ЯДРОЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАЛАРЫ
1.1. Ядролық реакциялардың сақталу заңдары
Ұшып келе жатқан бөлшектің салыстырмалы үлкен емес энер-гиясында жүріп жатқан ядролық реакцияларда келесі сақталу заңдары орындалады:
Электр зарядының сақталу заңы.
Нуклондар санының сақталу заңы.
Энергияның сақталу заңы.
Импульстің сақталу заңы.
Қозғалыс мөлшер моментінің сақталу заңы.
Бұл бес сақталу заңы ядролық электромагниттік жəне əлсіз əсерлесудің əсерінен болған барлық типті реакцияларда сақта-лады. Сонымен қатар ядролық жəне электромагниттік əсерлесу нəтижесінде реакцияда кеңістіктің сақталу заңы орындалады.
Ядролық əсерлесу нəтижесінде жүрген реакцияларда изотоп-тық спин жəне оның проекциясының сақталу заңы орындалады.
Екі бөлшектік ядролық реакцияны қарастырамыз: a+А = B+b Ядролық реакцияның нақты механизмін қарастырмастан сақталу заңдары берілген ядролық реакция мүмкін бе, жоқ па деген сұраққа жауап бере алады. Сақталу заңдары ядролық реак-
циялардың өту мүмкіндігіне белгілі шектеулер туғызады. Ядролық реакциядағы сақталу заңдарының əсерін қарас-
тырайық.
Электр заряды жəне нуклондар санының сақталуы. Электр заряды жəне нуклондар санының сақталу заңынан ядролық реак-ция нəтижесінде əрекеттесуге түсетін қосынды электр заряды жəне толық нуклондар саны сақталу керек. Электр заряды жəне нуклондар санының сақталу заңын пайдалана отырып, реак-цияның белгісіз туған элементін анықтауға болады. Сонымен, 7Li + p→ х + 4He ядролық реакциядағы белгісіз туған элемент х-тің α бөлшек екенін былай анықтауға болады.
7
Zбас = Z(p) + Z(7Li) = 1+3=4 = Zсоң = Z(4He) + Z(x) = 2 + Z(x)
|
(1.1)
|
|
Z(x) = 2
|
|
Aбас = A(p) + A(7Li) = 1+7=8 = Aсоң = A(4He) + A(x) = 4 + A(x) A(x)= 4
Достарыңызбен бөлісу: |