153
орналасады. Хабарландыруларды көрсету пайда ланушының
сұранысы мен мүдделеріне байланысты.
PPC артықшылықтары:
• жылдам іске қосылады және тез нәтиже береді (24 сағат);
• жылжыту бойынша жұмыстарды бастауға ыңғайлы;
• маусымдық жобалар үшін тиімді;
• жарнама форматтары (ремаркетинг, Google сатып алу, КМС
және т.б.) көп;
• жаңа тауарды тез тексеруге болады;
• сайттың жаңа дизайны мен өзгерістерінің тиімділігін тез
тексеруге көмектеседі;
• девайста мақсатты аудиторияны алуға мүм кіндік береді.
PPC маусымдық жобалар үшін немесе қысқа мерзімде өз
брендін жылжыту қажеттігі болған жағдайда өте қолайлы.
Зерт теу лер көр сет кендей, контекстік жарнама брендтің таны-
мал ды ғын 80%-ке арттыруға мүмкіндік береді, сондықтан
оны Facebook және Amazon сияқты алыптар да пайдалануды
жалғастыруда.
PPC кемшіліктері:
• жұмыс істеу ақылы;
• сапа маман мен талдаушының тәжірибесіне байланысты.
SEOнемесеіздеужүйесіноңтайландыру
SEO (Search Engine Optimization)
– сайтқа кіруді арттыру
үшін іздеу жүйелерін беру нәтижесіндегі сайт ұстанымдарын
жақсартуға бағытталған жұмыстардың жиынтығы (
76-сурет
).
SEO артықшылықтары:
• әлеуетті клиенттерді қамтуды арттыру ықтималдығының
жоғары проценті;
• инвестициялардың өтелімділік көрсеткішінің ұлғаюы;
• дұрыс тәсілді қолданған жағдайда, жоғары позицияларды
ұстап тұрудың тұрақты нәтижелері;
• өз бизнесіңнің жоғары бәсекеге қабілеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: