О.М.Жолымбаев, Г.Е.Берікханова
5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық
Семей-2010
ББК
Ж 69
Пікір жазғандар:
1. Есенжолов.Е.Қ. – п.ғ.к., профессор.
2. Мұстафаев Қ.Н. – ф.м.ғ., доцент
О.М.Жолымбаев, Г.Е.Берікханова
Элементарлық математика (5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық)
Ж 69 Семей мемлекеттік педагогикалық институты.
2010 311 бет.
«Элементарлық математика» оқулығы Информатика және Физика стандартына, типтік оқу жоспарына сәйкес жазылған. Кітап 28 дәрістен тұрады. Бұл кітапта мектептің мұғалімін даярлау үшін математикадан қажетті материалдар жеткілікті дәрежеде берілген.
Мектептің математикасымен қоса жоғары математиканың элементтері комплекс сандар және ықтималдықтар теориясы кең мағынада түсіндіріледі.
Бұл оқулық университеттердінің және педагогикалық институттардың күндізгі және сыртқы бөлімінде оқитын студенттерге арналған.
Жолымбаев О.М., Берікханова Г.Е., 2010
1-Дәріс
Арифметика. Натурал сандар
2 . Сандардың бөлінгіштік белгілері
3. Ең үлкен ортақ бөлгіш
4. Ең кіші ортақ еселік
5. Евклид алгоритмі
1. Элементтері өзара бірмәнді сәйкестікте болатын жиындарды тең қуатты жиындар деп атайтынбыз. Бұлар тең қуатты жиындар кластарын құрайды. Мұндай кластың мысалы ретінде әріптері жиынына тең қуатты барлық жиындардың жинағын алуға болады. Бұл класқа мынадай жиындар енетіні айқын: жыл мезгілдерінің жиыны, дүние тараптарының жиыны, шаршы қабырғаларының жиыны, бөлменің қабырғаларының жиыны т.с.с.жатады. Ал енді әріптері жиынына тең қуатты барлық жиындар жинағын алатын болсақ, бұл жинақ әрине, басқа бір класс құрайтын болады. Бұл класқа, мысалы, адам қолының саусақтарынанң жиыны, жұлдызшаның төбесінің жиыны, дөңес бесбұрыштың диагональдарының жиыны, оның бұрыштарының жиыны, т.с.с. жатады.
Бір класқа жататын жиындардың қуаты бірдей болады да, әр класқа жататын жиындардікі әр түрлі болады.
Шындығында, жоғарыда келтірілген мысалда бір жиынның элементтері латын алфавитінің әріптері болса, екіншісінікі - адамның саусақтары, үшіншісі - геомериялық фигураның диагональдары, төртіншісінікі- сол фигураның бұрыштары, т.с.с.
Сапа жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар жиындарды бір класқа жатқызып біріктіргенде, біз бұл класқа енгізіліп отырған жеке жиындардың өздеріне тән сапалық ерекшеліктерінің барлығын еске алмай, тек олардың барлығына ортақ жалпы қасиетін және ол кластың кез келген жиынын оған тең қуатты басқа бір жиынмен алмастырғанда өзгермей сақталып қалатын қасиеттерін ғана ескереміз.
Барлық тең қуатты жиындарға тән, бәріне ортақ, өзгермей сақталатын қасиет- ол жиынның элементтерінің саны.
Тең қуатты жиындардың қандай да бір класы туралы ұғым - натурал сан деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |