Г. Е. Берікханова Элементарлық математика 5B 01 11 00 «Информатика» және 5B 01 10 00 «Физика» мамандығы бойынша оқитын студенттерге оқулық


Жай көбейткіштерге жіктелген екі немесе бірнеше



бет9/503
Дата08.07.2017
өлшемі67,2 Mb.
#20734
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   503
Жай көбейткіштерге жіктелген екі немесе бірнеше

сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу.

Мынадай сандарды алайық: ; ; және олардың ең үлкен ортақ бөлгішін табайық.

Ең үлкен ортақ бөлгіш берілген сандардың әрқайсысының да бөлгіші болатындықтан, алдыңғы теорема бойынша оның құрамында A, B және C сандарының тек ортақ көбейткіштері ғана болуға тиіс және бұл көбейткіштердің сол ең үлкен ортақ бөлгіш жіктелуіндегі дәрежесінің көрсеткіштері берілген сандардың сәйкес көбейткіштерінің дәрежелерінің ең аз көрсеткішінен арта алмайды.

Демек, A, B және C сандарының ең үлкен ортақ бөлгіш a, b және c сандардың көбейтіндісіне тең болады да, бұлар берілген сандар құрамындағы ең аз дәрежесімен алынады, атап айтқанда: a үшінші дәрежеде, b екінші дәрежеде және c төртінші дәрежеде алынады.

Сөйтіп,


(A; B; C) = a3b2c4.

Сонымен, жай көбейткіштерге жіктелген екі немесе бірнеше сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші сол сандардың барлық ортақ көбейткіштерінің көбейтіндісіне тең болып, ол көбейткіштер берілген сандар құрамындағы ең аз дәрежесімен алынады.



Мысал. Мынадай сандар берілген: ; ; ; . Олардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу керек.

Бұл төрт санның жіктелуіндегі жай көбейткіштердің ортақтары тек 2 мен 3. Ал 2-нің берілген сандар құрамындағы дәрежесінің ең аз көрсеткіші 4 те, 3-тің ондай көрсеткіші 1.

Демек, ЕҮОБ (192; 240; 288; 336) = 24 . 3 = 48.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   503




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет