226
§59–60. Blockchain тех но ло гия сы
Blockchain тех но ло гия сы IT са ла-
сы ның ға на емес, қар жы са ла сы ның
да да му бел гі сі бо лып та бы ла ды. Қар-
жы өкіл де рі Blockchain тех но ло гия сы-
ның бо ла ша ғы үл кен екеніне се не ді.
Сонымен, бұл технологияның жұмыс
істеу принципі қандай және ол қалай
ұйымдастырылған?
Blockchain де ге ні міз не?
«Block» – блок, «chain» – тіз бек, «Blockchain» – блоктар тіз-
бегі. Тізбектің екі түрі бар:
1) Ресми Blockchain – ашық, то лық ты ры ла тын деректер қоры.
Әрбір қатысушы мәліметті жаза да, оқи да алады.
2) Бейресми немесе жеке Block chain мәліметті жазу мен оқу
барысында белгілі шектеулер қояды. Басымдылыққа ие
түйіндер болуы мүмкін. Бейресми Blockchain-нің артық-
шылығы – эксклюзивті Block chain бо луында. Мұндай
тізбекте аударымдармен айналысатын белгілі бір тұлғалар
нақты бекітіледі.
Блоктар
– бұл жүйе ішінде криптографикалық формада
ұсынылған аударымдар, мәмілелер мен келісімшарттар тура лы
деректер. Барлық блоктар тізбекке қойылып, бір-бірімен өзара
байланысқан. Амалдар субъектілер арасында тікелей жасала-
ды және олар барлық қатысушылар Blockchain-нің бір желісіне
қосылуының есебінен жүзеге асырылады. Бұл Blockchain-нің
басты артықшылықтарының бірі болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: