кері екі амал бар деуге болады; біреуі – қандай санға (бірінші қосылғышқа) берілген санды (екінші қосылғышты) қосқанда берілген қосынды шығатынын табу, екіншісі – берілген санға (бірінші қосылғышқа) қандай санды (екінші қосылғышты) қосқанда берілген қосынды шығатынын табу. Бірақ бұл екі амал да бір ғана амал болып саналады да, азайту амалы деп аталады. Бұлай болуы – қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты болады. Ол қасиет бойынша қосылғыштардың орынын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді.

Дәрежелеу амалында да осы қасиет болса, онда бұл амалға кері екі түрлі амал болмай, шынында бір ғана амал болып шығар еді. Бірақ дәрежелеу амалының ауыстырымдылық қасиеті жоқ, мысалы, мен тең емес, мен тең емес т.с.с. Сол себепті, берілген дәреже мен көрсеткішке қарап негізді табудың (түбір табу амалының) көрсеткішті табудан (логарифм табудан) орасан зор өзгешелігі бар.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет