Жиын Жиын – аса маңызды, іргелі, анықтауға болмайтын математикалық ұғымдардың бірі



бет1/4
Дата10.09.2024
өлшемі413,91 Kb.
#204019
  1   2   3   4
Байланысты:
Жиын



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
АСТАМБАЕВА ЖУПАТ КАНАПЬЯНОВНА - PhD, Бастауыш білім беру
кафедрасының аға оқытушысы
Жиын және оларға қолданылатын амалдар
Алматы - 2024
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Жиын ұғымы және оның берілу тәсілдері.
2. Жиындарға қолданылатын амалдар: екі жиынның қиылысуы, бірігуі, айырмасы, декарттық көбейтіндісі; жиынды әмбебап жиынға дейін толықтыру; жиынды өзара қиылыспайтын тең жиындарға бөлу.
3. Жиындарға қолданылатын амалдардың қасиеттері.

жиын

  • Жиын – аса маңызды, іргелі, анықтауға болмайтын математикалық ұғымдардың бірі.
  • Бұл жекелеген адамның және бүкіл адамзаттың ұзақ уақыт бойы жинақталған тәжірибесінде, бізді қоршаған әлемнің әртүрлі моделінде осы ұғымның нақты кездесетінінен туындап отыр.
  • Жиынды қандай да бір мәнді белгісі бойынша кейбір объектілердің бірігуі, жинағы, жиынтығы ретінде түсіндіруге болады.
  • Табиғаты әралуан объектіден жиынды құруымыз мүмкін. Осындай объектілер қатарында әріптер, цифрлар және сандар (өрнектер, теңдеулер, фигуралар, адамдар, оқушылар, заттар және т.б.) бола алады. Ал күнделікті тіршілікте жиын сөзінің орнына синоним ретіндегі әртүрлі сөздерді (коллекция, класс, топ, жинақ, жиынтық, табын, үйір және т.б.) қолданады.

Жиын және оның элементі


Бір жиынды екіншісінен ажырату үшін латын алфавитінің бас әріптерімен белгілейді: А,В,С, т.б.
1) А – «математика» сөзіндегі әр түрлі әріптер жиыны болсын. м әрпі А жиынына тиісті. Оны былай жазады: мА. Ал б әрпі А жиынына тиісті емес. Оны былай жазады: бА.
2) А жиыны – 5-тен кем сандар жиыны. Оны былайша жазады: А=,,, 
Жиын мен элементтерінің арасындағы қатынасты «жиынның элементі болып табылады» немесе «элемент жиынға тиісті» сөзімен білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет