Бір жылдық жапырақты және көп жылдық көкөніс өсімдіктер тобы бойынша: 1.Аскөк, саумалдық, ақ сүттігеннің ашық және қорғаулы жердегі орны.
2.Көп жылдық көкөніс өсімдіктердің көбею әдістері.
3.Көп жылдық көкөніс өсімдіктерінің ашық және қорғаулы жердегі орны.
Әдістемелік нұсқаулар.
Өсімдіктердің алуан түрлерінің ішінде көкөніс өсімдіктерінің 78 тұқымдасқа жататын 110-120 түрі бар, олардың 86 түрі (19 тұқымдасы) – қос жарнақты. Көкөніс өсімдіктерінің жартысына жуығы қолдан өсіріледі, қалғаны жабайы өседі.
ТМД елдерінде, биологиясы, өсіру технологиясы және тамаққа пайдалануы бойынша өте алуан, көкөніс және бақша дақылдарының 70-тен аса түрлері өсіріледі.
Көкөніс және бақша дақылдарын оқып – үйренуді жеңілдету үшін оларды өндірістік белгілері және ботаникалық қатынасы бойынша жіктейді. Ботаникалық жіктелудің негізіне бір белгі – биологиялық ұқсастығы, ал өндірістік жіктелуде екі белгі – агротехника және көкөніс мүшелерін азыққа пайдалану ұқсастығы келтірілген.
Көкөніс өсімдіктерінің ботаникалық жіктелуі
Қажетті материалдар: - көкөніс дақылдарына жататын өсімдіктердің кеппешөптері
- көкөніс дақылдарының түрлері көрсетілген плакат
- формалині бар шыны ыдыста орналасқан қызанақтың тамыр жүйесі
Әдебиет: 7,7-67 бет.
Бақылау сұрақтары: 1. Көкөністердің химиялық құрамына тоқталыңыз?
2. Көкөніс дақылдарының жалпы сипаттамасы қандай?
3. Көкөніс дақылдарын жіктеу қандай принципке бағынады?
4. Көкөніс дақылдарының өсу және даму ерекшеліктері?
5. Көкөністердің тағамдық маңызын атаңыз?