Сыныбы 6 «а» Күні 05. 03. 2016 ж. Пән: Биология



Дата26.08.2017
өлшемі76,45 Kb.
#29098

Сыныбы 6 «а»

Күні 05.03.2016 ж. Пән: Биология

Сабақтың тақырыбы

«Жуа тұқымдастар. Гүлі мен жемісінің құрылыс ерекшеліктері, тіршілік формалары. Жабайы өсетін, мәдени, дәрілік, маңызды халық шаруашылықтық өсімдіктер. № 28 зертханалық жұмыс.Жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.»  

Мақсаты


Пияз тұқымдасына жататын түйнек – пиязшықты, тамыр сабақты, көпжылдық өсімдік сарымсақтың алуан түрлері мен пайдасы туралы түсінік беріп, насихаттау.
Жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделігіне қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденіске, шығармашылыққа баулу.

Күтілетін нәтижелер


1.Жуа тұқымдастарының құрылысын, өмірмен байланыстыра отырып түрлерін,маңызын біледі.

2.Жуа тұқымдасының құрылысындағы ерекшеліктер мен гүл формуласын біледі.

3.Тақырыпты толық меңгереді,сыни тұрғыдағы тапсырмаларды орындай алады.

Ынтымақтастықта жұмыс істеу дағдылары қалыптасады.



Керекті жабдықтар

Ресурстар, интерактивті тақта, стикер, жұмыс дәптері және оқулық.

Негізгі идеялар

Білім беруде АКТ-ны пайдалану, топтық жұмыс, жеке жұмыс, өз бетінше ізденіп әрекеттенуге үйрету

Қолданылатын әдістер


Үй тапсырмасын сұрауда сандар сөйлейді тапсырмасы, өз пәтеріңе орналастыр.

Жаңа сабақта миға шабуыл түрінде түрлі тапсырмалар берілді, жұмбақ жасыру,тест жұмысы.




Бағалау критерийлері

1. Сандар сөйлейді тапсырмасы

2. Менің үйім жұптық тапсырмасы

3. Топта жұмыс істеп, өз ойын жеткізе алды

4. Сабаққа белсенді қатысты

5.Шағын тест


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Уа-қы-ты

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1

мин


5

мин


5мин

Сабақ барысы:

Сыныппен амандасу. Топқа бөлу (4 топ)

1-ші топ Баяндаушы

2-ші топ Бейнелеуші

3-ші топ Жазушы

4-ші топ Дәнекер



Үй тапсырмасын тексеру:

1.«Сандар сөйлейді»

Лалагүл тұқымдасы

1........(аналығының саны)

1300....(жер бетіндегі лалагүлді тұқымдасының саны)

57.......(ҚР кездесетін түрі)

2.......( туысы)

14......(«Қызыл Кітапқа» тіркелген түрі)

15.......(лапыздың биіктігі 15см)

6........(аталығының саны)

20.....(жапырағының ұзындығы)



2.«Менің үйім» Мына өсімдіктерді өз пәтерлеріңе орналастыр.

1.Лапыз 2.қырлышөп 3.Сүмбілшаш 4.қызғалдақ 5.секпілгүл. 6.шырыш 7.кірпішөп 8.тамырдәрі

Техникалық

Дәрілік

Сәндік

Бөлме гүлі

6

1,2,8

3,4,5

7



Оқушылар 4 топқа бөлінеді.

.


Оқушылар берілген сұрақтар бойынша топтық әңгіме жүргізеді

Жаңа сабақ таныстырылымы

Негізгі бөлім

2

мин


15мин

6мин


Миға шабуыл әдісі арқылы жұмбақ жасырамын

Қасына келсең жылайсың,

Ащы деп те сынайсың.

Келмеймін деп ойласам,

Керек деп өзің сұрайсың?(пияз-лук-onion)

Күшін ішкем іріккен,

Бес саусақтай біріккен.

Тентекті де ықтырар,

Ащы мықты нәрі бар (сарымсақ-чеснок-garlic)

Сабағы садақ оғындай ,

Жер қайысқан тобырдай.

Жесең бірақ жұғымтал.

Көзден жасты шұбыртар. (жуа—зеленый лук-green onion)

Не түсіндіңіз? Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Ресурс таратамын. Берілген мәліметтерді оқи отырып, топта талдайды әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша жұмыстанады.

4 топқа жаңа тақырып бойынша 4 түрлі тақырыптар беріп топтық жұмыс жасатамын. Постер қорғайды.


1-ші топ Баяндаушы –Жуа тұқымдастарына берілген мәтіннің мазмұнын баяндайды.

2-ші топ Бейнелеуші-Жуа тұқымдастарының түрлернің суретін салады.

3-ші топ Жазушы-Жуа тұқымдастарына берілген мәтіннің қызықты жерлерін табады.

4-ші топ Дәнекер-Жуа тұқымдастарына берілген мәтін ішінен оқиғаларын бүгінгі өмірмен байланыстырады.

Топтар бір – біріне екі жұлдыз бір тілек айтып, формативті бағалайды.

Дәптермен жұмыс

Термин сөздер

Фитонцид-пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар.

Пиязшық-түрін өзгерткен шырынды, қысқарған жерасты өркені.

Түбіртек-пиязшықтың төменгі ұшындағы тығыз жерін яғни қысқарған сабағы


Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатымен танысады.

Оқушылар жұмбақ шешімін тауып, жауабын үш тілде айтады.

Топ мүшелері тақырыппен танысады, топта түсінгендерін талдайды, басқа топқа барып өз мәліметімен бөліседі, орнына келіп ортаға салады.

Оқушылар басқа топтың сұрақтарына жауап береді.

Топтар бір-бірін «бір жұлдыз, бір ұсыныс бойынша» бағалайды.

Дәптерге термин сөдерді жазып қояды



Жаңа сабақты қолдану

4мин


Жаңа сабақты бекіту ретінде тест жұмысы беріледі

Шағын тест

1.Пияз тұқымдастарының жемісі?

А)пияз ә)қауашақ б)сарымсақ

2.Пияз бен сарымсақта болатын ерекше ұшпа заттар

А)фитонцид ә)жидек б) інжугүл

3.Пияз тұқымдастарының жер бетіндегі түрі

А)750 ә)850 б)650

4.Сарымсақ өсімдігінің тіршілік кезеңі

А)біржылдық ә)екіжылдық б)көпжылдық

5.Пияз тұқымдасының таралуы

А)өздігінен ә)құмырсқа,жануар б)айқас тозаңдану

6.Пияз тұқымдастар

А)даражарнақ ә)қосжарнақ б) жарнақсыз

7.Пияз тұқымдастарының қысқарған сабағын не деп атайды

А)Тамырсабақ ә)түбіртек б)түйнек

Дұрыс жауабы

1.Ә 2.А 3.Б 4.Б 5.Ә 6.А 7.Ә



Шағын тест арқылы берілген тапсырманы жеке орындап, тақтадағы жауап арқылы бірін-бірі тексереді.

Жаңа сабақты қоры-тындылау

3мин

3мин


1мин

Топ басшылары бағалау критерийлері арқылы жиынтық баға шығару.

Рефлексия: Оқушылармен кері байланыс орнату. Стикерге не түсінгендерін, түсінбеген тұстарын жазады.

Үйге тапсырма беремін: Тақырыпты оқу .Тұрған жерлеріңде пияз бен сарымсақ себіле ме,себілсе қандай іріктемелері қолданылатыны жайлы хабарлама дайындаңдар.

28 зертханалық жұмыс.Жуа тұқымдасы өсімдіктерінің гүлі мен жемісінің құрылысы.



Топ басшылары бағалау критерийлері арқылы жиынтық баға шығарады.Бағаларымен танысады.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия

жасайды.

Күнделікке жазып алады.



Каталог: uploads -> doc -> 082f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
082f -> Сабақтың тақырыбы: Ғафу Қайырбеков
082f -> Қазақстан жалпы орта білім беретін мектеп «Мейірімділік. Сүйіспеншілк. Сұлулық»
082f -> Урок по истории Казахстана, казахскому и английскому языкам. «Государственные символы Республики Казахстан»
082f -> Білім беру саласы: Әлеуметтік орта Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің түрі: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Алтын дән»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет