Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет34/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan

Жеміс-жидек дақылдар
Жалпы түсінік. Морфологиялық құрылымы мен сыртқы белгісі жағынан жеміс-жидек дақылдарының бір-бірінен айырмашылығы үлкен, екінші жағынан аз да. Мұның өзі ұзақ уақыт (40 мың жылға жуық) оларда тұқым қуалаушылық (генотипте) дамуының әр түрлі жағдайларда өтуіне және әр түрлі табиғи жағдайларға байланысты.
Барлық жеміс дақылдары морфологиялық өсу ерекшеліктеріне, көлеміне және өмір сүру ұзақтығына байланысты мына топтарға бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұта тектестер, шырмауық тектестер, көпжылдық шөптектестер тобы.
Өсімдіктің дербес дамуы. Онтогенез дегеніміз - өсімдік организіміндегі, оның пайда болғаннан табиғи қурап өлгенге дейінгі аралықта генетикаға (тұқымқуалаушыққа) байланысты жүретін өзгерістер жиынтығы.
И.В.Мичурин жаңа сорттар шығару үстінде себінділердің жасына қарай болатын өзгерістеріне көбірек көңіл аударып, олардың өмірінде келесідей кезеңдерді көрсетті:
I – эмбриональді кезең – аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып, ұрық пайда болғаннан, тұқым пісіп, одан тұқым жарнақтары және бір нағыз жапырақ пайда болғанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде тұқымқуалаушылық факторлар өте активті және де осыған байланысты организм иілімді, яғни сыртқы орта жағдайларының өзгерістеріне төзімді болып келеді.
II – жастық кезең – алғашқы нағыз жапырақшалар пайда болғаннан тұрақты жеміс сала бастағанға дейінгі кезең. Оның ұзақтығы тұқымға, сортқа, агротехникаға байланысты – 1-жылдан (бүлдіргенде) 8-16 жылға (алма, алмұрт) дейін. Жас өсімдіктер иімділігімен және де сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделгіштігімен сипатталады.
Бұл кезеңдегі себінділердің тікенектілігі, аздап түктілігі, жапырақ жиектерінің майда тістілігі, олардың жабайы ата-тектерімен ұқсастығын білдіреді. Себіндінің ары қарай өсіп-дамуы процестерінде бұл белгілер көбіне жойылып кетеді және де олардың орнына мәдени, ірі, қалың, доғалдау тістері бар жапырақтар пайда болады. Өсімдік қасиеттері мен белгілері жайлап пайда бола бастайды.
Алғашқы жылдары жемістің түсі, дәмі және де басқа белгілері құбылып тұрады, олар жеміс сала бастағаннан кейін 3-5 жылда ғана тұрақтанады.
III - өнімді кезең – мол жеміс салумен ағашбөркінің және тамыр жүйесі көлемінің барынша ұлғаюымен, организм иімділігінің төмендеуімен, қасиеттері мен белгілерінің салыстырмалы түрде тұрақталуымен сипатталады.
IV – қартаю және қурау кезеңі. Өсімдік белгілері мен қасиеттерінің тұрақталумен сипатталады. Өнімі азаяды, өсімдіктің барлық мүшелері қартаяды, содан кейін жартылай қаңқалық және қаңқалық бұтақтар қурайды. Бұл кезең өсімдіктің барлық бөліктерінің қурап бітумен аяқталады.
Жеміс дақылдары, жеміс-жидек дақылдары – шырынды және қатты жеміс-жидек үшін өсірілетін өсімдіктердің бір тобы. Бұл топқа 45 туысқа жататын өсімдік кіреді. Оның көпшілігі ағаш, бұта, көп жылдық тропик (банан, ананас) және қоңыржай аймақта өсетін (бүлдірген, қой бүлдірген, жүзім т.б) шөп тәрізді өсімдіктер. Жеміс-жидек дақылдары шығу тектеріне, жемісінің құрылымына, биологиялық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай 6 топқа бөлінеді: шекілдеуікті, сүйекті, жидекті, жаңғақты, цитрусты, субтропиктік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет