Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық



бет110/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   503

2. Функциялық тәуелділікті практикада жиі кездестіруге болады. Бір тәулік бойы ауа температурасына байқау жүргізілген. Кейбір байқалған нәтижелер кестеде көрсетілген:

t

0

3

6

9

12

15

18

21

24

p

- 4

- 7

- 5

0

2

4

2

1

- 3

t әрпімен тәулік уақыты (сағат есебімен), ал p әрпімен температура (Цельсий градусы есебімен) белгіленген.

Бұл кестеде бір тәулік ішіндегі температура жайлы толық мәлімет бермейді. Мысалы, сағат 7-де, 12 сағ. 30 минутта т.с.с. температураның қандай болғаны белгісіз. t уақыт мезетінде абциссасы t мәніне, ал ординатасы p температураның сәйкес мәніне тең болатын нүктені координаттық жазықтықта белгілеп, оларды жатық сызықпен қосу керек. Нәтижеде температураның графигі болатын бір сызық шығады (13-сурет).



Бұл график бойынша температураның бір тәулік бойы өзгерісі жайлы көптеген мәлімет білуге болады. Мысалы, сағат 7-де ауаның температурасы –3,5С болған, сағат 3-тен сағат 15-ке дейін температура жоғарылаған, ал 0 сағаттан сағат 3-ке дейін және сағат 15-тен сағат 24-ке дейін температура төмендеген, сағат 15-те температура ең жоғары болған т.с.с.

13-сурет


p температураның t уақытқа тәуелділігі функция болады. кескінделген сызық t-ның функциясының графигі деп аталады.

Функцияның графигі деп абциссалары аргументтердің мәндеріне, ал ординаталары функцияның сәйкес мәндеріне тең болатын барлық нүктелердің жиынын атайды.

Формуламен берілген функцияның графигін қалай салатынын көрсетейік.



Функция формуласымен беріген болсын, мұндағы .

Аргумент пен функцияның кейбір сәйкес мәндерінің кестесін құрайық:



Х

-1

0

1

2

3

4

5

У

-7

0

5

8

9

8

5

Координаттары кестеде көрсетілген нүктелерді координаттық жазықтықтан белгілейік. Оларды жатық сызықпен қосайық. Сонда , мұндағы , формуласымен берілген функцияның графигі шығады (14- сурет). Графикке тиісті нүктелерді неғұрлым көбірек белгілесек, олар неғұрлым жиі орналасса, график соғұрлым дәл салынатын болады. Айнымалылар арасындағы тәуелділіктен функцияның өспелі және кемімелілігін анықтауға болады.

14-сурет


Анықтама:

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет