Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет43/47
Дата03.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#189193
түріСабақ
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
Байланысты:
abf bio mukaz mad j paid sultan

Ареаловедение ареалтану. Белгілі бір өсімдіктердің және жануарлардың таралу заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы.
Аридные растенияқуаншылық өсімдіктері. Климаты құрғақ болатын қуаншылық жағдайда өсетін өсімдіктер.
Ацидофильные растенияқышқылдық өсімдіктер. Қышқыл топырақта ғана өсіп-жетілетін өсімдіктер.
Базофильные растениясілтілік шөл өсімдіктері. Топырағы сілтілі шөл, шөлейт жерде өсетін өсімдіктер.
Батат, сладкий картофельтәтті картоп. Түйнегінің құрамында крахмал көп, техникалық өсімдік.
Батун татар пияз, татар жуа. Жуаның бір түрі. Көкөніс дақылы.
Бахчабақша. Қарбыз, қауын, асқабақ сияқты бақша дақылдары өсірілген егіс алқабы.
Бахчеводствобақша өсіру. Бақша дақылдарын өсірумен айналысатын егіншілік саласы.
Бахчевые культуры - бақша дақылдары. Қарбыз, қауын, асқабақ т.с.с. өсімдіктердің ортақ атауы.
Белена- меңдуана (у.ө.). Екі жылдық және бір жылдық өсімдік туысы. Негізінен дәрілік өсімдікке жатады, улы болады. Кейбір түрін қолдан да өсіреді.
Болиголов убалдырған (у.ө.). Екі жылдық шөптесін өсімдік туысы. Улы өсімдікке жатады.
Боярышник, бояркадолана (Қ.ж.ө.).Дәрілік және әсемдік үшін өсірілетін бұта немесе шағын ағаш түрінде өсетін өсімдік. Витаминді, балшырынды болады.
Брусника, черникақызамық, қызыл жидек, итбүлдірген (ж.ж.ө.) Бұта түріндегі жидекті өсімдік. Шырынды қызыл түсті жемісінде қант пен органикалық қышқылдар көп.
Брюкватарна. Екі жылдық шөптесін өсімдік. Тамыр жемісі бар мал азығындық дақылға жатады.
Ветроопыляемые растения – желмен тозаңданатын өсімдіктер. Өсімдік тозандарының желмен үшып, бір өсімдіктен екіншісіне қонып тозаңдануы.
Вещества запасныеқордағы заттар. Өсімдік құрамындағы углевод, май, белок, т.с.с. заттар.
Вещество органическоетабиғи зат. Көміртегі, сутегі, азот сияқты элементтерден өсімдік денесінде құрастырылатын зат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет